Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Құқық әлемінде ашық сабақ
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Адам және қоғам]
13.09.2012, 09:34
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқық әлемінде.

Мақсаты:
 Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
 Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
 Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
 Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
 Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Өтілу түрі: зерттеу шеберханасы.

Көрнекілігі: White Board интерактивті тақтасы, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.

Өту барысы:
№1 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.

Кіріспе.
Мұғалім:
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар БҰҰ-ң Бала құқығы туралы
Конвенцияның қабылданғанына 20 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 15 жыл толуына орай бүгінгі зерттеу шеберханасында «Құқық әлемінде» тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
- 1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы
Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір - бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.
Категория: Адам және қоғам | Добавил: Admin | Теги: сабақ, АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ, әлемінде, құқық, ашық
Просмотров: 7721 | Загрузок: 1001 | Рейтинг: 3.1/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]