Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
[ Скачать с сервера (121.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
16.10.2013, 14:18
Тақырыбы: §22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Мақсаты :
а) ХІІІ ғ. басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі жайлы жан-жақты түсінік беру.
ә) Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен
сезінуге баулу.
б) Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру,
ой-өрістерін дамыту.

Көрнекілігі: Карта.Техникалық құрал(компютер,Интерактивті тақта,)оқулық, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушылармен амандасу,түгендеу,зейінін сабаққ аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(Зымыран сұрақтар)
а) 1. Қожа Ахмет Иасауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген.
(870 -950)
3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)
5. Қожа Ахмет Иасауидің қандай шығармаларын білесіңдер.
(«Диуани – и хикмет »)
6.Ахмет Иүгнекидің кітабы: (Ақиқат сыйы”)
7.Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? (Әмір Темірдің)
8.Жүсіп Баласағұнның қандай еңбегін білесіңдер?(Құдатғу білік)

б)Тарау бойынша қорытындылау. Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.
1.Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?(Ұсталық,зергерлік,тас өңдеу,құмырашы көзешілік)
2 Зергерлер не жасаумен айналысады?(Сән-салтанатты,әсем зергерлік бұйымдарды жасаумен)
3.Егіншіліктің дамуына не әсер етті?(Қала санының өсуі және оның тұрғындарының сұраныстарына
байланысты дамыды.)
4.Ортағасырлық дамыған қалаларды ата?(Отырар,Тараз,ТалғарБаба-ата,Құйрықтөбе)
5.Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?(Қойға табыну салты,отқа табыну дәстүрі)
6.Мешіт дегеніміз не?(Мұсылман дінінің әдет-ғұрып,салт-дәстүрі орындалатын қасиетті ғимарат.

III. Жаңа сабақты меңгерту.(Жаңа сабақтың жоспары слайдттың көмегімен интерактивті тақтадан
көрсетіледі) 

Жоспары:
1.Монғол империясының құрылуы
2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
4.Жаулап алудың зардаптары.
5.Ұлыстардың құрылуы.
Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 5573 | Загрузок: 780 | Рейтинг: 3.1/29
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]