Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Интеллектуалдық ойын-2015
[ Скачать с сервера (61.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
25.03.2015, 14:55

интеллектуалдық ойын-2015 3- сынып

                                                                 Интеллектуалдық ойын

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,  шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.

                  2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.  

                     Сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

                  3. Білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

 Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

                                                           Іс-шараның барысы.

Құрметті қонақтар,оқушылар, бүгінгі  « Интелектуалдық ойын »атты  сайыс сабағымызға     қош  келіпсіздер!  Мұнда барлық сайыскерлерге қарапайым  сұрақ қойылады

Ойынға қатысушылармен танысу.

-    Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

        1-ші қатысушы – Мануков Арсен            

2-ші қатысушы –Нурушев Азамат

3-ші қатысушы -  Ярошенко Никита

4-ші қатысушы -  Кенжеғұлов Бахтияр

5-ші қатысушы – Кузембаева Камила

6-шы қатысушы – Сизов Виталий

 Шын жүйріктер сыналды жарыста

Жарыстың ба,орта жолда  қалыспа

Әділқазы бағалайды  сіздерді

Жеңіс мәре ,жақын ба,әлде алыс па?Дегендей әділқазылар  алқасын  сайлауға рұқсат етіңіздер.

- Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Мектеп директоры-

Тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары-

Қазақ тілі мұғалімдері-

 

   - Бүгінгі интеллектуалды ойын бес  асудан тұрады:

I асу – «Бәйге»

II асу – « Тіл өнері »

III асу – « Жеті жұмбақ»

IV асу – «Жорға»

V асу-«Жанкүйерлер»

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!!

1-тур Бәйге

Шарты

Ортаға жарысқа  2 команданы шақырайық.

1-топ «Білімділер»

2-топ «Болашақ»

1.Мұнда барлық сайыскерлерге қарапайым 20 сұрақ беріледі. Сайыскерлердің қолында оған берілген өз сандары болады. Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады.

3. сайыскерлерге 5  минут беріледі.

4 Қатысушы дұрыс  жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі

  1. Жалпы сұрақтар.

1-топ сұрақтар

1  Қазақ тілінде  неше әріп бар?(42)

2 Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

3 16 желтоқсан  қандай мереке(Тәуелсіздік күні)

4 Тұңғыш ғарышқа  ұшқан кім?(Тоқтар Әубакіров)

5 ҚР Рәміздерін атаңдар?(ту,елтаңба,әнұран)

6 Екі тәулікте неше сағат бар?(48)

7 Мемлекеттік тіл қай тіл?(қазақ тіл)

8 Тудың авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)

9  28 сағатта неше  тәлік,неше сағат бар?( 1 тәлік 4 сағат бар)

10 2 минут 30 секундта  неше секунд бар?(150 секунд бар.)

2-топ сұрақтар.

11 Бір жылда неше ай бар?(4)

12 Дружба-сөзінің аудармасы?(Достық)

13 Еліміздің бас қаласы  қай қала?(Астана)

14Жаздан кейін қай мезгіл?(күз)

15 Ұлттық музыкалық аспабы?(домбыра)

16 Бір жылда неше ай бар?(12)

17 Дауысты дыбыстар нешеу?(12)

18  Қазақ тілінде неше жалғау бар?(4)

19  Көктем айларын атаңыз?(наурыз,сәуір,мамыр)

20  Бір аптада неше күн бар?(7)

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Өнерліміз өрге жүзер өнерде,

Білімдіміз, ойда – оқу біздерде.

