Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (Слайд)
[ Скачать с сервера (770.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
15.02.2016, 19:22

Тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету. Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.

Тәрбиелік: 1916 жылғы қазақ халқының басына түскен нәубет жайлы айта отырып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.

Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, хронологиялық таблица арқылы саяхат жасау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:
“Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс” картасы.
Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері, таратпалы карточкалар, слайдтар, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.
Тарихи және әдеби кітаптар:
С.Асфендияров “1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс”, М.Әуезов “Қилы заман”, С.Мұқанов “Ботакөз”, Ж.Аймауытов “Қартқожа”, С.Сейфуллин “Тар жол, тайғақ кешу”.

Пәндермен байланысы: Әдебиет, география, ән.

Сабақтың нәтижесі:
Оқушылар Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді, дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыстармен салыстырып талдайды, ұлт-зиялыларының ұстанған бағытымен танысады, патша үкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады.

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа білімге даярлау кезеңі. “Ойталқы”

IV. Жаңа сабақ

V. Қорытынды бөлім. “Тәуелсіздік шыңы”

VI. Үйге тапсырма

VII. Бағалау

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 3536 | Загрузок: 159 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]