Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Білімділер еліңе саяхат! Не үйрендік? Не білдік?»
[ Скачать с сервера (35.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
26.05.2017, 12:52

Балабақшадағы қорытынды сабақ. Білімділер еліңе саяхатү не үйрендік? Не білдік?


Сабақтың тақырыбы: «Білімділер еліңе саяхат! Не үйрендік? Не білдік?»
Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау, 5 сала бөлімдеріңе тоқтап, үйренген білгеңдерің қайталу, пысықтау.
Сандарды тура және кері санап, геометриялық пішіндерді ажыратып, логикалық тапсырмаларды шешу;
табиғат,жыл мезгілдерің, өлі және тірі табиғатты ажырата білуге, атауға үйрету; сөйлеу барысында, әңгімелеу,ертегі мазмұнын айту кезінде сөздерді байланыстыра білуге, сөздің қорларын молайту; орыс тілінде сөздерді атау;
дидактикалық ойындар арқылы қоршаған орта, экология туралы түсініктерің қалыптастыру;
сурет салу кезінде щығармашылық қабілеттерін арттыру, музыкаға деген қызығушылықтарын ояту;
дене бітімдерінің дұрыс дамуына, түрлі жаттығуларды нұсқау бойынша орындауға жаттықтыру.
Балалардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай біліп, көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгіме, тапсырмалар, ойындар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: әр сала, олардың тапсырмалары бойынша қажетті көрнекіліктер; үлестірмелі материалдар, магнитафон, кейіпкерлер
Сабақтың барысы:
Ұйыдастыру:
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, бізге апайлармен бірге ата-аналарымыз да қонаққа келіпті. Қанеки шаттық шеңберге тұрайық:
Шаттық шеңбер: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Рано солнышко встает,
Детский сад дети зовет
Детский сад, детский сад
Принимай своих ребят.
-Жарайсыңдар балалар. Балалар ата-аналарымыз, ұстаздар неге келіп отырғаның сендер білесіңдерме?! Әрине, олар сендердің не оқып, не үйренгендеріңді қарап, білімдеріңді тексеруге келген. Қанеки ендеше ақылды, білімді екенімізді көрсетейік. Балалар, Білгішбек сендерге хат беріп жіберіпті, хатты ашып оқиды: -Сәлеметсіңдерме балалар! Жаз мезгілі де келді. Сеңдердің мектепке баратын сәттеріңде жақындады. Ендеше мен сендерді Білім аралыңа саяхатқа шақырамын, мына карта бойынша келіңдер. Түрлі тапсырмалар орындап, ойындар ойнап, мектепке барайық. Мектепке барғыларың келе ме? Ендеше мен сендерді өзімнің аралымда күтемін.
(кемеге отырып, аралға келу. Білгішпек шығады, балалармен амандасып)
Білгішбек:Қанеки ендеше саяхатымызды бастайық. Бұл аралда түрлі ойындар, тапсырмалар өте көп. Уақытымыз қызықты өтеді және сендерді мектепке алып барамын. Алдымыздан 5 қақпа шығады, сол қақпаларды ашып мектепке жетуіміз керек. Әр саланың тапсырмаларың орындасаңдар, кілт алып отырасыңдар, Кілттерді жинап болған соң, сол кілтпен мектеп қақпасының есігі ашылады. Мектепке барғыларың келема? Ең бірінші қақпаны ашу үшін, Ендеше мына сұрақтарға жауап беріңдер?
1. Толық аты-жөнің? (2-3 бала жауа)
2. Жасың нешеде?
3. Қандай балабақшаға барасыңдар? Топтарың қалай аталады?
4. Қай қалада, ауылда тұрасыңдар? (әр баладан жауап алып, картаны ашады)
(картадағы суретке сәйкес сурет табу арқылы, әр салаға барады)
1 Қақпа: Таным саласы:
