Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ - БАЙТАҒЫМ!


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
31.03.2012, 21:28
РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ - БАЙТАҒЫМ!

Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуші елдің жас ұрпақтарын Отанын сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Кіріспе әңгіме:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жахандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең - таңба ?! – деп ақындарымыз жырлағандай, халқымызда ұлттық Ту да, Әнұран да, Елтаңба да бар. Республикамыздың рәміздерін құрмет рәсіміне шақырып, туымызды көтеріп тұрып, мемлекеттік әнұранымызды орындаймыз.

Туға мойын бұрамыз
“Елтаңба” деп тұрамыз.
Әнұран боп асқақтар,
Біздің елдік рәміз.

Енді сабағымыздың екінші бөлімі, ой шақырамыз.
1. Біз қай ұлтпыз? Қайда тұрамыз? (Қазақ)
2. Біздің ана тіліміз қай тіл ? (Қазақ)
3. Біз қай дінге сиынамыз ? (Біз мұсылмандармыз, дініміз ислам)
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала және бұл қала қазір қалай аталады ? (Астана қаласы. Еуразия кіндігі)
Қазақ жері - қонақжай төрлер жері,
Қазақ жері - қас с ақтай ерлер жері.
Елі кедей болмаған – жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай шерлер жері.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы; Әнұраны қабылданды Енді олардың шығу тарихына тоқталамыз.
Мемлекеттік жалау 1992 жылы 4- маусымда қабылданып,
6- маусымда күшіне енді. Жалаудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың ашық көгілдір түсі, соғыссыз, бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба. Шаңырақ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ең жүрегін көтеріп, оған негізгі арқау болып, тұрған шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі - бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.
Тұлпар – ол мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қыран қанаты, мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп - өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз – Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Сабағымыздың 4-бөлімі. Оқушылар үйден жаттап келген отан туралы мақал – мәтелдерін, тақпақтарын, шығарған өлеңдерін оқиды.
5-бөлім. Тест.
1. Мемлекеттік жалау қай жылы қабылданды ?
а) 1990 6 - маусым. ә) 1991 4- маусым. б) 1992 6- маусым
2. Жалаудың өлшемдері:
а) ұзындығы 3 м, ені 1,5 м ә) ұзындығы 2м, ені 1 м
б) ұзындығы 2м, ені 3 м
3. Жалаудың авторы:
а) Шәмші Қалдаяқов ә) Жандарбек Мәлібеков б) Шәкен Ниязбеков
4. Елтаңбадағы тұлпар нені білдіреді ?
а) мәңгілік ә) молшылық б) байлық
5. Елтаңбаның авторы:
а) Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов
ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов
б) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев
Қорытындылау: Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығын ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсеңде көре азаппенен
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
“Бірлік барда – тірлік бар” деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын болып, халқын сүйер ер жүрек азамат болайық.
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: silent
Просмотров: 6386 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]