Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ХІХғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар
[ Скачать с сервера (9.05 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
12.12.2014, 19:51

Сабақтың тақырыбы: § 29 ХІХғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. 80 - 90ж. ж патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралыбілімдерін тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: XIX ғ. бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір - бірімен байланысын, ерекшеліктерін ашып көрсету.
Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан-жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, тарихи оқиғаларды объективті жағынан қарауға тәрбиелеу, Отанымыздың тарихын қастерлеп,бағалай білу, имандылыққа тәрбиелеу
АҚТ құралдары: MyTest-бағдарламасы, ЦБР-орталығымен онлайн байланыс, Activstudio құрылғылары.Radmin- компьютерлерді қашықтықтан басқару.
Әдісі: Сатылай кешенді талдау, тест түрлері (ашық, жабық, сәйкестендіру, хронологиялық), кесте толтыру, «фишбоун»-стратегиясы, картамен жұмыс, кейстерді модельдеу, алгоритмдік талдау, дәлел-дәйек, семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, тезис конспект жасау.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық
IV. Жаңа сабақты меңгерту
V. Сабақты түсіну және қабылдау
VI. Алған білімді қорыту және жүйелендіру
VII. Үй тапсырмасын беру
VIII. Бағалау

 

Ресей императоры III Александр 1886 жылғы 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойды. Ол 1867 жылғы «Уақытша ережеге» кейбір қосымшалар енгізді. Жаңа Ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары кірді. Оған 1897 жылы Жетісу облысы қосылды. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды.

1890 жылдың ақпан айында «Закаспийск облысын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Бұл әкімшілік бірлігінің құрамына негізінен түркімендер тұратын бес уезд -Красноводск, Ашхабад, Теджент, Мерв және Маңгыстау уездері кірді. Маңғыстау уезінде Кіші жүз, соның ішінде адай руының қазақтары тұратын.

Үшінші құжат — «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торгай облыстарын басқару туралы ереже». Оған 1891 жылғы 25 наурызда қол қойылды. «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Сырдария облысынан өзге барлық облыстары түгел кірді. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды.

Сөйтіп, бұрынғы үш генерал-губернаторлықтың орнына енді екі генерал-губернаторлық құрылды. Маңғыстау уезі олардың ешқайсысының құрамына енгізілмеді. Бұдан «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтіп бұрынғы біртұтас Кіші жүз енді үшке бөлінді. Соның салдарынан оның бір бөлігі Ішкі Ордaның, екінші бөлігі Закаспийск облысының, ал үшінші бөлігі Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Патша үкіметінін мұндай қадамға баруы Кіші жүз қазақтарының қайта-қайта көтеріліс жасай беруіне байланысты еді.

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 3647 | Загрузок: 217 | Рейтинг: 2.9/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]