Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ақыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! (Абай Құнанбаев туралы)
[ Скачать с сервера (26.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
19.05.2020, 12:03

Айгуль Бекбулатова , қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

А.М.Горький атындағы гимназия, Қостанай қаласы

 

Ақыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ  барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға  бермек  үшін.
Абай

Абай, Кунанбаев

Абай  болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жастар үшін және жарқын болашаққа сенім салған ақынның айтқан сөзі еді.
Біз  Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шамшырағы , ұлы тұлға, тұңғыш классик, философ, данышпан, аудармашы, ойшылы әрі композитор, дана Абай  ретінде қабылдаймыз. Ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады. Ақынның қайтыс болғанына жүз он алты  жыл өтті. Абайдың дүние келгеніне 175 жыл толғанын атап өте отырып, біз ақынның уақыт сынынан мүдірмей өткен ұмытылмас, қымбатты және ұлы мұрасын еске алып отырмыз.
 Бірақ біздің қоғам  үшін  Абай  өткен күннің ғана ақыны емес, қазақ халқының алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды — ал мұндай ақын өлмек емес, себебі  оның асыл  шығармаларына уақыт шек қоя алмайды деп білемін. Әдебиет  әлемінде   ұлы ақын, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Бүгін ХХІ ғасырда Абайдың шығармашылығынан  қазаққа  қажет руханилықты табамыз. Абай  адамзаттының  мәңгілік  сауалдарына  жауап  береді. Ол-күнделікті  тіршілігімізді, биік  адамгершілікке   дейінгі  бүкіл  рухани  әлемімізді  тегіс  қамтитын  жан-жақты құбылыс.

Кішкентай Абай алғаш  молдадан  тіл  сындырып,  қара  таныған  Абай білімін  Семейдегі Ахмет Риза  медресінде  жалғастырды. Осында  оқыған  үш жыл  болашақ  ақынның  дүние танымының  қалыптасуына  үлкен  ықпал  жасаған. Бұл  жерде Абай  араб, парсы тілдерін  жете  меңгеріп, Шығыстың  атақты  ақындарының  еңбектерін  құныға  оқиды. Бірнеше  ай  бойы  орыс мектебінде  білім  алады. Философ  ақын  негізгі  білімдерді  өз бетінше  оқып үйренген, ол  ежелгі  грек  философтары   Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен  мұқият   танысады. Алғашқы  өлеңдерін  басқа  кісілердің  атымен  жұртшылыққа  таратқан Абай  тек  қырық  жасқа  келгенде  ғана  өлеңдері  өзі  қол  қоя  бастаған. Сол кезде Семей  қаласына жиі  келіп тұратын  Абай , осындағы  Н.В. Гоголь атындағы  кітапхананың  тұрақты  оқырманы болған. Саяси  қуғын  сүргінде  жүрген  орыс ойшылары Н.И.Долгополовпен , Е.П. Михаэлиспен  кітапханада  танысады. Бұл кісілер  Абайдың  көзқарастарының  қалыптасуына  елеулі  ықпал  еткені  сөзсіз.

   Абайдың  халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой  ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті, қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрды. Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасады.  Абай, ең алдымен, орыс тілін  үйренуге қайтадан бет бұрады,  жаңа достары, негізінен, кедей рулардан шыққан талантты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болады. Есейген, мәдениеті өскен Абай орыстың классикалық әдебиеті мен Шығыстың халық шығармашылығын  оқи бастайды. Бірақ бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады.  Нағыз ақын әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және өз халқын  өнер-білімге шақырған. Абай ауыз әдебиетіндегі сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін тереңдетіп, жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді. Абайдың  келесі өлеңдерінде ("Қартайдық, қайғы ойладық", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Күлембайға", "Көжекбайға" және т.б.) надандық, дәукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани бейшаралығы өлтіре сыналады. Отбасына, ата-анаға, қазақ жас  ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама моральдық тереңдікпен айтылады. Абай сүйген адамын өзі қалаған әйелдің махаббаты қаншалықты жан тебірентерлік, кіршіксіз таза, терең болатынын, оның қиыншылықпен қолы жеткен бақыты үшін күресте қажырлы, берік екенін көрсетеді. Қазақ әйелін, ананы отбасының тірегі ретінде жырлайды, ақын өлеңдерінде әйелдің қоғамда тең құқығы  болуы үшін күреседі. Ол өзіне дейінгі дидактикалық, уағыз поэзиясының канондарын бұзды. "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" атты өлеңдеріндегі өзінің ақындық бағдарламада  Бұхар жырау, Шортанбай, Дулаттарды қатал сынап, олардың поэзиясын "құрау-жамау" деп атайды. Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті — халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі, білімге, аянбай оқуға ұмтылу ғана жас ұрпақтың қолын жақсы өмірге жеткізеді.

Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар революцияшыл интеллигенциясының өкілдері болған еді. Солардың бірі Е.П. Михаэлис — Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған. Михаэлис те, сондай-ақ Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналады. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді. Олар Абайдан қазақ халқының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және қазақтың тұрмыс-салты  мен  өнер  жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінің мұрасымен таныстыруы — олар үшін, әрине, маңызды міндет болған. Абайдың  жақын достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің қалың еңбекші бұқарасына жеткізуге тырысты. Ал Абай болса, қазақ халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы — орыс және қазақ мәдениетінің жақындасуында деп білді. Ұлы ақын-ағартушы халықтардың туысқандығы мен достығы идеяларын жақтаушы болды. Өзінің өлеңдерінде ол қазақ  халқына  орыс халқын  патша  отаршылдарынан  айыра  білуді көрсетуге тырысты.
Орыс халқының рухани мәдениетінің нағыз бағалылықтарын тауып, Абай Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков-Щедрин мен Лев Толстойдың құштар ардақтаушысы болады. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер, қазақ халқының әуен негізін  терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар ән-күй  шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлеңдеріне ("Сегіз аяқ", "Алты аяқ", т.б.) арналған еді. Ол өзінің "Евгений Онегиннен" жасаған үзінді аудармаларына да осындай әуен  шығарған. 1887-89 жылдарда Пушкин есімі және оның кейіпкерлері  Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақтың эпикалық поэмаларының кейіпкерлері  сүйікті, жақын болып кетті.
Пушкин "Евгений Онегин" романында  да  өз халқының  өмірін  жан-жақты  суреттеп, олардың  тұрмыс-тіршілігін  ашық бейнелейді. Сондықтан осы  романды кейбіреулер "Орыс  өмірінің  энциклопедиясы" деп  те  атайды екен. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, оны зерттегендердің қатарында Абай Құнабаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин болды. Олар А.С. Пушкинді тек  орыс ақын ретінде емес, оның өмір жолын терең зерттеді. Ұлы ақынның қазақ тіліне аударылған шығармалары көп. Мысалы, Пушкиннің  атақты романы "Евгений Онегинді" қазақтың  ақыны Абай  бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударған - "Онегиннің сипаты", "Ленскийдің сөзі", "Татьянаның хаты", "Онегиннің ойы", "Онегиннің сөзі", "Онегиннің хаты", "Татьянаның сөзі".  Абайдың  ұлылығы сонда - халық ақындарының ішінен бірінші болып Пушкин шығармаларын  ана тіліне аударған. Сол кезде басқа көрші халықтардың  ақындары, мысалы, татар, башқұрт, өзбек, тәжік ақындары  Пушкин танымал   шығармаларын Абайдан соң екі жылдан кейін, яғни деректер бойынша 1889 жылдап бастап аударған. Ал 1903 жылы Қазан қаласында Александр Пушкиннің "Капитан қызы" қазақ тіліне аударылып басылып шықты. Оны аударған орыс әскерінің капитаны М.Бегімов болатын. Одан  кейін Пушкиннің "Пайғамбар" атты өлеңі қазақ тіліне аударылып, "Айқап" журналында жарияланады. Ал ұлы ақынның "Қысқы кеш", "Дауыл", "Балықшы мен балық туралы ертегісі" қазақ тілінде қолжазба түрінде кең тараған екен.  Абай "Евгений Онегин" шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, "Татьянаның хаты" Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. "Капитан қызы" романы да 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. Тарихқа үңілсек, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаев сияқты басқа да танымал қаламгерлер орыс әдебиетінің негізін салушы Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған  еді.  Әдебиет әлемінде   Ұлы орыс  ақыны А. С. Пушкинге – 220 жылдығы  2019 жылғы  6 маусымда   өтті.   Қазіргі уақытта   Қазақстанның    бірнеше қалада Ұлы ақынға  арналып  ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге  есімі берілді. Өмірінің соңғы кезінде жазылған белгілі "Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес" өлеңінің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап өтеді.Ресейдегі  Мәскеуде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арнап ескерткіш қойылса, оған жауап ретінде Петропавл қаласында  "Абай-Пушкин" мүсіндері қойылған еді. "Абай-Пушкин" композициясы Петропавл саябағы аймағында орналасқан. Бүгінде ол облыс орталығының ең әдемі жерлерінің бірі болып cаналады.   Пушкин бүгінде орыс халқының ғана емес, барлық ұлт өкіліне ортақ Ұлы ақын деуге болады.  Қазақ халқының Абай бастаған барлық ұлы ақын-жазушысы, суретші, композиторлары, көптеген ғалымдарымыз Пушкинді үлгі етеді.  Абай арқылы  Пушкин қазақ жерінде  кемеңгер ақын орыстың  нағыз  ұлттық  әдеби  тілін қалыптастыруға  зор  үлесін  қосты.  Пушкин өзінің шығармаларында сол кездегі адамдар мен сол кездегі жағдайды әңгімелеп қана қоймай, өткен өмір туралы да жазуды жөн көрген. Мысалы, тұңғыш поэмасы "Руслан мен Людмила", "Борис Годунов" сияқты шығармаларында  алыста  өткен өмір, орыс князьдері  мен батырлары туралы жазған. 1820 жылы жарық көрген "Руслан мен Людмила" поэмасында ол өз заманының ең  күрделі  қоғамдық мәселелерін қозғайды.  Туған халқының өткендегі ауызша, жазбаша ескерткіштерде сақталған ақындық мұрасына терең бойлаған Абай сол мөлдір бұлақтан құнарлы нәр алып, өз поэзиясын молықтыра білді. Қазақ халқына ол кезде жете таныс бола қоймаған тәжік, әзербайжан, өзбек сияқты шығыс халықтарының классикалық поэзиясы да Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. «Дүние-үлкен көл, Заман-соққан жел...»  Абай деген. Менің  ойымша, Абай  халқымыздың  мақтанышы ғана емес біздің  ұлттық  ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. «Ақыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, Адамдықты  көздесең, жаттап  тоқы  көңілге.»  жас шәкірттерге  айтсақ   арттық емес. Ұлы Абайымыз өшпес мұра қалдырды. Оны алдымен  өзіміз танып,  сосын  әлемге  таныту –біздің  парызымыз.  Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттық, халықтық ақын.

 

Категория: Қазақ әдебиеті
Просмотров: 1632 | Загрузок: 46 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]