Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған материалдар
[ Скачать с сервера (318.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
06.01.2013, 17:18
Елін сақтап қалды ерлер... : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған әдістемелік құрал / С.Бегалин атындағы МРБК Құраст. Ш.Мұқашева.- Алматы, 2005.- 55 б.

Кіріспе

Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
(Т. Жароков)

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Шығанақ Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқырмандармен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына байланысты шаралар өткізу барысында балалар кітапханашылары төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алулары керек:
 Соғыс "саясатының” негізінде қандай мақсат болғанын талқылаудың қажеті жоқ. Біздің міндетіміз балаларға сол жылдардағы адамдар мен тарихи оқиғалар туралы әңгімелеу;
 Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу;
 Ұлы Отан соғысының халықтық екенін, ол үлкен зұлмат пен қиыншылық екенін түсіндіру;
 Оқырмандарды соғыс тақырыбына жазылған көркем әдебиеттермен жете таныстыру қажет. Әсіресе, қазақстандық жазушылар мен қазақ батырлары туралы;
 Бұл тақырыппен жұмыс істеу барысында оның ауқымдылығын ескере отырып, әр жастағы балалардың жас ерекшелігіне қарай шара ұйымдастыру керек.
Қазіргі кезде әрбір кітапхана соғыс тақырыбын қамтитын баспа, аудио-бейне басылымдарға өте бай. Біздің міндетіміз оларды оқырманға насихаттау және жеткізу.
Балалар кітапханаларында Жеңістің 60 жылдығын лайықты атап өту барынша үлкен дайындықты қажет етеді.
Наурыз-сәуір айларында кітапханаларда «Кітап оқып, өткенді еске алу...» атты шығармалар байқауы ұйымдастырылуы керек. Байқаудың мақсаты балаларды Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған поэзия мен прозаларды оқуға тарту. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты плакат, газет немесе балалардың шығармашылық жұмыстарынан да әртүрлі байқау, сайыстар ұйымдастырған жөн. Бұл шаралардың тақырыбын "Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады”, "Біз бейбітшілікті қалаймыз” немесе "Соғыс және балалық” деп алуға болады.
Ұлы Отан соғысы тақырыбын оқырмандарға толық және дұрыс түсіндіру мақсатында кітапханашы үлкен шайқастар мен соғыс операцияларының маңыздылығын ашатын "Ұлы Отан соғысының күнтізбесін» жасауына болады:
« 1941-1945 жалынды жылдары:
1. Соғыстың басталуы- 22 маусым 1941 жыл
2. Брест қамалын қорғау- маусым 1941 жыл
3. Ленинградты қорғау- 1941- 1944 жылдар
4. Москва үшін шайқас - 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл
5. Сталинград үшін шайқас- 17 шілде 1942- 2 ақпан 1943 жыл
6. Курск шайқасы- 5 шілде- 23 тамыз 1943 жыл
7. Днепр үшін шайқас- тамыз- желтоқсан 1943 жыл
8. Берлин операциясы - 16 сәуір- 8 мамыр 1945 жыл
9. Жеңіс күні- 9 мамыр 1945 жыл».
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті.
Ұлы Жеңістің 60жылдығына арналған мейрамға орай, ашық суретті кітап көрмесін ұйымдастыру керек. Көрме балаларды құжаттық, мемуарлық, көркем-әдебиеттермен толыққанды таныстырады. Көрмені "Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің...”, "Тарих беттері”, "Ел мен ердің жемісі”, "Қаһарман ұрпаққа тағзым”, "Ұлы Оан соғысы – халық соғысы”, "Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында” т.б. атауға болады.
Көрменің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ірі шайқастарына арналған бөлімдері болу керек. Бұл жерде біз әрине, қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдарды мүмкіндігінше мол қамтуымыз қажет.
Бұл үлкен атаулы күнге байланысты өткізілетін шараларды ауқымды өткізу қажет және алдын-ала дайындық керек. Сондықтан осы тақырыпты жан-жақты қамтитын "Еске алу” апталығын ұйымдастырған дұрыс. Апталық барысында балалардың жас ерекшеліктеріне орай "Бұл қалай болған еді”, "Халықтың жадында”, "Отты жылдар өрендері” атты әдеби-музыкалық кеш, сауалнамалар, әңгіме, сұрапыл жылдары елін жаудан қорғаған ақын-жазушыларымыздың өлең-жырлары бойынша «Қаруын қаламға айырбастап» поэзия сағатын т.б. ұйымдастыруға болады.
Екінші дүние жүзілік соғыстағы әйелдердің ерлігі ерекше. Олардың ішінде қазақ әйелдерінің ерлігі туралы "Арулар отты жылдарда”, "Соғыстың қатыгез бейнесі” деген атпен батыр қыздардың ерліктерін паш ететін шаралар ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Соғыс жылдарындағы балалар тағдырына, жауынгер-бала, партизан-бала туралы немесе мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің тылдағы еңбегі, олардың ауыр тағдырлары туралы айтылуы керек. Кіші мектеп жасындағы балалармен әңгіме өткізу барысында "Кеңес Одағы”, "Одақтас республика”, "Кеңес Одағының астанасы” деген сөздер түсініксіз болуы мүмкін, сондықтан әңгімені алдымен Кеңес Одағының тарихынан бастаған жөн.
Жұмыс барысында Республикалық балалар кітапханасының Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап шығарған биобиблиографиялық "Қаламдарын қаруға айырбастап”:Қазақстан жазушылары Ұлы Отан соғысы жылдарында, "Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...: әдебиеттер тізімін және бұрындары шыққан әдістемелік құралдарын пайдаланыңыздар. Сіздердің назарларыңызға "Ерлікпен жеткен жеңіске тағзым ет, парызың” атты әдістемелік құралды ұсынады.

