Главная » Файлы » Ашық Сабақтар - Открытый урок » Адам және қоғам



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Дәстүрді дәріптейік.
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 31.03.2012, 21:22
Tақырыбы: Дәстүрді дәріптейік.
Мақсаты: - Оқушыларды ата –бабаларымыздың
дүние танымын қастерлеуге,
дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды
сыйлауға үйрету.
- Оқушылардың сөйлеу мәдениетін
жетілдіру. Ойын тиянақтай білуге,
ашық пікір айтуға дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, саналылыққа,
жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы, мақал –
мәтелдер, бата, тыйым сөздер.
Тәрбиелік деңгейі: «Халқым қандай десең, салтымнан
сынап біл»
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын: «Дәстүрді дәріптейік» деп алған сөбебіміз - өз халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, мәртебесін көтеру. Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата- бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу - біздің міндетіміз. Сондықтан дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға бәріміз жауаптымыз.
Батыр атамыз бауыржан Момышұлы былай деген екен: «... Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші – немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші – дәмді дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тасуға даяр. Қолына кітап алмайды, үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ ». батыр атамыздың осы бір көңіліне қаяу алған сөзі неге бізге ой тастап, намысымызды оятпасқа.
Ауыл адамдары қарапайым, иманжүзді келеді. Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет ғұрпын ауылдан табуға болады. Қазір осындай ұлттық қазына – байлықтарымызға немқұрайлы қараушылар көбейіп келеді. Үлкен кісілердің бойында үлкендік қасиет болса дейсің. Дана қариялрымыз күннен-күнге азайып барады. Қазіргі жастар бір істі бастамас бұрын ата-әжелерімізден ақыл-кеңес алуы керек. Өйткені, олар ата – баба дәстүрін бізден көп біледі. Үлкендермен ақылдаспау, адамды табысына қарай бағалау, ұлтымыздың кері кетуіне, өз ерекшелігінен «тоналуға» жетелейді. Осы орайда үлкенннің батасын алу деген бар.
Халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық салт – дәстүрдің бірі бата беру, ізгі тілек білдіру. Бата сөзі, бір жағынан, халық шығармашылығына жататын тілі көркем, мазмұны келісті сөз үлгісі болса, екіншіден, тәлім-тәрбиелік мәні айырықша байырғы мұралардың бірі. Ескінің қалдығындай елеусіздеу көрініп, ресми тәлім-тәрбие саласында , ғылым білімде жете көңіл бөлінбейді. Соның салдарынан болса керек, халық шығармашылығына жататын жұмбақ, мақал-мәтел , тұрмыс – салт жырлары тәрізді жанрлардың қатарынан бата –тілектер шетқақпай қалып, оқулықтарға енбей қалды. Бір жақты бағаланып, сыңаржақ сипатталып келген мұндай мұраларды қайта қарап, «ақтаңдақтардың» астынан аршып алып, рухани өмірімізді байыты түсуіміз керек. Бата-тілек білдіру тұрмыс – салтымызда өміршең болғандықтан осы күнге шейін қолданылып келеді.
Мысалға: Жолыңды, балам, оңдасын,
Білім қуған ойыңды,
Ата – бабаң қолдасын.
Шетте жүріп налыма,
Байлық қуып шабынба.
Ерінбей еңбек етерсің,
Білімнің шыңына жетерсің,
Байлық деген осы, ұлым,
Ақ жолыңды тіледім!
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Жорытқанда жолың болсын,
Іздеген байлығың білімнен болсын.
Өтірік айтып жамандаудан,
Өсек айтып арандатудан,
Мазақ қылып күлуден,
Арамдық пен асқақтаудан сақтасын,
Тапқан байлығың халқымыздың игілігіне жарасын.
Әмин!
Бата берудің де өз реті, яғни жолы бар. Мысалы, күйеуге бата бергізбейді. Туыстық қарым – қатынасқа көңіл бөлінеді. Дастарханға қойылған ас желініп біткен үй иесі түрегеліп тұрып, көпті көрген қариялардан «Әмин»!- деп бата сұрайды. Батагөй жақсы ниет білдіретін сөз айтып, бет сипайды. Жиналған жұрт та жақсы ниетке тілегіміз қосылсын дегендей қол жайып, бет сипайды.
Сабақтың негізгі бөлімі: Оқушылар білетін салт –дәстүрлерін жазып, оның мағанасын ашып береді.

Сабақты қорытындылау. Мінеки, балалар біз бүгін өзіміздің ата дәстүрімізді қастерлеп марқайып қалдық. Ұлттық сана-сенімімізді жоғары ұстап, салт дәстүрімізді дәріптейтін және келешек жас ұрпққа жеткізетін мына сіздерсіздер.
Сөзімнің соңын аңызға ұштастыра отырып аяқтағым келіп отыр.
Ертеде бір ғұлама ғалым болыпты. Ол бір адамдардың қазына – байлыққа таласып, қырықпышақ болып жатқанын көріп былай депті:
«О, адамзат баласы, сен әркіммен мың қырқыссааң да, соғыссаң да нағыз байлыққа қол жеткізе алмайсын, Себебі, адамда бар болғаны төрт байлық бар. Олар: денсаулық, білім, өнер, бақыт. Сендерде денсаулық бар делік. Деніңнің саулығы арқылы дүниенің бар биігіне өрлеп, білім аласың. Ал білімің болса, сенде ақыл да, өнер де болады. Осылардың барлығының жемісін көріп бақытты боласыңдар», - деп сөзін ақтап жүре берген екен. Балалар, мен сендерге бұл аңызды Бауыржан ата сөзінен қорытынды шығарғым келіп айтып отырмын. Сендер де ертегі айтатын қария болыңдар. Бірақ, біреуге ақыл- кеңес айту үшін білім керек. Сол үшін жақсы оқыңдар.
Қазақта көнеден келе жатқан аталы сөздер көп. Соның бірі: «Мал- бір жұттық, жалған дүние - бір күндік, ғылым мен білім ғана таусылмас қазына»- депті. Осы сөзге ой салсақ, шынында да, адамзатқа білімі мен еңбегін сіңіріп, аттары мәңгілікке өшпестей болып қалған ата – апаларымыз қаншама десеңізші. Адамның қолы жетер байлығының ең жоғарғысының өзі тарихта атың қалу емес пе? Жүз жыл жасаған, мыңғырған малы болған қай байды кітаптан оқыдық. Ал, жасындай жарқ етіп, қазақтың тарихын зерттеп кеткен Шоқан Уалихановты мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін танып өседі. Білімің мықты болса, шығар биігің де жоғары болады. Білім бар жерде табыс пен жеңіс қатар жүреді. Осыдан артық қандай бақыт керек адамға ?!
Категория: Адам және қоғам | Добавил: Admin | Теги: дәріптейік., АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ, Дәстүрді
Просмотров: 7455 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]