Главная » Файлы » Ашық Сабақтар - Открытый урок » Қазақ тілі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жаңылтпаштар,жұмбақтар, Мақал-мәтелдер.
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 19.02.2013, 23:00
Шымкент-2012

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар,жұмбақтар,
Мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдермен таныстыру.
Ә) Дамытушылық:
Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу.
Б) Тәрбиелік:
Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Партисипаторлық әдіс.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану.
Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,телевизор макеті,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу
2.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.
Сыныпты үш топқа бөлеміз:
Тұлпарлар.
Достар.
Батырлар.
Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.
Сабақ ережесімен таныстыру.
1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс
3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт
5.Ережені бұзбау.

Әрбәр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Әр топ өздері арасынан:
1.Топ басшысын
2.бақылаушысын дайындайды.
Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.

1-бөлім.
«Білгенге маржан,білмегенге арзан».
Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.
Тапсырмалар:
№1.мақал-мәтел дегеніміз не?
№2.жұмбақ деген не?
№3.жаңылтпашты қалай түсінесің?
Талданып болған соң ойын: «түсін мені».
Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.
Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.
Бағалау.

2-бөлім.
«Халық айтса,қалт айтпайды».
Топ басшылары шығып,тапсырмалар алады.Ойлануға 1мин,түсіндіруге 2мин.
А) мақал-мәтелдерді мағынасына қарай ашып,түсіндіру.
№1. «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ».
№2. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық».
№3. «Екпей егін шықпас,үйренбей білім ұқпас».
Ә) әр топқа қима қағаз арқылы тапсырма беріледі,олар сол тақырып бойынша 5мақал айтулары керек.
1.Отан
2.Достық
3.Туған жер,ел.
Ойын «Түсін мені» (жалғасы).

3-бөлім
«Ойлан, тап» деп аталады.
А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.
Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.
№1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.
№2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.
№3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.
Ә) Шығармашылық жұмыс.
Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.

4-бөлім.
«Кім жаңылыспайды» ?
Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.
№1. Дәу тау болады,тау дәу болады.
№2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?
№3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.
Тесттік жұмыс. Сабақ мақсатына жетті ме? Сендер айыра аласыңдар ма? Тексеріп көреміз.
№1. Ақ тайлақ ақ па,қара тайлақ ақ па?
А) Жұмбақ
Ә) Мақал
Б) Жаңылтпаш

№2.Тура мағынада айтылған ақыл сөз
А) Мақал
Ә) Мәтел

-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Мақсатқа жеттік пе?

Бағалау.

Үйге: ел аузындағы сирек кездесетін мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтарды жинақтау.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 23548 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.2/4
загрузка...
Всего комментариев: 1
1  
керек мәліметтер көп екен рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]