Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Ақтүбек ауылының топонимикасы» туристік бағыты
[ Скачать с сервера (204.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
24.09.2019, 09:34

- Өлке тарихын шығармашылық жұмыстар арқылы дамуын қамтамасыз ету.
- Оқушылардың туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін жетілдіру.
- Туған өлкені сүюге баулу, туған өлкенің «өлкетану» саласын нығайту

Орталық-soroka-vorona_22%D0%BC%D1%8F%D0%B3%D0%BA%D0%B0%D1%8F-%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B5%D0%BC%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0%D0%BC%D1%8F%D0%B3%D0%BA%D0%B0%D1%8F-%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B5%D0%BC%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0%D0%BC%D1%8F%D0%B3%D0%BA%D0%B0%D1%8F-%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B5%D0%BC%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0Қазақстан Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы

Секция                       География

                                        (пәні)

Тақырыбы:                «Ақтүбек ауылының топонимикасы»

туристік бағыты

Орындаушы:              Ақтүбек жалпы орта біліім беретін 

мектебінің 8-сынып оқушысы

Дихан Гүлназ Нұрдәулетқызы

Ғылыми жетекшісі:   Балтабаев Нұрдәулет Диханұлы

география, тарих пәнінің мұғалімі

Ақтүбек жалпы орта

білім беретін  мектебі

Жаңаарқа ауданы              

 

Қарағанды     2018 жыл

Мазмұны:

 

  1. Жобаның мақсат, міндеттері                                                    3 бет
  2. Кіріспе                                                                                       4 бет
  3. «Ақтүбек ауылының топонимикасы» туристік бағыты                   5 бет
  4. «Ақтүбек»  атауы                                                                     6-7 бет
  5. «Бәйеш»  шоқысы                                                                     7-8 бет
  6. «Қыздарбек», «Асқарбек» төбелері                                        8-9 бет
  7. Алсай баба ескерткіш белгітасы                                                       9-10 бет
  8. Қорытынды                                                                              11 бет

Жоба мақсаты: Басқа мектептерден ерекшелейтін, мәртебесін арттыратын, жан-жақты дамығандығын көрсету үшін мектеп рәміздерін қалыптастыру. Сол рәміздің бір бөлігі ретінде мектебіміздің сурет түрбелгісін салу және көпшілікке түрбелгі арқылы Ақтүбек мектебін таныту.

Ақтүбек ауылының георафиялық орнымен, жер бедері және оның атауларымен танысу. Ішкі туризмді дамыту,  жандандыру. Біздің өлкеміздің тарихи-топонимдік атауларын игеру. 

Жоба міндеттері:

  • Оқушылардың туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін жетілдіру.
  • Туған өлкені сүюге баулу, туған өлкенің «өлкетану» саласын нығайту.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шыңдау.
  •  

Өзектілігі:

Өлке тарихын шығармашылық жұмыстар арқылы дамуын қамтамасыз ету.

Кіріспе

         Қазақстанның туризмді дамыту үшін де, шетелдік саяхатшыларды қабылдау үшін де үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар. Бізде қажеттілердің бәрі де бар – бай тарихи және мәдени мұралар, кейбір аймақтарда – қол тимеген жабайы табиғат, бұның бәрі туристік бағыттағы өлкетанымдық саяхаттар өткізуге қолайлы жағдай туғызады. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық тарихымыз да пәрменді көмек көрсете алады. Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану, оның ішінде әр түрлі бағыттағы туристік жобалар өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдаланып, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік бағыттары туралы жарнамалап шақыру арқылы өлкетану ілімін де жетілдіруіміз қажет. Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қазақстанның дамуына қосар үлесіміз ретінде, сіздердің назарларыңызға «Ақтүбек ауылының топонимикасы» атты  бір күндік саяхатымызды ұсынғымыз келеді. Бұл саяхаттағы туристік бағыт  ішкі туризмді дамыту,  жандандыру мақсатында, сонымен қатар біздің өлкеміздің тарихын игеру мақсатында жасалды. Бұл турдың құрамына  ересек тұрғындар мен өсіп келе жатқан жастар, оқушылар, сондай-ақ басқа да аймақтардың тұрғындары кіре алады. Бағыттың  негізгі жолы Ақтүбек ауылының маңына кіреді, өйткені ауылымыз саны жағынан кісі аттарына байланысты жер атауларына бай. Сондықтан да «Ақтүбек ауылының топонимикасы» деген атпен Ақтүбек ауылы -  Байеш шоқысы – Қыздарбек төбесі – Асқарбек биігі – Алсай баба ескерткіш тасы бағытындағы туристік бағыт жобасы ұсынып отырмыз. Туристік ағындардын, ритмі бойынша туризм жылдық және маусымдық болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Маусымдық – ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы. Ал, біздікі – маусымдық туризм бағыты.

