Мәңгілік сезім жоқ
Өзіңменен бірге жүрген бес-ақ ай,
Бес сағаттай өтіп кетті тоқтамай.
Біз екеңміз қол ұстасып жүргенде,
Күндіз күн мен түнде күлді толған ай.
Сені көріп тіршілікте күлгенім,
Сені танып, ғашық болып жүргенім.
Әлі есімде өткен күндер елесі,
Сені сонда алғаш рет сүйгенім.
Күлім қағып жүрегімді гүл еттің,
Сезім сыры шын сүюді үйреттің.
Бақытымның бір-ақ сәтте ғайып боп,
Көкке ұшып жоқ боларын білмеппін.
Сенің қазір басқа қызды сүйгенің,
Мен өзгенің құшағында жүргенім.
Жүрегімді ауыртады шынымен,
Дұрыс шығар бұл сырымды білгенің.
Кеше маған қуанышпен күліп ең,
Бүгін сені түсінбеймін шынымен.
Ертең бірақ келетіндей өзіңді,
Шаршамадым сағат санап күтуден.
Қазір міне басұа жанмен жүресің,
«Жаным!»-дейсің, соған қарап күлесің.
Ол қасыңда жүргенімен, жаныңда,
Мендік нүкте бар екенін білемін.
Мен өзіңдей шын сүймеген жігіттің,
Қолын ұстап бұл өмірде не ұттым.
Бәрақ жаным жүрегімді түсінбей,
Сен сыйлаған жалғыздықтан қорықтым.
Жоқсың қазір, алыста жүр елесің,
Жалғыз ғана ойларыммен кеңестім.
Өзіңді шын сүйгеніме беріліп,
Махаббатым сен кінәлә емессің.Добавлено (11.03.2014, 13:07)
---------------------------------------------
Не дейін мен...
Жаз жайдары өтіп барад, күз жақын.
Құстар айтып бара жатыр күзгі әнін.
Тезезеден қарап тұрдым, сені ойлап,
сол ойымды бөлді білем күз жауын.
Сол жауынның қатты болды екпіні,
Жаралы жан түсінеді тек мұны.
Терезеге тамшылаған нұр жаңбыр
білесің бе, тоқтағанда кеш болды.
Қараңғылық басты білем даланы,
Табиғаттың басталғандай бал әні.
Күні бойы күркіреген түнеріп,
Ақша бұлттар әне, ұшып барады.
Басылды гой аласұрған желі де,
Ағаш біткен жаңарып тұр керіле.
Түн жұлдызын шашқан кезде аспанға,
Ақ күмістей ай да келді төріне.
Енді жаным тапты білем тыныштық,
Мұз денеме болған сол бір тым ыстық.
Құшағыңды сағынғанмен жан сені
Тағдыр менен алып барад алыс қып.
Алыста жүр мейлі жаным жақында,
Бейнең қалар ошпейтұғын жадымда.
Өтінемін... көкжиектен әрі асып,
Айналып та кете көрме сағымға.
Күз де келді... сағыныштың мекені,
Құстар енді жылы жаққа кетеді.
Бауыр басып қалмай тұрып екеуміз,
Арамызды алшақтатсақ не етеді.
Бұл жайында сан мәрте рет ойладым,
Сені менен өзімді де ойға алдым.
«Тағдыр»-дейсің сен бұл сезім сыңғырын,
Сол сезімге шыныменен қайраңмын.
Сен қуансаң, қуанамын күндеймін,
Саған жаным жатырқауды білмеймін.
Жүрегімде жатқан мұңды жылытар,
Жаным деген сөздеріңмен емдеймін.
Баға жетпес сағаттарды өткізген,
Алыс-алыс армандарға жеткізген.
Екеумізді қауыштырып түн шырақ,
Көк жұлдызы серік болды тек бізбен