Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Біз - ұмытпаймыз, біз - мақтанамыз! (9 мамыр жеңіс күні)
[ Скачать с сервера (145.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Басқа пән сабақтары]
12.05.2013, 13:55
Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған салтанатты жиын. 

Біз – ұмытпаймыз, біз – мақтанамыз! 
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыртпалығы мен сол кездегі жауынгер аталарымыздың ерлігін насихаттай отырып, мектеп оқушыларын соғыс және еңбек ардагерлеріне деген құрмет пен болашаққа деген жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жиын барысы. 
Оқушылар ұйымының президенті: Гимназия түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орында!
(Мемлекеттік Әнұран орындалады)
Ұлы жеңістің 68 жылдығына арналған «Біз – ұмытпаймыз, біз – мақтанамыз!» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

Айгерім. 1941 жылдың ең соңғы бейбіт күні сенбі еді. Миллиондаған Кеңес азаматтары демалыс күндеріне асыққан. Тек домна пештерінің мұржасынан түтіні бұрқырап, жолдағы жолаушы және жүк көліктері жөңкілуде. Бірақ бейбіт жатқан елдің қуанышының санаулы сағаттары ғана қалған еді. 

Айкен. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. Бұл соғыс 4 жылға созылған, 1418 күн мен түн, 34 мың кескілескен сағат пен қаза болған 27 миллион адам еді.

Айгерім. Соғыстың алғашқы күні олардың жастары 17 – 20 жаста болатын. Осы жастағы соғысқа аттанған 100 өрімнің 97 – сі майдан даласынан оралмады.
Иә, соғыс – бұзылған, жермен жексен болған 1725 қала, 70 мың ауыл, 32 мың зауыт пен фабрика, 65 мың шақырымға созылған темір жолдар.
Соғыс – Брест қамалын қорғаушылардың жаужүректілігі. Ол – қоршаудағы Ленинградтың 900 күні, «Шегінуге жол жоқ, артымызда – Москва!» деген панфиловшылардың анты.

Айкен. Соғыс – ол тыл еңбек еткен біз сияқты жас балалардың маңдай терімен өсіп шыққан бидай, көз ілмей станоктың жанында тұрған тәуліктер.
Міне, осындай жолмен келген жеңістің құнын білмеуге бола ма, соғыста қаза тапқан, тылда еңбек еткен, ортамызда жылдан жылға қатары сиреп бара жатқан отандастарымызды, олардың ерлігін ұмытуға бола ма! Ешқашан да, біз оны – ұмытпаймыз! Отандастарымызды – мақтан тұтамыз. 

Хор «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».
Марат. Иосиф Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды.

1ж. Бұл ән Кеңес жауынгерлеріне рух беріп, жеңіске деген сенімдерін күшейтті.
(видеоролик «Священная война» 2.04 – 3.14 интервал)
Қанағат
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.

Ержан. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі - бір орденмен, төртеуі - екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия - гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді.

Айгерім Ордаханова
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған,
Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған?
Бір ғажабы: қан майданда көзсіз батыр атанып,
Куәлігін жарты ғасыр кеш алған.

Балзина. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. «Даңқ орденінің толық иегері» атағына 110 қазақстандық ие болды. Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерацясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Рақымжан Қошқарбаев, капитан Чупрета, минометші Бақтыгереев, пулеметші Вицко, байланысшы Волочаевтар болды.

1ж. Сол сұрапыл жылдардың қасіреті туралы көптеген фильмдер түсірілген, ән арналып, кітаптар жазылған.
. Ендеше солардың біріне назар аударайық!
(видеоролик «Героям ВОВ»)

Ержан
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.

Абзал. Аты елге танылмай, белгісіз жауынгер саналып кеткен сарбаз қаншама. Солардың бірі Қарсыбай Сыпатаев - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, миномет нысанашысы, қазақ. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы алынып, Оңтүстік майдан 4-атты әскер корпусы 61-атты әскер дивизиясы 13- жеке атты артиллерия дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград шайқасында Сыпатаев асқан ерлік пен батырлық көрсетті. Сыпатаевқа жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Туған ауылы мен Шымкенттегі №7 орта мектепке Сыпатаев есімі беріліп, ескерткіш қойылған. Ленин орденімен марапатталған.