 

«Ақтүбек ауылының топонимикасы» туристік бағытының жобасы

 

(1-сурет) Туристік бағыттың сызбасы

 

Саяхат түрi:                                   автобустық-жаяу
 

Ұзақтығы:                                     1 күн
 

Бағыттың ұзындығы:                 90 шақырым.
 

Бағыттың жұмыс уақыты:         маусымдық
 

Топ саны:                                                30 адамға дейiн.

 

Қосымша:                                      18 сурет

 

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Қарағанды, Жезқазған  қалаларынан рейстiк автобустармен жетуге болатын Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылынан басталады. Ақтүбек ауылының георафиялық орнымен, жер бедері және оның атауларымен танысу.

Ақтүбек – Жаңаарқа ауданындағы елдімекен ауылдың атауы. Ақ (сын есім) және түбек (зат есім) сөздерін біріктіріп жасаған атау. Бұл жердегі «Ақ» сөзі түр, түс, ауыспалы мағынада «ақ» - мол, ырыс, байлық дегенді білдіреді. Ал «түбек» сөзі географиялық тұрғыдан алғанда «үш жағынан су қоршаған жер» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, қазақ тілінде «түбек – баланыбесікке бөлегенде денесі, жаялығы былғанбас үшін бесікті тесіп орнатылған зат» (1)

Ата-бабалардың ізі қалған, аузы дуалылардың сөзі қалған, ұрпақтарының көзі қалған аяулы ата-қоныс – Ақтүбек. Бір кезде қаздай тізіліп, алты қанат ақбоз үйлер тігілген көшпелілердің көрікті мекені болған төскейі төрт түлік малға толған күндерінде алаштың айтулы күндері өтіп, күркіреп Кеңес дәуірі жеткенде Сарысуды сағалап, Атасуды бағалап, Құдайменде өзендерін жағалап бабаларымыз қыстау салып, бірте-бірте отрашылыққа да көндіккен киелі кеңістік еді. Бір-бірімен ежелден туысқан, қиын шақта үнсіз ұғысқан қазақтың бір бөлігі бірлікті ту етіп, заманның заңымен алақандай ордалы орталыққа айналғанАқтүбектен жұмыс тапты. Кетеуі кеткен Кеңестік кезең өтіп, егеменді ел болған жаңа заман жеткенде «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегенді түйсінген түтіні түзу ұшқан ауылдар «Ақтүбек ауылдық округі» болып бірікті.