Әдебиеттер:
Жеңіс жұлдызы: Совет Армиясы туралы жыр-кітап.-Алматы: Жазушы, 1980.-352 б.
Қошқарбаев Р. Жеңіс жалауы.- Алматы:Жалын, 1978.-168 б.
Жеңіс / Құраст. Б.Ысқақов.- Алматы: Жалын, 1985.- 192 б.
Өмір өткелдері: Деректі повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1987.- 208 б.
Ер мен елдің жеңісі/ Құраст. М. Кеңбейілов.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 256 б.
Хасенов М. Берлинді алған батырлар.- Алматы: Қазақстан, 1977.-104 б.
Байқұлов М. Жеңіске дейінгі жеті өткел.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 80 б.
Ескерту: Кітап көрмесіне Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналып жазылған мерзімді басылымдардағы материалдарды пайдаланыңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер

Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады!: Методикалық ұсыныстар / ҚМРБК Құраст. Кенесарина Т.- Алматы, 1995.- 50 б.

************

Аймахан Қ. Өздігінен келген жоқ.: [Кеңестер Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның №1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлымен сұхбат] // Алматы ақшамы.- 2005.- 11 қаңтар.- №3.- С.3.

Ақхожин С. Әннің тәрбиелік мәні үлкен: (Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан әндер туралы) // Қазақстан мектебі.- 2005.- №1.- С.14-16.

Асылбек А. Талғат Бигелдинов: "Ордендерімді ұрлағанмен, абырой - атағымды ұрлай алмады": [Ұлы Отан соғысының батыры Талғат Бигелдиновпен әңгіме] // Заң газеті.- 2000.- 9 мамыр.-3б.

Аупбаев Ж. Соғыс және бейбітшілік: Ұлы Отан соғысының қазақстандық тарихы // Халық кеңесі.- 1995.- 3 ақпан.

Ахметов Қ. Қазақтың батыр қызы - Хиуаз:: [Ұлы Отан соғысының батыры Хиуаз Доспанова туралы.] // Қазақстан әйелдері.- 1997.- N8.- Б.10-11.

Әбдікәрім С. Киевте желбіреген ту: [Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Украина туралы] // Заң газеті.- 2000.- 26 сәуір.-5б.

Әбділда Б. Қыран қанаты талмайды:Талғат Бигелдинов 75 жаста// Алматы ақшамы.- 1997.- 1 тамыз.- Б.3.

Әбжанов К. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 - 1945).// Алматы ақшамы.- 2000.- 5 мамыр.-2б.

Әділ Қ. Жеңіс парадына қатысады: [Мәскеудегі Жеңістің елу жылдығына арналған парадқа қатысатын қазақстандықтар] // Халық кеңесі.- 1995.- 4 мамыр.

Мына жұрт ер Білісті біле ме екен? немесе баспагерлерге базына: [Ұлы Отан соғысының қаһарманы Біліс Қойгелдіұлы Нұрпейсов туралы] // Заң газеті.- 2004.- 7 мамыр.- Б.4.

Әлімбаев М. Мәнді жеңіс - нәрлі жеңіс: Майдангер қаламгердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мәні туралы ой - толғанысы // Қазақ әдебиеті.- 1995.- 9 мамыр (N11).- Б.3.

