Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан тарихы бойынша билет сұрақтар (жауабымен)
[ Скачать с сервера (324.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
20.02.2016, 19:36

     30билет

  1. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты,кезеңдері және міндеттері.

Тарих )араб-зерттеу) – оқиғалар жөнінде әңгімелеу.Т- Басынан өткен заман туралы шежірелерді айту. Т - Адамзат баласының рухани тұғыра адам есебінде, ұлт ретінде өзге тіршілік жоғары иелеріне қасиетті құбылыс.  Тарихты білу алдымен туып өскен өлкеңді, еліңді білуден басталады. Т – біздің еліміздің, құқық сананың құрсағынан алып шығатын бірден бір жол. Тарих адам рухына жасампаздық нәрін ерекше күш-қуат және жігер беретін қайнар көз. Ә.Марғұлан )археолог, этнограф, тарихшы, ғалым): таңбалы тастың ұлы атққа ие болуының себебі, бұл қазақтар ұлы мереке жасап ұран шақырып, бір ел болып қалған екен.

Мақсаты – ұлттық руға, тайпаға, жұзге бөліну үшін емес, оның тұтастығына, ортақ тілі, діні, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арн, ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ алу, болашаққа үмітпен қарап, зерделі болу.   М - тек тарихи оқиғалармен, фактілермен таныстыру ғана емес, сондай-ақ адамның рухын тәрбиелеу болып табылады.  М – Отанымыздың тарихы, киелі қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың , соның ішінде, әрқайысысымыздың  ата-бабаларымыздың сапалықызметі нәтижесі екенін ұғындыру, ол біздің өміріміздің мәні, қоғам қомақты үлкен үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру.  

Міндеті қазақстандық патриотизм мен ұлттық намыс қалыптастыру.

Қазақстан тарихынан кең көлемді дерек көздері бар. Оларды -  археологиялық, ауызша, жазбаша, этнографиялық деп бөлуге болады.Археологиялық деректер: қару-жарактар, еңбек қүралдары, ыдыстар, архитектуралық ескерткіштер; этнографиялық: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер; ауызша: жырлар, хисса-дастандар, аңыздар; жазбаша: көне түрік жазбалары(Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары), көне грек жазбалары(Герадот, Страбон еңбектері), парсы деректері("Авеста"), көп кездесетіні қытай(Сыма Цян) және орыс(П. И. Рычков, А.И. Левшин, В.В. Бартольд, В.В. Радлов) деректері. Қазақстанның объективті тарихын жасауда ауызша тарихнаманың (шежіре) маңызы өте жоғары. Өйткені ХХғ. 1-жартысына дейін жазбаша эдебиет көшпелілер қоғамында елеулі рөл атқарған жоқ. Кеңестік тарихнама тарихты материалистік түргыдан түсінуді үстанды. Ол тарихшылардан партиялық принципті қатаң сақтауды талап етті.

  1. XVI – XVII ғғ. Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің қарым–қатынасы.

Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

     Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті.Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасынөзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері едәуір арта түсті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе, 15-16 ғғ. Екінші жартысына бастап Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді.

Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөлатқарды. Мысалы, Мәскеудің басшысы Иван ІҮ 1573 жылы Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігін қазақ даласына жіберді. Елшілік қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. 1594 ж. Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед орыс ұкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын.

Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстаушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға қарқынды кірісті.

Орыс мемлекетімен неғұрлым сенімі қатынастар орнатуға сыртқы қауіп-қатер ұдей түскен жағдайда өзінің халықаралық позициясын нығайтуға ұмтылған қазақ хандығы да ынталылық көрсетті.

Жоңғар хандығының құрылық Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды, Тәукенің Ресейге тілектестік қарым-қатынасы оның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді.

Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым-қатынаста аңысын андау позициясын ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен сұлтандарын Петр І үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға соғысуға ниеттері бар екенін мәлімдеуге етті.

1717 жылы қазақтардың жекеленген басшылары, Қайып пенӘбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніптұрғанын ескеріп, Петр І-ге өздерін бодандыққа алуды өтіне сөзсалды. Ал ол Швециямен соғысудан қолы босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі ырың-жырың мен өзара талас-тартысы туралы мәліметтері болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды әзірше қадағалай тұруды жөн көрді. Петр І-дің Ресей мемлекеті құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалаған ынта-ықыласы оның өз мемлекеті шептерін тек кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Ресейдің шығыс шекараларын қауіпсіздендіруге талпынған ниетін білдіреді. Құпия істердегі аға тілмәш және кейіннен дипломат болған А.Тевкелев хаттарының бірінде былай деп жазады: «....императорлық ұлы мәртебелі тақсыр император Ұлы Петр парсы жорығынан оралысымен өзінің отаны Ресей империясы үшін ежелден есітіліп жүрген және ол уақыттары белгісіз дерлік қырғыз-қайсақ ордасын Ресейдің бодандығына алуды көздеген ниетін білдіруді қалады және де сол өз монархым әсіресе төменгі дәрежедегі мені соған ол орда дәл бодандыққа өтуді қаламаса, бір бет қағазбен Ресей империясының қолдауында болуға міндеттенгенше, зор шығындарға қарамастан, менің тіптен бір миллионға дейін (сом) ақшаны шығарсамда, тырысуым керектігін айтты».

  1. Қазақ кеңес мемлекетінің құрылуы және дамуы. Қазақ автономиялы республикасының одақтас Республика болып қайта құрылуы.

Қазақ  Кеңес  мемлекетінің құрылуы. Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.

2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.   

4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.

5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші  облыстар.

6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.

  1.  

1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.
            Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы

1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылдады.

Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоныстанған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орынбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.

1920 жылдың 4–12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді.

   29билет

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 5216 | Загрузок: 247 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]