Ақтүбек ауылдық округі Еуразия материгінің 70 бойлығы мен 48 ендігінде, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының жер аумағының орта кезінде, қазақтың ұсақ шоқылы даласында, шөл және шөлейт табиғи зонасында орналасқан. Орталығы – Ақтүбек елді мекені Жаңаарқа ауданының Атасу кентінен батысқа қарай 40 км., Қарағанды қаласынан – 240 км. жерде орналасқан. Селолық округтің жер көлемі – 182,2 мың га, солтүстігінде және солтүстік-шығысында – Байдалы би, солтүстігінде – Қарағаш, батысында Ш.Ералиев, шығысында – М.Жұмажанов атындағы селолық округтермен, оңтүстігінде – Қаражал қаласының жерлерімен шектеседі. Округтің аумағы арқылы Қарағанды – Жезқазған атокөлік тас жолы және Қарағанды – Жезқазған, Атасу – Қаражал темір жолдары өтеді. Ауылдың негізгі шаруашылығының негізгі бағыты – мал өсіру, қосымша бағыты – егіншілік. Өлкеміздің жер бедері жатаған таулы, күмбез, конус пішінді төбелі, адыр-қырқалы, ұсақ шоқылы жазық болып келеді. Денудация әсерінен мүжіліп, абсолютті биіктігі 100 метрден аспайтын ескі тау жұрнақтары көп. Жер бедері солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай еңіс келеді және өзен аңғарларына қарай төмендей бастайды. Тау жыныстарынан құрылған шоқылар бір-бірінен қырқалы ойыстармен, өзен аңғарларымен, иірімді қыраттармен бөлінген. Ақтүбек жерінің топырақ жамылғысы шөлейт және шөл табиғи зонасына тән. Олар: қоңыр, сұрғылт, шалғынды-қызғылт топырақтар, сортаңдар мен құмдықтар. Климаты жалпы шұғыл континентті, қысы қатаң суық, жазы ыстық.

Қазақстан Республикасы бойынша «Ақтүбек» атауы біздің ауылдан басқа екі жерде мекен атауы болып кездеседі. 1. Ақтүбек – ауыл, Қарағанды облысы Нұра ауданы. 2. Ақтүбек – ауыл, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы.

(2-сурет) Ақтүбек ауылының бейнесі

 

Бәйеш – шоқы, биік. Абсолютті биіктігі 509 метр. Ақтүбек ауылынан 5 километр жерде орналасқан. Руы – Алтай Алсай. Осы рудың белгілі батыры болған. Ел басқару ісіне араласқан. 1809 жылы дүниеге келген. 1824 жылы Алсай болысының Бигелді руының старшыны. 1837 жылы 18 қыркүйекте Алсай болысының билеушісі болып сайланған. Қоқан хандығымен күрескен батыр. Шапқыншылық кезінде қаза тауып, Бәйеш батырдың сүйегі жау жерінде қалып қойған. Қасында болған серіктері, жерлестері батырдың шынашағын ғана алып келіп, ерлігін ұрпаққа өнеге етіп, осы шоқының басына шынашағын көміп, басына күмбез орнатқан. Бәйеш шоқысының басында тұрып қарасаңыз жан-жағы алақандағыдай анық көрінеді. Адам есіміне байланысты бұл төбеге іргелес жақын орналасқан жерлер – Шоқат қыстауы, Әлмен бидайығы. Шоқат – қыстау. Бәйеш шоқысынан 3-4 километр қашықтықта орналасқан. Алтай Алсай руынан шыққан Ақмағанбет баласы Шоқат ХІХ ғасырда өмір сүрген. Қыс қыстауына да байланысты осы кісі атауымен аталатын жер атауы. Бұл кісінің бейіті де қыстау басында. Әлмен бидайығы кейде Әлмен деп те аталатын жер Бәйеш шоқысынан 2-3 километрде жатыр. Алтай Алсай руының байы Әлменнің жаз жайлауы болған  жері. Бұл жер көктемдегі қар және жаңбыр суы, Сарысу өзені шамадан тыс арнасынан асқан суларының мол жайылып жиналатын ойпаң келген жер. Жаз айлары болғанда бұл жер құрғап қалады да, бұл жерге бидайық шөп өседі. Бидайық – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. (1)

(3-сурет) Бәйеш шоқысының суреттері

Қыздарбек – төбе, ескі елдімекен. Ақтүбек ауылынан 2 километр жерде орналасқан. Алтай Алсай руынан шыққан, атақты Бәйеш батырдан туатын Қыздарбек ХІХ ғасырда өмір сүрген. Қазіргі Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылының Желтау өңірінде дүниеге келген.