Білгішбек: Өздерің ақылды екенсіңдер. Тез тауып алдыңдар ғой. Бұл Таным саласы, бұнда аралдың есеп шығарғыш құрастырғыш білімді балдары тұрады. Ой мына жер шашылып қапты ғой, мына ағашты сындырып, жапырақтарың жұлып тастапты ғой, Дымбілмес келіп шашып кеткен болар. Енді қайтсем болады?
-Балалар Білгішбекке көмектесейік. Шашылып жатқан нелер балалар?
-Геометриялық пішіндер
-Геометриялық пішіндерден не құрастыруға болады? (қақпа,есік,машина,үй)
-Ендеше біз машина құрастырайық. Құрастыру үшін, мына пішіндердің артында тапсырмалар жасырынып тұр екен, соларды орындап рет-ретімен құрайық.
Дөңгелек (шеңбер)- 1-5 дейін тура және кері сана; 1-5 ке дейін орыс тілінде санай аласыңба?
Төртбұрыш- 1. табақта 3 алма, 2. Алма ағашта 5 алма,
Қолымда 2 алма Қандай жақсы жесе алма
Қосқанда барлығың Бесеуің де жеп қойсақ
Болады неше алма? (5) Қалады неше алма? (0)
Үшбұрыш: санамақ білесіңбе, балақай? (санамақ айту)
Білгішбек: Жарайсыңдар балалар! Енді мына ағашымды нестем болады? (көңілсіз)
Тәрбиеші: Балалар ағаштарға, гүлдерге біз қалай көмек береміз?
-су құямыз, баптаймыз
-Қанеки мына ағаштың жапырақтарын тағып берейік, қамқорлық жасайық. Жапырақтардың артында да тапсырмалар бар екен. Орындаймызба?
Сұрақтар: -Табиғатқа нелер жатады?
-Адам өмір сүруі үшін не қажет?
-Дене мүшелерің ата?
-Сезім мүшелеріңе нелер жатады?
-Жыл мезгілдерің ата?
-Үй жануарларыңа жататын жануарлар?
-Өсімдік өсу үшін не қажет?
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Судың қасиеті (күйлері)
-Қанеки Білгішбекке тақпағымызды айтып берейікші.
Балалар: Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз.
Білгішбек: Сеңдер неткен ақылды, қамқор балалар едіңдер. Рахмет көп-көп! Мінекей келесі қақпаны ашу үшін сеңдерге мына кілтті беремін.
2-қақпа: Коммуникация саласы:
(алдарынан қолында корзинасы бар Маша шығады)
-Сәлем, сәлем достар. Қайда бара жатсыңдар?. Келесі қақпаны ашатын кілттің қай жерде екенің мен білемін. Ол үшін маған көмектесіңдер? Сосын мен сеңдерге көмектесем. Ол үшін мына корзинадағы жемістер мен көкөністерді бөліп салу керек. -Что это? Это яблоко
-Что это? Это картошка
(осылай орыс тілінде атап, екі корзинаға бөліп,салып береді)
-Жарайсыңдар Мен қызықты ойын білемін. Соны ойнағым келіп тұр? Ойынның шарттарымен танысу үшін, мына ертегілерді танып, аттарын айтуымыз қажет.
Тапсырма: Сен білесіңбе? (сурет бойынша ертегіні тану)
Стишок:
Ветер дует нам в лицо
Закачалось деревцо
Ветерок все тише, тише (ручками по полу)
Деревцо все выше, выше Маша: Ақыды екенсіңдер. Қанеки ойынымызды бастайық. Ол үшін бізге қасқыр және өаздар керек. Қасқыр-волк; қаз-гусь. Волк какой? злой
Шарты: 4 қасқыр қалғандары қаздар болады. Бастаушы қожайын болып, диалог оқылады, қаздар қожайынға жету керек. Ұсталып қалғандар, қасқыр болады:
Диалог: Гуси – гуси -Га га га
-Есть хотите?. –Да,дада!
-Хлеба с маслом? –Нет!
-А что вы хотите? -Конфетку
-Так летите скорее!
Маша: Ой сендермен күшті болып серігіп қалдымғой және де маған көмектестіңдер. Рахмет сендерге! Мінеки келесі қақпаның кілті. Сау болыңдар!
3-қақпа: Әлеуметтік саласы:
Білгішбек: Мына қораптың ішінде жұмбақтар жасырынған екен. Соларды шешейік.
Күмiс қанат, сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)

Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
-Бұл жұмбақтар не туралы? Әрине мамандықтар туралы. Өскенде кім боласыңдар балалар. Мамандық туралы тақпақ білемізбе? Қанеки айтайықшы.
Дәрігер:Ақерке Ұшқыш: Әли
Мен дәрігер боламын Ар- намысын сақтаған
Үлкеннің де баланың Жүректе сыр сақтаған
Қиналғанда қасына Жан тәнімен жаттаған
Бірінші боп барамын Ұшқыш болғым келеді
Инженер: Исрайыл Ақын: Еркеназ
Мен инженер боламын Ал мен ақын боламын
Жерден алтын табамын Сусылдаған қаламым
Жолын қуған әйгілі Адамдардың жүрегін
Академик ағаның Жырмен жаулап аламын
Агроном: Дарын Мұғалім:Айзере
Нан беремін баршаға Мен үлкейіп толамын
Жер маманы болам мен Сонда осы ауылдың
Барып жүрмін бақшаға Бөбектерін оқытып
Агроном ағаммен Мұғалима боламын
Суретші: Айсұлтан Дәрігер: Бекайдар Спортшы: Әбдірахман:
Мен суретші боламын Мен дәрігер боламын Кім боламын?
Бәрің де саламын Бәрін емдеп жазамын. Әлде спортшы боламба?
Марапатқа ие болып, Адамдарды құрметтеп Жарыстарға қатысып,
Бірінші орын аламын Бәріңе ие боламын Медаль алып олжалы
-Жарайсыңдар балалар Армандарың орындалсын. Енді мынандай ойын Дидактикалық ойын: «Кімге не керек? »
4 қақпа: Шығармашылық саласы:
(өлең айтып, сурет салып, Суретші Қыз отырады)
-Сеңдер кімсіңдер? Өлеңімнің қай жеріңе келгенің ұмытып қалдымғой.
Білгішбек: Суретші бұлар мектепке бара жатқан балалар. Келесі қақпаның кілтін алу үшін келді, мен оларды ертіп келдім. Өздері сондай ақылды. Қолдарынан бәрі келеді.
Суретші: бәрі келеді ме? Ааа жарайды, ендеше маған көмектессің, менің тапсымаларымды орындасын. Сосын келесі қақпаның кілтін беремін.
Сурет салу: тапсырма: әр балаға түрлі суреттер беріледі, олар оны бояп, түстерің ажырату керек.
-Жарайсыңдар. Мен сурет салып отырып, өлең айтқанды жақсы көремін. Қанеки көңілді бір өлең айтып, келесі қақпаға барайық.
Хор: « »
-Жарайсыңдар. Өздерің ақылды, білімді, әнші де екенсіңдер. Жолдарың болсын.
5-қақпа: Денсаулық саласы:
Білгішбек: Бұл Денсаулық саласы, бұнда спортсүйгіш балалар тұрады.Сендер спортпен шұғылданасыңдарма? Қанеки ендеше мына музыка әуенімен, жаттыңулар жасайық.
Тәрбиеші: О жарайсыңдар менің ақылды балаларым. Мінеки бүкіл кезеңнен өтіп мектепке де жеттік. Қанеки есігің ашайық. (Мектеп ішінен балаларға түрлі кәтаптар, оқу құралдары беріледі) бұлар оқу құралдары. Сеңдер мектепке барған соң бұларды қажет сабақтарға пайдаланасыңдар. Жазғы демалыс біткен соң, 1-ші қыркүйек күні әп-әдемі болып мектепке барасыңдар. (әр балаға жұлдыздар тағып, марапаттау)Балалар: Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
-Сау болыңыздар. Осымен Білім еліңе саяхатымыз аяқталды.

 

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 5003 | Загрузок: 137 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]