Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы". (1 желтоқсан)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
29.11.2018, 19:41

1- желтоқсан - Елбасы күні 

Қазақстан Республикасының Президенті -Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев . Халқымыздың ертеден келе жатқан «Хан біреу болу керек, қалғандары тіреу болу керек» деген есті сөзі бар. Оның мәнісі, қазіргі қисынға жүгінгенде, тарих тегершігін айналдыруда жеке тұлға, ел көсемінің алар орны айрықша зор дегенге саяды. Бұл – бір қазақ емес, әлемнің бар халқы мойындайтын ақиқат.ХХ ғасырдың соңында «өлгені тіріліп, өшкені жанған» Қазақ елінің жаңа тәуелсіз мемлекетінің негізін қалаушы - Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Президент туралы әңгімелегенде, мұның өзін Елбасымыздың кешегі өткенімен, шыққан тегі мен өскен отбасынан бөліп алып қарау жөн емеситігі белгілі. Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны туған ел тағдырымен тығыз астасып жатыр. 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі жандар болған. Сәбиге ат таңдаудың өзі үлкен бір хикаяға айналды. Ат қою рәсіміне жиналған ағайын-туыстың барлығы да түрлі есімдерді тұс-тұстан айта бастайды. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын», дейді.

Әбішұлының мамандығы - металлург. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Немересіне ат қойған сәттен бастап, Мырзабала әже немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Өсе келе ға қазақтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы жиі әңгімелеп беретін болған. Отбасында Сұлтан деп аталған баланың бүлдіршін шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерге тұспа-тұс келді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтарымен қатар, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Отбасының татулығы, бауырлары, әке-шешесінің үнемі айтып отыратын әндері – оның бала күннен бергі көз алдында мәңгі сақталған көріністер.
жастық шағын Теміртау мен Қарағандының домна пештерінде болат балқытуға, Днепродзержинскідегі құрыш білек әріптестерімен тәжірибе алмасуға және өз ортасының жас лидері ретінде небір жалынды істердің ұйытқысы болуға арнады, спортпен шұғылданды. Ерте есейіп, басшылық қызметтерге де ерте араласты. Қырыққа жетпей, ел басшылығына ілікті. Қырық төрт жасында Үкімет төрағасы атанды.
Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды.

Елдің Ата заңы кен мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы, Қарулы Күштері мен Ішкі әскерлерінің саяси және экономикалық құрылымының, ішкі және сыртқы саясатының айқындалуы, әлемдік аренаға шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан қолдауға ие болуы, Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып енуі Президент есімімен тығыз байланысты.Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, тұңғыш ұлттық валютамыздың шығуы, астананың көшірілуі, Семей атом полигонының жабылуы мен шетелдердегі қазақтардың Отанына оралу көші - бұл да Елбасына тікелей қатысты тарихи оқиғалар.

Біз бүгін аса маңызды тарихи кезеңді бастан кешіп отырмыз. Бәріміз асыға, сарғая күткен күн енді тарих жылнамасына енетін болды. Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары қазақ елінің шежіресінен ойып тұрып орын алатынына күмән жоқ. Өйткені, бұл кезең - ежелден еркін жүріп, еркін тұрып үйренген бұла халықтың басқа түскен бұғалықты серпіп тастап, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болуға бет бұрған кезеңі: өйткені, бұл кезең – қазақ халқын, Қазақстан Республикасын дүйім дүние түгел танып, еліміздің өркениетті әлемнің ең мәртебелі халықаралық қауымдастығы- Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылданған кезеңі. Осының бәрі де айналасы екі –үш жылдың жемісі. Сәтін салса, сұқ көзден, суық сөзден сақтаса, қазір халықты қинап тұрған жоқшылық та, қымбатшылық та өтер деп кәміл сенемін. Олай дейтін себебім – тағдырдың талай – талай теперіштеріне төзіп, дала өмірінің даналығын санаға сіңірген ұлтымыз бар, бір – бірімен қоңсы қонып, сыралғы болып кеткен, ежелден татулықты ту еткен көп ұлтты халқымыз бар. Олай дейтінім - ата – бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған ұлан – байтақ жеріміз, сол жердің астында да, үстінде де тұнып жатқан байлығымыз бар. Бізде туған елімізідің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының жан –жақты ойластырылған стратегиясы бар.

1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

Құдіретті Феникстей , «мың өліп, мың тірілген» қазақ елінің жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етіп, өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында да төл рәміздер дүниеге келген сәттер ерекше орын алады. Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты – басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы - осы. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмарындай қасиет тұтуы қажет.

Дүние жүзінде үлкенді – кішілі мемлекеттердің барлығында бірін – бірінен ажыратып тұратын әрі өзіндік бет – бейнесін айқындайтын нышан белгілері болады.

1992 жылдың 4 маусымы ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып, тарихта қалары - ақиқат. Тәуелсіздік жолындағы күрес жайын жылнамалаған жас ғалым бұл күнге соқпай кетуі мүмкін емес. 2004 жыл 4 маусым ел басшысының жарлығымен Мемлекеттік рәміздер күні леп белгіленді. Бұл мерекенің жөні ерекше, өйткені әрбір азаматтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы аса зор. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып : «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!».

