Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 2 из 3
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • »
Форум » Жастар форумы » Қазақша тілектер! » Түлектерге арналған тілектер (мектеп, колледж, университет бітірушілерге арналған тілектер)
Түлектерге арналған тілектер
Ата-АнаДата: Пятница, 23.05.2014, 09:16 | Сообщение # 11
Группа: Гости





Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
Былтырғыдан басқаша биыл демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек,
Енді басқа жиын-той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.
Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.
Даусыз ол күн есіңде сақталар,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
Күтпейді тек кластың тақталары,
Енді сені күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.
Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп
Уақыт та емтихан алар,
Ол сын қорқыта алмас.
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал тәуекел деп.
Емтиханда, өмірде жолың болсын.

Добавлено (23.05.2014, 09:16)
---------------------------------------------
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады
Қымбатты менің сыныптас достарым! Біздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

 
ГостьДата: Пятница, 23.05.2014, 12:38 | Сообщение # 12
Группа: Гости





соңғы қоңырауға мұғалімдерге тілек тауып беріңдерші өтініш
 
кумісДата: Пятница, 23.05.2014, 15:19 | Сообщение # 13
Группа: Гости





соңғы қоңырауға ата-анаға тілек тауып берініші?
 
Ережеева ГульданаДата: Суббота, 24.05.2014, 13:27 | Сообщение # 14
Группа: Гости





1) Ассалау мағалейкум жолдастар.
Замандастар курдастар.
Сыныптастар сырластар.
Мiне маусымнын мамыражай кешiнде басымыз бiрiгiп жатыр екен. Кудайым ен жаман кундерiмiздi осындай кылсын ендеше.
Бугiн бiреулерге куаныш, ал бiреулерге кимас сат.
Бiреулер агаш орындыкпен, партадан кутылса, бiреулер алтын уясы, екiншi уйiмен коштасуда. Тулектерге айтарым. Армандаган аскарга жетiп киялдаган кырына шыгып, жоспарлаган окуына тусiп елге елеулi калыкка калаулы мыкты маман болындар. Бiреулерiнiз акын, ендi бiрiнiз акiм, бiрiнiз Абайдай гулама хакiм болыныздар. Кiм болсаныздарда елге журтка жакын болыныздар деймiз....
 
ГостьДата: Суббота, 24.05.2014, 18:30 | Сообщение # 15
Группа: Гости





Әлі алдымызда сын көп барлықтарыңа тек сәттілік
 
MaRs McДата: Суббота, 24.05.2014, 23:37 | Сообщение # 16
Группа: Гости





Болашакта омирин нурлы болсын
издеген бар арманын колга консын
11жылды тастап артка мангилик
Ересек омиринде болсын сандилик
Али алда бар омирдин киын сындары
Тунилме омирден болсада мундары
 
Калиева Сания ЕркинкызыДата: Четверг, 29.05.2014, 07:05 | Сообщение # 17
Группа: Гости





Класс жетекшінің шәкірттеріне айтқан тілегі:
Қымбатты түлектерім!
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып,үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар!
Шәкірттерім, алдағы үлкен сын Ұлттық бірынғай Тестілеуден абыроймен өтіп,қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай ,талмай ізденіп,ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар!
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар ,өмірлеріңе құтты қадам тілеймін!
Алтын ұя мектептің тұлпарлары ,дүлдүлі
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні!
Бірің-хакім,ал бірің болыңыздар ғұлама
Мың дауыспен сайраған о,өмірдің бұлбұлы.

Кластағы көмекшім,қолқанатым
Қай істе де қорықпай қолға алатын.
Класымның үздігі,белсендісі
Шәкірттерім айтқалы тұр арман әнін.

Класымда көп менін дарындылар
Спорт қуған,өнер сүйген жолын бұлар.
Ауданда да,облыста да үздік шыққан
Жігіттерім шетінен чемпиондар.

Шеттерінен өнерлі қыздарым бар,
Би де билеп,шырқатып ән де салар.
Класыммен әрқашан мақтанамын,
Шәкірттерім өмірлік есте қалар.

Жолың болсын, ардақты түлектерім,
Дүрсілдеп соғып та тұр кіп - кішкентай жүректерің
Тәлімді тәрбиемен біліп жиып
Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім.

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді ,
Ұстазыңды,балалық шақ көктеміңді.
Орындап мақсат-міндет,арманыңды
Жасай бер,туған елге еңбегіңді. /Калиева Сания Еркинкызы/
/Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы/ /Оқу ісінің меңгерушісі/
 
НеизвесныйДата: Понедельник, 08.12.2014, 08:21 | Сообщение # 18
Группа: Гости





Жас ұрпаққа тілек керек тауып беріңдерші маған срочно керек боп тұр
 
AdminДата: Понедельник, 08.12.2014, 16:46 | Сообщение # 19
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 45
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Цитата Неизвесный ()
Жас ұрпаққа тілек керек тауып беріңдерші маған срочно керек боп тұр
Құрметті 2017 түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.
Сен биіксің, бағындырар белесті,
Жігерлі бол, үлгісің сен талайға.
 
AdminДата: Четверг, 25.05.2017, 07:02 | Сообщение # 20
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 45
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Өздерініз білетін жақсы тілектер болса, осы форумда бөлісе аласыз! 
 
Форум » Жастар форумы » Қазақша тілектер! » Түлектерге арналған тілектер (мектеп, колледж, университет бітірушілерге арналған тілектер)
  • Страница 2 из 3
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • »
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: