Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Тәуелсіздік, Ел, Отан туралы шағын шығармалар.
[ Скачать с сервера (35.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Шығарма]
03.12.2017, 17:01

Оқушылардың авторлық шығармалары. Шығарма мазмұны арқылы патриоттық тәрбиені түсіну,өз еліне ,жеріне деген құрметті білдіру.

 

1 оқушының шығармасы:
Бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге мың алғыс...


1941 жыл 22 – маусым тарихта мәңгі қалған күн. Осыдан 72 жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Төрт жылға созылған қан майдан ешкімді аяған жоқ.Сұрапыл соғыста еңбектеген баладан,еңкейген кәріге дейін тыным таппады. Оны көзімен көргендер ғана айта алады.Соғыс-күйретуші күш.Барды жоқ ететін,тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет.Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ.Соғыс жылдарының соңы жетті.Соғыс бітсе де, ата-бабаларымыз өз туғандарынан, ата-аналарынан айырылды,олар соғыс отында қаза тапты.
Мен қазір өмір сүріп отырған бейбіт өмірге қуанамын.Мен осы бейбіт өмірімді жоюға ешқашан жол бермеймін. Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл.Соған орай,көптеген мерекелер ұйымдастырылып жатыр.Біздің мектеп - гимназиясында түрлі сурет сайыстары,мерекелік шаралар өтіп жатыр.Мен де мерекеге арнап, Жеңіс күні атты өлең жаттадым. Бұл өлеңді кітапханада өткен мерекелік кездесуде:
Сарғая күткен ұлы күн,
Шұғыласы бүгін жарқ етті.
Бағына талай миллионның
Баянды Жеңіс күн жетті – деп Ұлы Отан соғысында қаза болған ата-апаларымызға арнап оқыдым. Біздің ауданның майдангер ардагерлерін білдім.Осы бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге ұзақ өмір,мықты денсаулық тілеймін.
Енді ешқашан соғыс деген атты естімесін. Біз Тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз, осы күн ата-бабалардың күшімен келді. Еліміз тату-тәтті, ашық аспан астында өмір сүрсін деп тілеймін және де біз ардагерлерді құрметтеуіміз керек.
Кусаинова Дильназ 10 жаста
4 «ә» сынып оқушысы


2 оқушының өзі шығарған өлеңі:
Ризамын


Соғыста қаза болған өз аталарымның рухына арнаймын.
Төрт жыл бойы ұрыста
Қиындыққа шыдаған.
Елімізді қорғаған,
Аталарға ризамын.

Елін сүйген ұландар,
Жанын берген батырлар.
Бейбіт күнді сыйлаған
Ерлігіңе мың алғыс.
Тортулова Диана 10 жаста
4 «ә» сынып оқушысы


3 оқушының шығармасы:
«Рәміздер – елдігімнің белгісі»


Мен елімнің Рәміздерімен мақтанамын.Біздің Рәміздерді жасау үшін ағаларымыз көп еңбектенді.Бүкіл елдер рәміздеріміз арқылы біледі.
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.- деген өлең жолдары ту туралы айтылған.Тудың сол жағында сары түсті ою,ортасында күн және қыран құс бейнеленген.Тудың авторы Ш.Ниязбеков.Туды Мемлекеттік мерекелерді,салтанатты жиналыстарды шығарады.Біз туға қарап тұрып әнұран шырқаймыз.
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым! – деген өлеңді елтаңбаға арнап жазған ағаларымыз.Бұл елтаңбаны сипаттап,оның қасиетін түсіндіріп тұр.Елтаңба авторы Ж.Мәлібеков.Шаңырақ,жұлдыз,Қазақстан жазуы,қанатты пырақ бейнеленген елтаңба мемлекеттік орындарда ілініп тұрады.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.- деген өлең жолдарынан әнұран туралы айтылғанын түсінемін.
Қолымызды жүрек тұсымызға қойып,әнұранды әр дүйсенбіде,мемлекеттік мерекелерде айтамыз.Әнұранда біздің ел туралы жазылған.Әнұран авторлары Ш.Қалдаяқов.Н.А.Назарбаев.Ж.Нәжимединов.
Рәміздердің шығу тарихыда бар.Баяғыда ру,тайпаларды өз таңбаларына қарап ажыратқан.Әр тайпаның өз таңбасы болған.Біз Тәуелсіз Қазақстанда өз Рәмізіміз бар.
Қазақстан Республикасының ұлттық Рәміздері еліміздің Тәуелсіздігінің белгісі.Мен өзімнің еліммен,Отаныммен,Қазақстаныммен мақтанамын.Біз осындай керемет елде тұрып жатқанымызға Ұлы бабаларға,ер жүрек апа-аталарымызға алғыс айтамыз.
Еліміздің туы биікте болсын,елтаңбамыз төрде тұрсын,әнұранымыз шырқала берсін деп тілеймін!
Калиахмет Сабина 10 жаста
4 «ә» сынып оқушысы

4 оқушының шығармасы:
«Рәміздер - елдігімнің белгісі»
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң,Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.- деп басталатын өлең жолы біздің бақытты өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді.
Менің елім – Қазақстан.Мен осындай елде туып,өсіп келе жатқаныма қуанамын. Менің елім көп қиындық көрді.Біз оны оқып-білуіміз керек деп ойлаймын.Осы керемет күнге жету үшін еліміз көп күтті.
Елімнің өз Рәміздері бар.Рәміздеріміз арқылы барлық мемлекеттер таниды.4 маусым күні – Рәміздерге 25 жыл толады.Әр рәміздің авторы бар.Олар көп еңбектеніп,елімізді таныту үшін біраз жұмыс жасады.Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков,Шота Уәлиханов.Әнұранның авторлары: елбасымыз Н.А.Назарбаев,Ж.Нәжимединов,Ш.Қалдаяқов.Әр рәміздің өзінің мәні бар.Туымыздың бетінде оюмен,нұрлы күн бейнеленіп тұр.Күніміздің астында бүркіт бейнеленген.Көгілдір тудың астында барлық халықтар достық,бейбітшілікпен өмір сүреміз.
Елтаңбаның нұры - шаңырақ.Бір отбасындай шаңырақтың астында халықтар өмір сүретіндігін бейнелейді.
Әнұран авторлары отанға,елге,туған жерге деген жақсы сөздер жазған. Әнұранды орындап біз отанымызға деген махаббатты көрсетеміз.
Еліміздің Басты белгісі-рәміздер.Біз Рәміздерді біліп,құрметтеп жүреміз.

Касенова Махаббат 10 жаста
4 «ә» сынып оқушысы

 

 

Категория: Шығарма
Просмотров: 1386 | Загрузок: 44 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]