Тарихқа сәл көз жүгіртсек, Тәттімбеттің тәлімгері, әйгілі күйші Тоқа Шоңманұлы. Ол 1830 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келген. Елі — Орта жүз, Арғын, оның ішінде Қуандық руынан болады. Тотаңды (Арқа елі Тоқаны осылай атаған) Арқадағы Тоқа деген рудан ажырату үшін үзеңгілестері оны Сайдалы Сары Тоқа деп атаған. Сайдалы Сары Тоқаның «Азамат», «Аққу», «Айдос», «Алшағыр», «Белшешер», «Бозайғыр», «Жалғыз ішек», «Жолдықоңыр», «Қосбасар» (3 нұсқасы бар), «Ерке қыз», «Сарыжайлау», «Сарыөзен», «Төрт толғау» (4 тармақтағы күй), «Терісқақпай», «Тоғыз тарау» және тағы басқа сыршыл күйлері бар. Сайдалы Сары Тоқаның күйлерін ел арасына насихаттаған ізбасарларының бірі – Қыздарбек Бәйешұлы еді. Қыздарбек 1833 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Желтау, Қоңыртау деген жерде дүниеге келген. Қыздарбек күйшілігімен қоса, 17 жасында орыстармен бірігіп, олардан қару-жарақ, зеңбірек алып, әкесі Бәйеш батырды өлтірген жаулармен соғысып, батырлық танытады. Қыздарбек шығарған көптеген күйлер саяси репрессия тұсында шеттетіліп, Қаракесек күйші Қыздарбекке ауысып кетеді. Бірде Қыздарбек Сайдалы Сары Тоқамен күй тартысып, 77 күйден соң тұрып кетеді. Сол кезде ел шуылдап: “Қыздарбек жеңілді, күй таба алмады“, — дегенде, Тоқа тұрып: „Е, Қыздарбек, 77 күй тартқанда, 1 күй таба алмады дейсіңдер ме, ол менің үлкен жасымды сыйлады ғой“, — деген екен. Сайдалы Сары Тоқаның үздік шәкірттерінің бірі болған Қыздарбектің «Өткінші», «Мұң» қосбасарлары – шертпе күй мектебінің ең бір сыршыл, мұңшыл шығармалары болып табылады. Қыздарбек Бәйешұлы қайтыс болғаннан кейін денесі Ақтүбек ауылының жанындағы биіктігі 500 метр төбенің ұшар басына жерленеді. Сол заманнан бастап бұл төбе – Қыздарбек төбесі немесе Қызекең деп аталып келеді.(1)

(4-сурет) Қыздарбек төбесінің суреттері

Асқарбек – төбе, биіктігі 469,2 метр. Көне заманғы мешіттің орны. Төбе басында Әлмен баласы Асқарбек бейіті бар, сондықтан Асқарбек төбесі немесе Асекең деп атайды жергілікті халық. Ақтүбек ауылынан батысқа қарай 5 километр жерде орналасқан. Асқарбек Әлмен баласы ХІХ ғасырда өмір сүрген өз заманындағы белгілі тұлға. Ел ішінде айтқыштығымен, сөзге шешендігімен көзге түсіп «Алсайдың Қызыл жорғасы» атанған.(1)