Әлімжан Е. Жанартау: [Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлы туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 27 қырк.-7б.

Әшімов Б. Ел сенімі - ең қымбатың// Егемен Қазақстан.- 1997.- 31 шілде.- Б.4.

Әшімханов С. Мектеп оқушыларының тылдағы еңбегі// Қазақстан мұғалімі.- 1995.- 1 наурыз (N4).- Б.2.

Бағдат Момбеков (Жандосай).: [Ұлы Отан соғысының ардагері, "Жас алаш" газетінің қызметкері болған. Қазынама.] // Жас алаш.- 1999.- 29 мамыр.

Байғожаев Ә. Өткенді бағамдауда - байсалдылық керек - ақ: [Ұлы Отан соғысының ардагері. "Солдат даңқы" орденінің үш дәрежесінің де иегері әңгімелейді.] // Арай.- 1998.- N5-6.-22-23 б.

Деректер сыр шертеді: [Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында] // Ұлан.- 1996.- 7 мамыр (N19).- Б.2.

Досжанов Д. Қаһарман.// Балдырған.- 2000.- N10.-5-6б.

Есмағамбетов К. Ол үшін соғыс біткен жоқ...: [Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник, тарих ғылымының кандидаты Асқанбек Алданазаров туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 15 сәуір.-4б.

Жанасов Ж. Ту тіккен: [Рейстаг қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 80 жыл] // Егемен Қазақстан.- 2004, - 19 қазан.- (№259).- С.5.

Жандәулет Т. Бұл біздің де жеңісіміз!: Мамырдың 9-ы Жеңіс күні. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы үлесі // Ана тілі.- 1996.- 9 мамыр (N19).- Б.1.

Жеңістің шұғылалы шаттығын Жеңістің 50 жылдығының Алматыда мерекеленуінен хабар// Халық кеңесі.- 1995.- 11 мамыр.

Жұмаділ Ш. "Ұлы Отан соғысы: тарих және қазіргі заман".// Алматы ақшамы.- 2000.- 24 сәуір.-1б.

Жүніс I. Тағдырлар: Ұлы жеңіске - 55 жыл.// Жетісу.- 2000.- 30 наурыз.-6б.

Зікірияұлы Ә. Батыр ескерткішіне сапар: [Совет Одағының Батыры Төлен Қабыловтың Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқанына биыл 55 жыл] // Алматы ақшамы.- 2000.- 19 сәуір.-2б.

Кәкішұлы Т. Тау алыстаған сайын айқын көрінеді: [Совет Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің шығармашылығы туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 21 қараша.-3б.

Кейкелов Ж. Қас - қағым ғұмыр: [Темірбеков Асанғазы] // Егемен Қазақстан.- 1997.- 9 мамыр.

Кенжалиев И. Мәншүк туралы жаңа дерек// Халық кеңесі.- 1995.- 9 мамыр.

Көлбаев Т. Великие Луки, үшін шайқас.// Қазақ батырлары.- 2000.- N6.-6б.

Көлбаев Т. Еңбек армиясы: [1941-45] // Алматы ақшамы.- 1996.- 8 мамыр.

Көлбаев.Т. Жауынгерлік жылдар шежіресі немесе майдандық қазақ газеттерін парақтағанда.: Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай // Заң газеті.- 2005.- №4.- С.4.

Көлбаев Т. Отызында от кешкен: [Ұлы Отан соғысының батыры Әбілқайыр Баймолдин туралы] // Заң газеті.- 2000.- 9 мамыр.-2б.

Көлбаев Т. Толарсақтан қан кешіп, қалам ұстап...: [Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов жөнінде сыр] // Алматы ақшамы.- 2003.- 28 маусым.- Б.16.

Көлбаев Т. Шығыс шынары// Алматы ақшамы.- 1995.- 10 мамыр.

Кривощеков Л. Жеңіс көктемі.: (9 мамыр - Жеңіс күні) // Қазақ әдебиеті.- 1997.- 6 мамыр(N18).- Б.4.

Қазақстан және ұлы отан соғысы.// Ұлан.- 2000.- 9 мамыр.-1б.

Қайсенов Қ. Жеңіс баршамызға ортақ: (9 мамыр - Жеңіс күні) // Қазақ әдебиеті.- 1997.- 6 мамыр (N18).- Б.1, 3.

