Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Толагай отбасылар сайысы
[ Скачать с сервера (1.33 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Адам және қоғам]
22.04.2013, 20:35
Тақырыбы: «Толағай» І-маусым
Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыр, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндір. Ата-анамен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, шарлар, плакаттар т.б
1. Спорт – денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Сауылық – байлық негізі.
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіз!
2-жүргізуші:
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Бүгінгі «Әлемдік денсаулық күні» мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Батыр апамыздың атындағы киелі қара шаңырақта, алғаш өткізгелі отырған «Толағай» отбасылар сайысының тұсау кесер рәсімін жасауға, яғни салтанатымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Отыншин Кетай Ханелұлына сөз кезегін берсек.
Категория: Адам және қоғам
Просмотров: 4592 | Загрузок: 399 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]