Мақсатымыз – өнерлі болып жақсы оқу,

Өнер – білім тең тарады біздерге – дей келесі асу – «Тіл өнері» сайысымызды бастаймыз

ІІ кезең «Тіл өнері»       

 Бұл кезеңде  Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысу.
Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту керек: орысша және қазақша. 1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай.
1. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық (қар,снег)
2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз,мороз)
3. Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз,лед)
4. Қалқиып 2 құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян,заяц)
5. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық,рыба)
6. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су,вода)
7. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл,слон)
8. Жеп көріп ем өзім мен
Жас шығарды көзімнен (пияз,лук)
9. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды (ағаш,дерево)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық,кошка)
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады (есік)
12. Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі,лиса )
13. Бұрасаң тетiгiн,

Соғады жүрегi,

Өлшемiн түн мен күн,

Әркiм-ақ бiледi.    (Сағат,часы )
 14
Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм,знания)

15 Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм,учитель )

 16 Қабы сояу,

Дiнi – бояу.    (Қарындаш,карандаш )

17 Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап,ручка )

18 Күмiс алмұрт тiлi бар,

Сыңғырлаған үнi бар.

Шақыратын бiлiмге,

Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау,звонок )

19 Төрт қырлы, өзi аппақ,

Тақтадағы iзi аппақ.   (Бор,мел )

20 Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш,линейка )

3-кезең Жеті жұмбақ –деп аталады!

1 Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

                                           (кітап )

2Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?   (Күнделiк)

 

3Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)

 

4 Көзге ілінбейді, 
Жұтсаң білінбейді. (Ауа) 

5Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

6Гүл ұшып гүлге қонады, 
Гүл бақшам гүлге толады. 
( Көбелек ) 

7Қолтығыма кіреді,

Қызуымды біледі.

                                 (Градусник)

 

 Әділқазыларға сөз берейік

 

 Келесі сайысымыз жорға  деп аталады

IV-кезең ЖОРҒА

1.Ойыншыларға сұрақтар  қойылады

2. Сұрақтарға тез жауап қайтару керек

1-ойыншыға сұрақтар

2. 1 жылда неше ай бар? Екі жылда ше?

3.  Қандай мерекелерді білесіздер? (22 наурыз 8 наурыз,9 мамыр )

4. 1 тәулікте неше сағат бар?(24)

5. 1 сағатта неше минут бар?(60)

       6Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

7Отбасы» деген сөзде неше буын бар?(3б)

8Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

9 Жалғаудың неше түрі бар? (4)

10Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

11Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

12 Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

13Сенің отбасыңда неше адам бар? (5)

14  Сен нешінші сыныпта оқисың?(3)

15Қазір қай жыл мезгілі?(көктем)

             2 – ойыншыға сұрақтар

16Жемістерді ата.(алма,алмұрт,жүзім)

17Көптік жалғауларды ата?(лар,лер дар дер)

18Қыс айларын ата.(желтоқсан ,қаңтар,ақпан)

19 Бүгін аптаның қай күні?(сейсенбі)

20     ҚР Президенті кім?(Н.Ә Назарбаев)

21Тұңғыш (орыс)ғарышкер кім? (Юрий Гагарин)

22Түйенің сүті? (Шұбат)

23Жылқының сүті? (Қымыз)

24Әкеңнің анасы? (әже)

25Түнде аспанда не пайда болады? (Жұлдыз)

26Ең ыстық жыл мезгілі ? (Жаз)

27Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана қаласы)

28Алфавиттің бірінші әрпі? (А )

29Ең суық жыл қай мезгілі? (Қыс)

30Қорқақ аң? ( Қоян )     

Жанкүйерлерге сұрақ:

1Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)

2Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)

3 Аптаның жеті күнін ата .

4. Елтаңбада қандай жазу бар? (Қазақстан)

5. Киімді кім тігеді? (тігінші)

2-ші ойыншыға сұрақ

1Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

2. Әкеңнің шешесі саған кім болады? (әже)

3. Елтаңбаның жоғары жағында не бар? (жұлдыз)

4. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

5. Наурыздың ең басты тағамы (наурыз көже)

Қорытынды. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін

әділ–қазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз! Әділқазылар жеңімпазды анықтап марапаттайды.

Осымен біздің сыныптан тыс іс –шарамыз аяқталды!

-сау  болыңыздар!             

Категория: Қазақ тілі
Просмотров: 2940 | Загрузок: 83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]