Қайсенов Қ. Жеңіс баршаңызға ортақ.: (9 мамыр - Жеңіс күні) // Қазақ әдебиеті.- 1997.- 6 мамыр(N18).- Б.1, 3.

Қайсенов Қ. Қайран, інім - ай!: [Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев туралы.] // Егемен Қазақстан.- 1999.- 26 қаңтар.

Қалдыбай М. Бауыржан мен Мәлік.// Қазақ әдебиеті.- 2000.- 15 қырк(N37).-8-9б.

Қалдыоразұлы Қ. Ол Берлинді бомбалаған (немесе батыр Біләл Қалиев туралы үзік сыр).// Қазақ батырлары.- 2000.- N10.-6б.

Қарамсақұлы И. Сталиннің тоғыз тартуы: Ұлы Жеңістің 55 жылдығына.// Заң газеті.- 2000.- 19 сәуір.-5б.

Қас жауымен бірінші беттескен:: [Ұлы Отан соғысының ардагері Сәмиғолла Жақсыбайов туралы әңгіме.] // Егемен Қазақстан.- 1997.- 27 қараша.

Қаупынбайұлы Т. Намыс найзағайы: [Аңыз ата. Абыз ата Қайсенов Қасым батыр айтқан сыр] // Жетісу.- 1998.- 9 мамыр.

Қаупынбайұлы Т. Сұрапыл жылдар сарбаздары: [Ұзынағаш селосындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте майдангер ұстаздарға құрмет көрсетілді] // Жетісу.- 2000.- 15 сәуір.-7б.

Құлиев Ж. Ұлы жеңістің құны қанша?// Ана тілі.- 2004.- 6 мамыр.- Б.6.

Құлманова Л. Ерлік - ел мұрасы: [М.Мәметованың мұражайы және батыр қыздың өмірі жайлы] // Қазақстан әйелдері.- 1995.- N3.- Б.18-19.

Құндызбайұлы К. Отқа оранып, оқ астында жүргенде...: [Халқымыздың аса қадірлі, ардақты ұлдарының бірі Салық Зиманов ғұлама ғалым, академик, Ұлы Отан соғысының ардагері] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 28 сәуір.-8б.

Құттымұратұлы Қ. Қайсар қызы қазақтың: [Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметованың Орал қаласындағы мұражайы туралы] // Жас алаш.- 2001.- 1 наур.-5б.

Мәметова А. Жақсыдан қалған көз еді: [М.Мәметова туралы] // Қазақстан әйелдері.- 1995.- N3.- Б.20.

Мәншүк туралы сөз - ерлік туралы сөз // Қазақстан әйелдері.- 1995.- N3.- Б.24-27.

Мәңгі жас бейне: (Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына - 75 жыл. Әлия туралы туысы Сапурамен сұхбат/ Әңг. Ш.Бейсенова) // Егемен Қазақстан.- 1999.- 22 сәуір.

"Мен халқымды бейбіт өмірде де қорғаймын!":Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, ардагер ұшқыш Т.Ж.Бигелдинов 75 жаста /Сұхбаттасқан Т.Сүйінбай// Егемен Қазақстан.- 1997.- 5 тамыз.- Б.4.

Мұратбекова А. Рақымжан Қошқарбаев (1924 - 1988).// Айгөлек.- 2004.- №12.- С.5.

Мұртаза Ш. Рух пен намыстың төресі: [Бауыржан Момышұлы туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 3 қазан.-3б.

Мырзамбетұлы Б. Арман - ай: [Қазақстанның халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың әскери тақырыптағы әңгіме, романдарындағы сүйікті кейіпкер, Ұлы Отан соғысының батыры Ратай Сұлтанбеков туралы] // Алматы ақшамы.- 2000.- 5 мамыр.-2б.

Негимов С. Мәлік пен Төлеген: Совет Одағының Батыры атағын алғанына 60 жыл// Қазақ әдебиеті.- 2003.- 31қаңтар(N5).- Б.5.

Нұршайықов Ә. Комиссар айтқан сол бір сөз...: [Абай атындағы мемлекеттік және А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың "Біздің Бәйішев" деп аталатын кітапынан үзінді] // Атамекен.- 2000.- 26 көкек(N7-8).-5б.

Нұршайықов Ә. Қайсар қыздың қаһармандығы: [Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы" атағын алғандығы туралы] // Егемен Қазақстан.- 2004.- 10 желтоқсан.- №297 - 298.- С.4.

Омарұлы С. Майданға ауыл - село қамқорлығы.// Алматы ақшамы.- 2000.- 3 мамыр.-2б.

