Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні. Слайд шоу
[ Скачать с сервера (82.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
06.09.2012, 13:14
Жоспары:
1.Кіріспе.Мақал-мәтелдердің мәні
2.Негізгі бөлім.
1)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
2)Мақал сөздің мәйегі
3)Ұлттық тәрбие берудегі мақал-мәтелдің рөлі
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзіықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар ,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде ,көбінесе,ортақ ой,жалпы ереже,анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады,көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

Негізгі бөлім
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі –тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде,аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде,еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді;айтылмас ойды ажарлайды,әрі анықтайды.Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.
Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма ,онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.Мысалы,Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге,ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу,даму тарихын қоғам өмірінен,әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды.Таудай талап бергенше,бармақтай бақ берсін;Ісінің ағына қарама,маңдайыңның бағына қара дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе,Талапты ерге нұр жауар;Еңбек етсең емерсің дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін бейнелейді.Ал Оқу-өмір шырағы,кітап-білім бұлағы;Отан үшін отқа түс-күймейсің дейтін мақалдар жаңа заманның,біздің қоғамның ой-санасынан туған.
Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем шығармаларда да көп қолданылады.Ақын жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге,сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды.Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен ойнамайды,тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Күйі бірдің күні бір дейтін сөзін де жаңа мақалға жатқызуға болады.
Мақал-мәтелдер-ертек,аңыз әңгіме,батырлық-ғашықтық жырлар,қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жаныр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба директерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.Орхон жазуларында: Жырақ болса жаман сыйлық берер,жақын болса жақсы сыйлық берер;Бастыны еңкейткен,тізеліні бүктірген (Күлтегіннен);Жұқаны таптау оңай,жіңішкені үзу оңай;Өлімнен ұят күшті(Тоныкөктен)деген мақал-мәтелдерді оқимыз.Ал Махмұт Қашқаридың «Дивани луғат ат -түрік»сөздігінен:Ұлық болсаң кішік бол. . .;Тай ат болса-ат тынар,ұл ер болса-ата тынар;Күз болары көктемнен мәлім;Тау тауға қосылмас,адам адаммен әрқашан қосылар;Бейнет түбі-рақат дейтін мақалдарды; «Құтадғу білік»дастанынан біліп сөйлесең білікке саналар,білімсіз сөз өз басын жояар;Ауыздан бірде от,бірде су шығар,бірі жанса,бірі сөндірер;Аққан су ол-жақсы сөз,ол қайда ақса сонда гүл өсер дейтін мақалдарды оқимыз.
«Көре-көре көсем боласын,сөйлей-сөйлей шешен боласын»,деп еңбектенудің,талаптанудың,үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жас өспірімдердің сенімін арттырып,өздерін ынталандыра,қызықтыра түседі.Балалардың көңілін серпітіп,қанатына су бүркіп,эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше.Бұл барлық айтылған ойдың,насихаттың жиынтығы,қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден бір даналық сөз.
Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз,даналық ойларын балаларға,жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп,үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына,немересіне қалдырып отырған.Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды.Оқу білім-өмір шырағы деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.
«Оқу білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімиділіктен туатынын айтады. «Ақыл-тозбайтын тон,білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық босымды,мығым болатынын сан рет ескертеді.
Бірақ мұның өзі еңбексіз,әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қылатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес,ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан.Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесіне жнтуге болатынын ескертеді.
«Білім қымбат,білу қиын» деген мақал осыдан алынып,жас өспірімдерге әдейі айтылған.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен жоқ болса кішіден сұра,қалайда соның уәдесіне жет ,шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең,еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң,өкінішті боласың.
Өкініш естен кетпейді,бір тойғаның түске жетпейді,Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар деп жастардың намысына тие,ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар,-деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып,дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам болатын баланың талабы,ынтасы жас кезінен танылады.Көпшілікке ,оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды.Қоғамшыл,көпшіл бола бастайды.Ақыл,парасатқа бой ұрып,игі жұмысқа тез үйренеді.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin | Теги: Мақал-мәтелдердің, ҚАЗАҚ ТІЛІ, шоу, слайд, мәні., тәрбиелік
Просмотров: 35631 | Загрузок: 1437 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 3.5/42
Всего комментариев: 7
7 nazi  
нуу мақалдар кәні
Ответ: бул слайд шоу ашык сабак макал мател туралы

6 007  
Такырып Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

5 боташка  
не жазгансындар? макал мателдер кайда?

4 Ерке  
өте керемет материал, көп рахмет*

3 Алмат  
каякта?

2 Admin  
нени издеу киын?

1 Куатжан  
Неге издеу кыйын??????????

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]