Теңге тарихына көз жүгіртер болсақ, сонау палеолит дәуірінің өзінде - ақ айырбас жүргізілгені белгілі. Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесінің де өз шығу тарихы бар. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтыен арнайы жұмысшы тобын құрды. 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңгеміз бірінші рет айналымға енгізілді. Ұлттығымызды айғақтайтын бұл күнді Қаазқстан тарихындағы ерекше күнт деп айтуға толық негіз бар. Уақыт өте келе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгеміздің қорғаныс қабілетін бұрынғыдан да жетілдіре түсіп, жаңа үлгісін дайындады. Ол 2007 жылдан бастап айналымға енгілді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Ата заңы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ата заң мемлекетт тұрақтылығының құқықтық кепілі, қоғам дамуының пәрменді құқықтық іргетасы саналады. Ата заң бәрінен бұрын мемлекеттің саяси құрылымы туралы басты құжат болып табылады. Басқа заңдар соның негізінде туындайды. Ата заңда Қазақстан азаматтарының тең құқықтылығы, сонымен бірге Қазақстан жерінің біртұтастығфы , бөлінбейтіні және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық екендігі жазылған. Ата заңның орындалуына ел Президенті кепілдік береді. Өтпелі кезең жағдайынан кейін жаңа ата заң қабылдауына әкелді.

Ата заңның жобасы бүкілхалықтық талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанынан кейін – ақ шын мәнісінде оның жұмысына бүкіл ел кірісті деп айтуға болады. Қазақстанның барлық түкпір түкпірінен жобаға қатысты күнделікті түсіп отырған ұсыныстар бойынша мәліметтер топтамасы жасалынды. Ата занның жаңа юобасын талқылауға 3 миллион 345 мыңнан астам қазақстандық қатысып, 31886 ұсыныстар мен ескертулер жасады, соның нәтижесінде жобаның 98 бабының 55- іне 1100 түзеулер мен қосымшалар енгізілді, сол сияқты Ата заңға жаңа тарау мен бірқатар жаңа баптар қосылды. 1995 жылғы Ата заң шын мәнінде халықтың ерік- жігерінің көрінісі болды, ал Қазақстан халқы негізгі заңның қосалқы авторына айналды. Ата запң негізінде жаңа заңнама қалыптасты. ртылған конституциялық құқық жасалды. Біздің Ата заң - бұл шынайы өмірдің айнадағы көрінісі емес, қоғам мен мемлекеттің қандай жағдайда болу керектігінің көрінісі.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың болашығы үшін жасалған игі қадамдардың бастауы болатын.

Қазақстанның орталық астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру мәселесі жас мемлекетіміздің әлі бекіп, бұғанасы қатпаған жетіспеушілік, қиыншылықтары мол өтпелі кезеңде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тарапынан алға қойылған үлкен мақсаттардың бірі еді. Алғашында көпшілік бұл ұсынысты өте асығыстық деп топшылып, бірден қостай кетпеді.

Әр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Бұл алтыншы шілде. 1994 жылы Парламент астананы ауыстыру туралы ұсынылған күн дәл сол күн. Қазақстанның жаңа нысаны ретіндегі жаңа астанасын құру – бұл орасан зор еңбек.

жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласының салтанатты тұсаукесері болды. Астананың өзгеруін Қазақситан жұртшылығы, әлемдік қауымдастық мақұлдап, ризашылық білдірді.
Астананы ауыстырудың басты себебі - мемлекеттік дамудың перспективаларын толықтай жүзеге асыру болып табылды. Астана құрылысының бас жоспарын жүзеге асыру жаңа орталық құрылысынан басталды. Астананың жаңа орталығында «Бәйтерек» монументі тұрғызылды. Композицияның негізгі ұстап тұратын бөлігі алып ағаштың діңін бейнелейді, ал композицияның жоғарғы бөлігінде үлкен шар - аспан. «Астана - Бәйтерек» өзінің жалпы мағынасында негізгі үш философиялық ұғымды: жер, өмір, аспан деген ұғымдарды білдіреді.

Астананың тарихи жағынан Азия мен Еуропаны жалғастырған орталық болуы, оның республикалық басты көлік, темір жол және әуе жолдарын байланыстырып жатуы да айтарлықтай үлкен рөл атқарды. Астананың өсуі мен дамуы туралы армандай жүріп, уақыттың қалай өткені байқалмапты. Астана қазірдің өзінде әлемдік көлемде танылды. 1999 жылдың шілдесінде қала ЮНЕСКО- ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

Батыс пен шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астананың бүгінде төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналғаны ақиқат. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, ҮІІ Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, 12 Нобель сыйлығының лауреаты атанған 8 мыңға тарта сарапшылар жиналған Ү Астана экономикалық форумы, күні кеше әлемгнің 40 елінен деглегеаттар қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІҮ сьезінің өткені толық дәлел бола алады. Бір сөзбен айтқанда, Астана Қазақстанның ең көркем таңғажайып орталығы ,ана емес, бүкіл әлем жұртшылығы көз тіккен жаңашыл кіндік қала ретінде ел мақтанышына айналып келеді.

Президент – Н.Назарбаев - халықаралық қауымдастыққа жақсы танымал саяси қайраткер. Оның Азиядағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары кеңесін құру және Еуразиялық одақ жөніндегі идеялары ХХІ ғасыр қарсаңындағы ірі бастама ретінде жан – жақты қолдау тауып отыр.

республикасының әлем қауымдастығы алдында танылып, барынша салиқалы ел қатарына еніп келе жатқандығының айқын көрінісі - 2010 жылы Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына төрағалыққа сайлануы. Бұл ел Президенті Н.Назарбаевтың жүргізіліп отырған сындарлы саясатына берілген үлкен баға екені сөзсіз. Президентіміздің жастар мәселесіне ерекше көңіл бөліп келе жатқанын айрықша атап өткен ләзім. Қазір елімізде Президенттің «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда, сол бойынш білікті жастар әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуда. Аса дарынды жастар үшінт Президенттің «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

2012 жылдан «1 желтоқсан – Елбасы күні» ретінде тойланып келеді. Осы мерейлі мерекеде сіздерге денсаулық, елімізге тыныштық тілеймін. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етейік!

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қыр гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атымен

Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен !!!

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin
Просмотров: 2820 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]