Омарұлы Сәми - ғолла. Екі танкіні қиратқан Алтыншаш туралы не білеміз?: [Қазақтың батыр қызы Алтыншаш Өскенбайқызы Нұрғожинова туралы] // Қазақстан әйелдері.- 2001.- N2.-12-13б.

Орынбай Ш. Әкімдері илікпей, қариясы шалқаяды.: [Ұлы Отан соғысының бірінші топтағы мүгедегі, еңбек ардагері Тұрмахан Досбергенұлы.] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 7 қаңтар.

Өнегесін өміріне өзек еткен: [Қазақтың маңдайына жарқырап біткен ерен ұлдарының бірі, қайталанбас біртуар тұлға, Ұлы Отан соғысындағы әйгілі командир, гвардия - полковнигі, жазушы Бауыржан Момышұлының немересі Ержан Момышұлымен сұхбат] // Заң газеті.- 2000.- 9 мамыр.

Райымбек Г. Қыршын кеткен қарлығаш: Халқымыздың мақтанышы Мәншүк Меметованың ерлік ісі кейінгі ұрпаққа үлгі - өнеге // Зерде.- 1995.- N5.- Б.6-7.

Рәмәков Т. Отқа оранған жылдар: ("Халық қаһарманы" Мөрдін Тайыпов) // Егемен Қазақстан.- 1997.- 9 мамыр.

Рысдәулет М. Сағыныш сазы: [Ағайынды бесеуден елге біреуі ғана оралды. Ұлы Отан соғысының ардагері Тілепов Кәрен туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 27 сәуір.-4б.

Рысдәулет М. Үш "Даңқ" ордені бар майдангер неге "Даңқ" орденінің толық иегері бола алмайды?: [Ұлы Отан соғысының ардагері Алақан Жапарбеков туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 25 наурыз.-4б.

Сағдиев М. Тіземізді бүгіп, тағзым етеміз.// Егемен Қазақстан.- 2000.- 3 мамыр.-1, 3б.

Саматұлы Н. Қазақтың батыр сол қызы.// Ана тілі.- 2004.- 16 желтоқсан.- №51-52.- С.10-11.

Сахариев Е. Мұраты биік мұзбалақ. Ерлігі, өмірі ұрпаққа сардар Бәукең хақында. Бауыржанға арналған көрме.// Жетісу.- 2000.- 29 шілде.-6б.

Сәмитұлы Ж. Шығыс Түркістан Республикасы және оның басшылары: 1944 ж.Қазақ елі және Қытай. // Қазақ тарихы.- 1996.- N1.- Б.56-60.

Сәрсенбай Ж. Қазаақтың қайсар қыздары [Қазақстан Республикасы Парламенті үйінің алдындағы саябақта қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүкке қойылған ескерткіштің ашылу рәсімі болды]// Жас алаш.- 1997.- 28 қазан.

Сәттібайұлы К. Қазақтың ноқтаға басы сыймаған бір перзенті// Жас алаш.- 2000.- 19 тамыз.-1б.

Серғазы Г. Жеңісті жырлаймыз: [Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 - жылдығына арналған Әскери әндер фестивалі туралы] // Алматы ақшамы.- 2000.- 3 мамыр.-1б.

Тайшыбаев К. Елге мұра, ұрпаққа үлгі ерлік: [Атырау облысының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі] // Жалын.- 1996.- N9-10.- Б.223-227.

Тоқмырзаұлы Қ. Әлия Молдағұлованың нақты туған ауылын біліп жүріңіз.// Ана тілі.- 2001.- 19 шілде.-5б.

Төлепберген М. Бір күн және 54 жылдан соң: [Қос майдангер Айнақұл Нарманбетов пен Сатыбалды Тотанов үшін қауышудың естен кетпес әсері ерекше еді] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 9 мамыр.

Төлепберген М. Жансыз бейне жан тебірентеді:: [Халақ қаһарманы Бақтыораз Бейсекбаев туралы.] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 26 маусым.

Тіркешбайқызы Ж. Хас батырлар батыры: [Халқымыздың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы атаның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында] // Ұлан.- 2000.- 10 қазан.-2б.

Ұлы жеңіске - 60 жыл!// Қазақ батырлары.- 2004, - қыркүйек.- (№9).- С.2-3.

Үлкен тарих осылай басталған: Ұлы Отан соғысы жылдарында // Алтын дария:"Ана тілі" газетінің қосымшасы.- 1998.- 22 қазан (N42).- Б.8.

