Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Киіз үй туралы ( Тәрбие сағаты )
[ Скачать с сервера (45.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
10.01.2013, 22:43

Ашық сабақ, Тәрбие сағаты

Киіз үйді жіліктей білесің бе?

(«Сарыарқа» күйі ақырын үнтаспада ойнап тұрады)

1- оқушы:

Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңінен үзінді оқиды.

2- оқушы:

Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.

 Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын – сағанақ деп атайды.

Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.

 Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.

Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.

 Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.

Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.

 Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады.

3- оқушы: (Киіз үйдің макетін құрады). 

Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады.

4- оқушы: Киіз үйдің ішкі баулары:

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

 Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

          Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

 Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

 Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

 Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

 Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

 Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

 

5- оқушы: Киіз үйдің шилері.

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.

 Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.

 Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

 Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.

6- оқушы: Үй жиһаздары.

 Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.

 Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

          Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп  

         қапталады.

 Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

 Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.

 Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

 Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.

 Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

 Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

 

7- оқушы: Төсеніштер туралы айтайын.

 Алаша  әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды.

 Бөстек  малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады.

 Киіз – қой жүнінен, еденге төсейтін төсеніш.

 Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ақ-қара киіздер бөлек-бөлек даярланып бір-біріне беттестіріп, қиюластырып тігеді.

 Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-өрнектер тігіледі.

 Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.

 Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.

 

8- оқушы:

 Көрпе – матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы. Көрпенің астары жай матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Егер көрпе тысын мата қиындыларынан құрап тіксе «құрақ көрпе» делінеді.

 Ақ дастархан – ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарханды кейде «ақ жаулық» деп те атайды. Дастарханның шетін сырып тігеді, не шашақ тағады.

«Ақ дастархан» әні орындалады.

 

9- оқушы: Қазақтың ұлттық киімдері, қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе атқан бай қазына.

 Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртында өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан – сұлтандар салтанатқа киетін болған.

 Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. рқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан – сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

 Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі – түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал – серілер салтанатқа киген.

 Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.

 Камзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.

 

10- оқушы: Зергерлік, бұйымдарды атап шығайын.

Алтын, күмістен жасалған білезік, сақина, тұмар, шолпы, алқа, сырға, белдік т.б. Күміс бұйым тағу тазалық, адалдық символы болған, сол себепті әрі әсемдік үшін таққан.

 

11- оқушы: Ұлт аспаптары:

 Адырна – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе таптып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.

Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарысен іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110-130см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.

Домбыра – қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалынады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледіДомбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

 

«Кеңес» күйі орындалады.

 

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin | Теги: Ашык сабак, киіз уй
Просмотров: 21244 | Загрузок: 378 | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]