(5-сурет) Асекең төбесінің суреттері

Алсай баба ескерткіш белгітасы. 2007 жылдың тамыз айының 25 жұлдызында Арғын – Қуандық – Алтай баласы Алсай бабаға Ақтүбек жерінде Дома ас берілді. Осы аста Қарағанды облысы Балқаш қаласында дайындалған салмағы сегіз тонна Алсай бабаға арналған белгітас орнатылды. Тастың ортасына ойып орналастырылған таңбалы  габбро тасы Украинадан жеткізілді. Сапасы жағынан әлем елдерінің алдыңғы қатарында қолданылатын бұл тасқа ХVІ ғасырда өмір сүрген Алсай бабаның : «Ұрпақтың ұйымы, жұрттың жиыны – Бірліктің босағасын болаттан соғумен тең» - деген ұранды сөзі жазылды.  Ас өткізудің бағдарламасына сәйкес белгітас 2007 жылдың тамыз айының 25 жұлдызында сағат 9-00-де салтанатты түрде академик Серік Қирабаев пен Жаңаарқа ауданының әкімі Серік Шайдаровтың ленте қиюымен ашылды. Алсай баба асында ашылған белгітас әкімшілік және мемлекеттік мекемелердің келісімімен заңдастырылды. «Алсай асының» бағдарламасына мынадай шаралар енгізілді: 1. Белгітас орнату; 2. Ақындар айтысы; 3. Балуан күресі; 4. Ат бәйгесі; Және 30 киіз үй тігіліп, 150 үстел ас дайындалды. Ас өткізу бағдарламасының жасалған жоспарына енгізілген жаңашылдық, жазба ақындардың мүшайрасына негізделген аймақ ақындарының айтысқа қатысқан 8 ақынмен араласа ода жырларын оқыды. Балуандар күресіне екі салмақ дәрежесінде 47 балуан қатысты. Сондай-ақ ат жарысына қырық төрт ат қатысқан сәйгүліктердің аламаны болды. Міне, бұл аста орнатылған белгітас та өлкеміздің тарихын паш етер мәдени ескерткіштердің бірі деп есептеймін.(4)

(6-сурет) Алсай баба ескрткіш белгітасының суреттері

 

Қорытынды

         Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Балалар мен жасөспірімдер туризмі, ішкі туризмді дамытудың және туристік  мәдениетке тәрбиеленудің негізін қалаушы факторлардың бірі ретінде қарастырылған. Мектеп оқушыларын бала жастан пәрменді түрде туризмнің әр түрімен айналысуға тарту, азаматтық сезімге, туристік мәдениетке тәрбиелеуге мүмкіндік береді» деп елімізде балалар туризмін дамыту стратегиясын  айқындап берді.

         Біздің алға қойған мақсатымыз - мектеп оқушыларының және басқа да тұрғындар арасында туристік-өлкетану жұмыстарының белсенділігін  арттыру арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, қызығуы мен қалауына, демалыстарын тиімді өткізуге, танымдық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу. Туристік бағыттағы жорықтар танымдық тәрбие берудің бірден-бір ықпалды жолы. Туристік  жорық оқушылардың жалпы адамдардың ой-өрістерін кеңейтіп қана қоймай, білуге деген құштарлығын, белсенділігін, төзімділігін, жанашырлық достық қарым-қатынастарын нығайта түседі.

Біз бүгінгі ескі сарайдың егесі болып ғұмыр кешіп жатсақ та, ертеңгі ұрпақ үшін бір уақытта бабаға айналарымыз ақиқат. Болашақ үшін ұран болмасақ та, соларға кешегіні келешекке жалғаған, жақсы атадан қап кеткен жәдігердей жақын болатынымыз да рас. Бағамыз да, парасатымыз да солардың таразысына тартылары даусыз. Ал болашақ сүйеніп өсер өлкеміздің өнегелі тарихын біз насихаттауымызға тиіспіз. Оларға өзінің өзегі барын, өзінің өміршең өнегесі барын, бағыт алар бағдаршамы барын құлағына құйып, көзіне көрсету бүгінгі біздің борыш.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі :

  1. «Атамекен-Ақтүбек», Ібірахым Ісләмұлы,Берік Серікбайұлы,Жомарт Қызбалаұлы 2011 жыл
  2. «Жаңаарқа энциклопедиясы»  Асан  Жұмаділдин , 2005 жыл
  3. «Қасиетті  мекен  Қараағаш» ,  Қарағанды,  2009 жыл
  4. «Алсай асы», Т .Жаманов 2007ж.
Категория: География
Просмотров: 1938 | Загрузок: 412 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]