Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Нарықтық қатынастардың орнығуы. 9 сынып - сабақ жоспар
[ Скачать с сервера (40.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
07.04.2017, 23:19

Қысқа мерзімді жоспар
Жұмабекова Ләззат, №163 орта мектеп жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

Күні: Пән аты: Қазақстан тарихы Сыныбы: 9 «в»
Сабақ тақырыбы Нарықтық қатынастардың орнығуы
Сілтеме Қазақстан тарихы, 9- сынып. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарлар.

Жалпы мақсаты
1980ж. КСРО экономикасында қалыптасқан жағдай туралы, нарықтық қатынастарға бетбұрыс, экономиканың дамуындағы екі тенденцияның орын алуы, сыртқы экономикалық байланыстар туралы оқып үйрету.

Күтілетін нәтиже
КСРО экономикасында 1980ж. қалыптасқан жағдайлар туралы оқып үйренеді.
Социалистік жоспарлы экономикадан нарықтық қатынасқа көшудің қажеттілігіне, кезеңдеріне, нәтижесіне, қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайына, сыртқы экономикалық байланыстарға диалог, сұрақ қою арқылы обьективті тұрғыдан баға беріп, салыстырып, өзін-өзі реттеу, бірлесіп оқу, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады, себептерін топпен талқылап, шығармашылық ізденістерін арттырады.
Берілген тапсырмаларды топпен бірлесіп орындау арқылы ұжымдық жауапкершілік дағдылары, адамгершілік қасиеттері дамиды, топпен бірлесіп проблема шешуге, тест тапсырмаларын орындауға дағдыланады.

Негізгі идеялар
КСРО кезеңіндегі жоспарлы экономиканың ерекшелігі, нәтижесі, нарықтық қатынастарға көшудің қажеттілігі, тиімділігі. Бағаның босатылуы. 1992ж. өндірістің құлдырауы. Нарықтық қатынастар теориясын енгізу. Меншіктің көптүрлілігі. Шетелдік мамандардың шақырылуы.Төлем дағдарысы.1993ж. 15қараша- Ұлттық валюта теңгенің айналымға енуі. Теңгенің тарихи маңызы. Қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Тапсырмалар
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар.
Жеке жұмыс «Инсерт» әдісі. «Деңгейлік тапсырмалар орындау».
Жұптық жұмыс «Ақпарат алмасу».
Топтық жұмыс «Джигсо», «Галерея».
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау.
Ресурстар Ақпарат көздері: Оқулық, интернет, баспасөз материалдары. Мәтіндер.
Интерактивті тақта, слайд.
Постер, маркер.Таратпа материалдары, бағалау парақшалары.

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 2245 | Загрузок: 90 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]