Хиуаз Доспанова:" Халқым сыйлайтын, ұрпағымды ұялтпайтын өмір жолынан өтіп келемін деп ойлаймын": Әңг: М.Төлепберген. // Егемен Қазақстан.- 2004.- 15 желтоқсан.- №303 - 304.- С.4.

Хиуаз Доспанова - Халық қаһарманы.// Егемен Қазақстан.- 2004.- 15 желтоқсан.- №303 - 304.- С.1.

Әдебиеттер тізімі
Тайшыбаев К. Елге мұра, ұрпаққа үлгі ерлік: [Атырау облысының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі] // Жалын.- 1996.- N9-10.- Б.223-227.

Әбділда Б. Жеңіс күні жемісті іске жол салғай: [9 - мамыр Жеңіс күні] // Алматы ақшамы.- 1998.- 11 мамыр.

Әбжанов К. Қазақстандықтардың жеңіске үдесі: Қазақ халқы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында // Қазақ тарихы.- 1996.- N4.- Б.43-46.


Әлімбаев М. Мәнді жеңіс - нәрлі жеңіс: Майдангер қаламгердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мәні туралы ой - толғанысы // Қазақ әдебиеті.- 1995.- 9 мамыр (N11).- Б.3.


Достықтың төл перзенті - ұлы жеңіс!: (Майдангер, сөз өнерінің майталман ұстасы, Қазақтың біртуар перзенті/ Мұзафар Әлімбаймен әңгіме) // Жас алаш.- 1999.- 8 мамыр.

Жандәулет Т. Бұл біздің де жеңісіміз!: Мамырдың 9-ы Жеңіс күні. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы үлесі // Ана тілі.- 1996.- 9 мамыр (N19).- Б.1.

Жанымбет Б. Жеңіс туын Берлинде желбіреткен.// Егемен Қазақстан.- 2000.- 29 сәуір.-3б.

Жеңіс парадына қатысады: [Мәскеудегі Жеңістің елу жылдығына арналған парадқа қатысатын қазақстандықтар] // Халық кеңесі.- 1995.- 4 мамыр.

Жеңіс сарбаздары. Ұжымдық портрет.: [Әнуар Омарбеков, Зайырқан Әшітов, Григорий Жолаев, Балтабай Сейділдаев, Тәшаухан Әлімбеков туралы]. Әзір: Қ.Аймахан. // Алматы ақшамы.- 2004.- 8 мамыр.- Б.2.

Жеңістің шұғылалы шаттығын Жеңістің 50 жылдығының Алматыда мерекеленуінен хабар// Халық кеңесі.- 1995.- 11 мамыр.

Көлбаев Т. Жауынгерлік жылдар шежіресі немесе майдандық қазақ газеттерін парақтағанда.: Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай // Заң газеті.- 2005.- №4.- С.4.

Кривощеков Л. Жеңіс көктемі: (9 мамыр - Жеңіс күні) // Қазақ әдебиеті.- 1997.- 6 мамыр (N18).- Б.4.

Кривощеков Л. Жеңіс көктемі.: (9 мамыр - Жеңіс күні) // Қазақ әдебиеті.- 1997.- 6 мамыр(N18).- Б.4.

Қайсенов Қ. Жеңіс баршамызға ортақ: (9 мамыр - Жеңіс күні) // Қазақ әдебиеті.- 1997.- 6 мамыр (N18).- Б.1, 3.

Қарамсақұлы И. Сталиннің тоғыз тартуы: Ұлы Жеңістің 55 жылдығына.// Заң газеті.- 2000.- 19 сәуір.-5б.

Құлиев Ж. Ұлы жеңістің құны қанша?// Ана тілі.- 2004.- 6 мамыр.- Б.6.

Нұрсұлтан Назарбаев: "Бұл жеңіссіз бүгінде тәуелсіз Қазақстан болмас еді."// Егемен Қазақстан.- 2000.- 9 мамыр.-1-2б.

Серғазы Г. Сұрапыл соғыс суреттері: [Жеңістің 55 жылдығына орай тарихи - деректі фильмдер туралы] // Алматы ақшамы.- 2000.- 5 сәуір.

Ұлы жеңіске - 60 жыл!// Қазақ батырлары.- 2004, - қыркүйек.- (№9).- С.2-3.

*****

Айтақов Ә. Тайыр Тастандиев: Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық кавалері туралы очерк.- Алматы: Жазушы, 1972.- 24 бет: портр.- (Ұлы Отан соғысының батырлары).