Ерлан
Соғыс жолы дауылмен,
Оқпен,отпен теңселген.
Шақырым емес, адыммен
Соғыс жолы өлшенген.
Соғыс жолы оң-солда
Жатты от боп жалындап.
Жорық шекті сол жолда
Бүкіл Отан адымдап.

Ұлпан. Рамазан Елебаев - 1910 жылы, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Құдықағаш ауылында туған. 1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді. Сол жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі "Жас қазақ” әні дүниеге келді. Сондай-ақ, композитордың скрипка мен фортепианоға арналған сюитасы, "Талғар полкінің маршы”, "28 батыр”, "23-полк маршы”, т.б. көптеген әндері бар. Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.

1ж. Рамазан Елебаевтың Төлегенге арнап жазған «Жас қазақ» әнінен үзінді тыңдап көрсек.
( «Жас қазақ» әнінен үзінді – 1 минут)

Наурызбай. Әбдіров Нұркен 1919 жылы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген, әскери ұшкыш-штурмовик, сержант. 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты.

Эленора. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштерорнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» атты деректі повесті бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды. Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

1ж. Неміс фашист армиясының ең түпкі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Отанымыздың жүрегін бүкіл ел боп қорғады.
2ж. Рас, Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін соғысты жеңуге өлшеусіз үлес қосып, көзге түскен кейбір қалаларға КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Батыр қала» атағы берілді. Мұндай атақты алған мына қалалар:
1ж. Батыр қала – Москва
2ж. Батыр қала – Сталинград
1ж. Батыр қала –Ленинград
2ж. Батыр қала - Киев
1ж. Батыр қала – Одесса
2ж. Батыр қала - Севастополь
1ж. Батыр қала – Минск
2ж. Батыр қала - Керчь
1ж. Батыр қала – Новороссиск
2ж. Батыр қала - Смоленск
1ж. Батыр қала – Мурманск
2ж. Батыр қала - Тула
1ж. Және Брест қамалы
2ж. Міне осындай 12 қала мен атақты Брест қамалына «Батыр қала» атағы берілген.

1ж. Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі
Қуану керек, қуану керек десек те,
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны.

2ж. Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

1ж. Ұлы Отан соғысында мерт болған жауынгерлердің рухына деген тағзыммен 1 минут үнсіздік жарияланады.
(1 минут үнсіздік жарияланады)



2ж.
Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!

1ж.
Бел шешіп, қабағын ашпаған,
Бой жазды күлімдеп қалың ел.
Әлемді апаттан сақтаған,
Жеңіспен оралды жауынгер!
2ж.
Жеңісім – салтанат, сән-сәулет,
Өмірім өркендей береді.
Жеңісім – береке, бақ-дәулет,
Осы ғой адамға керегі.
1ж. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда тарихи Жеңіс шеруі болып өтті. Бұл – Ұлы Отан соғысына қойылған соңғы нүкте болды.
2ж. Кеше елімізде Қазақ қарулы күштерінің құрылған күніне орай Отардағы 40-шы әскери базада бұрын-соңды болмаған әскери шеру өтті. 7 мыңнан астам сарбаз бен 600-дей әскери техника сынақ алаңының шаңын шығарды. Қарулы күштеріміздің қуатын көруге Жоғарғы бас қолбасшыдан бастап, қатардағы шенділерге дейін түгел жиналған.
1ж. Елімізде тек бейбіт шерулер ғана өтіп, сарбаздарымыз жаттығу үшін ғана сапқа тұрсын.

Сарбаздар әні. Орындайтын Сембі Салтанат, Қасымхан Айсара, Молдабек Айжан, Байқожа Айгерім.

Мадина
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз адамға тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!

Таңшолпан
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.
Ерлан
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар
Гүлдене берсін далалар.

1ж. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бейбіт күннің бәрі де жеңіс күні деп ақын жырлағандай, ерен ерлікпен келген жеңістің құнын ешқашан ұмытпайық.

2ж. Әр күніміз жеңісті болып аспанымызды соғыс бұлты ешқашан торламасын! Ұлы жеңістің 68 жылдығына арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

(«Көк тудың желбірегені» әні шырқалады.)
Категория: Басқа пән сабақтары
Просмотров: 7268 | Загрузок: 497 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]