Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Әдебиетті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
[ Скачать с сервера (352.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
18.09.2013, 20:57
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Оңалбекқызы 

Әдебиетті оқытудағы интербелсенді оқушы даярлау жолдары 

Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба алатын іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Ал әдебиет пәні мұғалімдерінің алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені абзал. Әдебиет пәні – жан-жақты ойлантудың, терең пікірдің пәні. Бұл пәннің ерекшелігі өзіндік ойлау мен өзіндік пікірді айта білуде жатыр. Сезім, эмоция,әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді. Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі» деп аталады. Қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, ғылыми саладағы интеграциялық құбылыстар біз қарастырып отырған мәселеге негізгі себепші болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана қоймай және педагогикалық интеграцияның формалары, түрлері мен әр түрлі бағыттарында көрініс табады. Сонымен қатар білім берудің барлық деңгейінде дерлік қолданылуы (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар) орын алуда. Электронды оқулықтар – техникалық құралдар (компьютер) арқылы көрсететін, көз алдына есту, көру арқылы өзіндік ой қорыта алудың бір түрі. Абай атамыз айтқандай, көріп,сезініп, тұшыну арқылы бойға алған материалды жинақтау.
Егер бастауыш сынып оқушылары үшін көрнекіліктер үлкен рөл атқарса, орта буын үшін қызығушылықтары жан-жақты бола бастайды. Ал, оқытудың техникалық құралдары еске сақтауды қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Олар алынған білімнің жарқын, маңызды сәттерін ажырата отырып, ұғымның бекітілуіне ықпал етеді. Оқытудың техникалық құралдары арқылы көрсетілетін ақпарат сапасы жаңа, ерекше, динамикалы, бейнелі контрастілі болғандықтан, оқушы зейінін еріксіз аударады. Компьютерлік бағдарламаны құру кезінде оны тек түсінікті ғана емес, сонымен бірге эпизодтары қызықты, монтажға, кадр композициясына күтпеген жағдайларды қиюластыру, ұлғайтып көрсететін нәрсенің аса әсерлі болуын, диктор дауысының, қатысушы кейіпкер сөздерінің және музыканың бір мезгілде әсер етуіне назар аударады, әрі материалдың еріксіз жадта сақталуына септігін тигізеді.
Қазақтың төл әдебиетін оқытуда компьютерді, электронды оқулықтарды қолданудың тәсілдері де әр түрлі: барлық топпен де,кіші топпен де, жеке оқушылармен де жұмыс істеу қиындық келтірмейді. Бұл мұғалімнің өз шеберлігіне тікелей байланысты.
Сондай-ақ М.Жанпейісова ұсынған модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияның мазмұны төмендегідей:  

Жалғасын көру үшін жүктеп алыныз
Категория: Қазақ әдебиеті
Просмотров: 5265 | Загрузок: 1369 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/9
Всего комментариев: 1
1 Аида  
сүйінбай ақынға сабақ өтемін әдістемелік көмек керек

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]