Алексеев С.П. Қаһармандар: Ұлы Отан соғысы тарихынан хикаялар/ Ауд. Б. Бабақов.- Алматы: Жалын, 1987.- 336 бет: суретті.

Аманжолов К. Р. Ерліктің жарқын беттері: Ұлы Отан соғысында қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары. 1941-1945.- Алматы: Қазақстан, 1987.- 96 бет.

Арынғазиев Б. Әнуар Әбуталіпов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1973.- 27 б.
Арулар отты жылдарда.- Алматы:Қазақстан, 1975.-272 б.

Аяшев Ж. Жолдас Сүлейменов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1975.- 28 бет: суретті.

Аяшев Ж. Сыдық Ысмайылов: Совет Одағының Батыры, 81-атты әскер полкінің взвод командирі жайлы: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1972.- 24 бет: портр.

Әкімқұлов Е. Қарақозы Әбделиев: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1969.- 30 б.: портр

Әлімов Қ. Сейітхан Темірбаев: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1975.- 24 б.: портр.

Әлішев Ә. Урмәш Түктібаев: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1969.- 26 б.: сурет.

Байсеркеев Л. Майданды демеген қуатты күш.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 160 б.

Бейісқұлов Т. Кеудесін оққа тосып.../ Мектеп балаларына арналған.- Алматы: Жазушы, 1975.- 37 бет: суретті.

Бекетаев Қ. Мәңгілік дастан.- Алматы: Қазақстан, 1990.- 192 б.

Бекетаев Қ. Сексен сегіз қыз: Хикая.- Алматы: Жалын, 1977.- 72 бет: суретті.

Бектемісов Ә. Жау жағадан алғанда: Әскери тілшінің жазбаларынан.- Алматы: Қазақстан, 1976.- 160 б.

Бекішев Х. Батальон алға.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 152 б.

Бигельдинов Т. Аспадағы айқастар.- Алматы: Жазушы, 1971.- 127 б.

Бимағанбетов М. Жауынгер жолы: Деректі повесть.- Алматы: Қазақстан, 1984.- 96 б.

Боздақтар: Алматы қаласы. Т.1. Ұлы Отан соғысы (1941-45) жеңісінің 50 жылдығына арналады. Отан қорғау жолында құрбан болған алматылық боздақтарға ескерткіш-кітап.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.- 496 б.

Боздақтар: Алматы қаласы.- Отан қорғау жолында құрбан болған алматылық боздақтарға ескерткіш - кітап.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000.- 712б.

Бөбеқұлов М. Мұсабек Сеңгірбаев: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1966.- 21 бет: портр.

Гречко, А. А. Соғыс жылдары, 1941-1943: Естеліктер.- Алматы: Қазақстан, 1978.- 576 б.: портр.

Ғабдуллин М. Менің майдандас достарым: Әңгімелер мен очерктер.- Алматы: Жазушы, 1985.-389 б.

Едігенов Н. Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында.- Алматы: Ғылым, 1970.- 167 б.

Ел мен ердің жеңісі: Публицистикалық мақалалар, очерктер, естеліктер.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 256 б.: 20 б. сурет.

Елеусізұлы Т. Иван Шадрин: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1973.- 24 б.: портр.

Елін сақтап қалды ерлер: Қазақ ақындарының Ұлы Отан соғысы туралы жырлары.- Алматы: Жазушы, 1970.- 231 б.: сурет.

Ешқашанда ұмытпаймыз: Белорус балаларының Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелері/ Орыс. ауд. Б. Юсупов.- Алматы: Жазушы, 1972.- 78 бет: суретті.

Жақсыбаев А. Құдайберген Сұрағанов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1969.- 27 бет.: портр.- (Ұлы Отан соғысының батырлары).

Жамбыл. Қамал бұзған қаһарман: Ұлы Отан соғысы туралы жырлар жыйнағы.- Алматы: ҚазБмб, 1945.- 92 б.

Жауынгер хаттары.- Алматы: Қазақстан, 1968.- 524 бет.

Жеңімпаздар: Ұлы отан соғысына қатнасқан Қазақстан жазушыларының естелік әңгімелері.- Алматы: Жазушы, 1965.- 500 бет.

Жеңіс жыры: Әндер жинағы / Құраст.Д.Мүсіров.-Алматы: Өнер, 1980.-127 б.
Жолдасбеков А. Ботабай Садықов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1967.- 23 бет: портр.

Жылқышев С. Аэронавтар айқасы: Аэронавт - ұшқыштың естеліктері.- Алматы: Жалын, 1977.- 171 бет: портр.

Жыр - аманат: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер ақындардың өлең-жырлары/ Ы. Адамбеков; Қ. Әбдәлиев т. б.- Алматы: Жалын, 1978.- 263 бет: портр.

Имашев М. Серікқазы Бекбосынов: 99-Әуе десанттық, гвардиялық атқыштар дивизиясы 300-полктың жауынгерлері жайлы очерк.- Алматы: Жазушы, 1972.- 32 б.

Көпбаев Ә. Ізқұтты Айтықов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1966.- 19 б.: 1 портр.- (Ұлы Отан соғысының батырлары).

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында: Библиографиялық көрсеткіш.- Алматы: Қазақстан, 1990.- 464 б.

Қайсенов Қ. Естеліктер мен жазбалар.- Алматы: Атамұра, 2002.-
304 б.

Алексеев С. Қаһармандар: Ұлы Отан соғысы тарихынан хикаялар/ Ауд. Б. Бабақов.- Алматы: Жалын, 1987.- 336 бет: суретті.

Қаһарлы сөз қамал бұзады: Ұлы Отан соғысы кезіндегі ақындар айтысы.- Алматы: Ғылым, 1995.- 272 б.

Малкин В. М. Батырлар қалмас беймәлім: Панфиловшы - жауынгерлер туралы деректі очерктер.- Алматы: Қазақстан, 1987.- 264 бет: суретті.

Меңдібаев Ә. От кешу.- Алматы: Қазақстан, 1974.- 112 б.

Мизамбеков Т. Григорий Безродный: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1973.- 24 б.: портр.

Момышұлы Б. Адам қайраты: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1981.- 208 б.

Мұқанов С. Мәлік Ғабдуллин: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1974.- 24 бет: портр.

Мұқанов Ш. Жалынды жылдар жаңғырығы.- Алматы: Қазақстан, 1982.- 71 бет: фотогр.

Мұсабеков У. Жолдыбай жолы: Деректі повесть пен әңгімелер.- Алматы: Қазақстан, 1983.- 104 б.

Мұстафин Б. Жәлел Қизатов: Очерк.- Алматы: Жазушы, 1975.- 27 бет: портр.

Нұрмағамбетов С.
Жауынггер жолы/ Әдеби өңдеген Ж. Жүмаханов.- Алматы: Қазақстан, 1975.- 119 б.: суретті.

Нұрмағамбетова О. Қаһарлы сөз - қамал бұзады: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтың халық поэзиясы.- Алматы: Қазақстан, 1965.- 76 б.

От ортасынан оралмағандар: Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер-журналистер жайлы жинақ.- Алматы: Қазақстан, 1972.- 255 б.: суретті.

Самұратов Ж. Жорықта өткен жылдар.- Алматы: Қазақстан, 1983.- 124 б.

Самұратов Ж. Оқ болып атылдық.- Алматы: Қазақстан, 1989.- 240 б.

Сәлем саған майданнан, Қазақстан!: 1941 -1945 Хаттар жинағы/ Құраст.: Д.С. Вечкутов, т. б.- Алматы: Қазақстан, 1975.- 399 бет: суретті.

Сәрсенбаев Ә. Батырлардың ізімен: Әңгімелер, естеліктер, күнделіктер.- Алматы: Жазушы, 1974.- 208 бет: суретті.

Сәрсенбаев Ә. Жауынгер монологы: Деректі әңгімелер, новеллалар, очерктер.- Алматы: Қазақстан, 1972.- 156 бет: портр.

Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы.- Алматы: Ғылым, 1974.

Сланов Ғ.
Алтай баласы.- Алматы: Жазушы, 1973.- 43 бет.

Смирнов С. Брест қамалы: Повесть.- Алматы: Қазақстан, 1967.- 493 бет: суретті, портр.

Сұртаев Т. Отан деп соққан жүрек.- Алматы: Қазақстан, 1989.- 160 бет.

Сыздықов Ш. Мәншүктің өшпес ерлігі: Деректі повесть.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 104 бет.

Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері/ Текст авт.Н.-Б.Нұрмұхаммедов.- Алматы: Өнер, 1985.- 176бет.: суретті.

Іңірбайұлы Е. Он сегізде от кешкендер.- Алматы, Үш қиян.- 2002.- 184 б.
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: 9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне арналғ
Просмотров: 33188 | Загрузок: 719 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]