Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Достық қымбат өмірде». тренинг сабақ
[ Скачать с сервера (40.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Басқа пән сабақтары]
28.11.2015, 10:14

Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

                         «Достық  қымбат өмірде». тренинг сабақ

Мақсаты: Оқушылардың  арасында  жағымды  қарым-қатынас  орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен  дос болуға  үйрету,  коммуникативті  өрісті  дамыту.

Міндеті:1.Адам қарым-қатынастағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік  беру;

2. Оқушылардың  арасында  достық  сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету;

3.Оқушыларды  сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Барысы:

II.Шаттық  шеңбері.

-Балалар, бәріміз  шаттық  шеңберіне  жиналайық. Енді  бір-бірімізге  бүгінгі  күніміздің  тамаша  өтуіне  арнап айтайық. «Досболайық бәріміз» әнін  айтайық.

Тренинг ережелерімен  таныстыру.

1.Кешікпеу.

2.Өз уақытында  бастау.

3.Бір-бірін сыйлау.

4.Ұзақ уақыт сөйлемеу.

5.Көңілді  болу.

Танысу  тренингісі. Өз есіміңізге  сын есім  қосып  танысайық.

II.Жаңа сабақ./электрондық  оқулықпен/

 Достық  қымбат  өмірде

Достар  әрқашан да бірге  ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса  бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі  түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір  тұрады. Досыңның  көп  блуы өз қолдарыңда. Егер сен  барыңмен  бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға  даяр  тұрсаң, сенімен бәрі де  достасқысы келеді.

III. Әңгімелесу

  -  Балалар, «достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

  -  Достар  қандай  болу  керек?

  - Нағыз  достар  қандай  болады?

 - « Жалған  достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

-Достары  көп  болу  үшін  адам  қандай  болу  қажет?

/ балалар  өз  ойларын  схема  арқылы  жеткізеді/

Адамдар  бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ  көзқарасы  достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы  мен бір-біріне қамқорлығы. Достық  қарым-қатынас  адамдарға  өз-ара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да  қамқор болады.Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың  мөлдір көзі.

IV. Мәтінмен  жұмыс.

 Енді, балалар,  біз достық, өзара сыйластық  құндылықтарының  мағынасын кеңірек  түсіну  мақсатында «Қарлығаш  пен  дәуіт»   ертегісін  мұқият тыңдап ертегі бойынша  сұрақтарға жауап  береміз. 

Қарлығаш  пен  дәуіт./электрондық  оқулық  арқылы/.

Қарлығаш жардың қуысына  ұя салып, балапан  шығарыпты. Анасы азық  әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана  күтумен болады екен.Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр  етіп,  балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.

Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.

- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, -дейді көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.

- Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.

Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:

- Мен үйленейін деп жатырмын,   мазамды алма!- дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.

Қарлығашқа дәуіт кездеседі.

- Достым ,неге жылайсың ? –деп сұрайды ол қарлығаштан.

- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.

- Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.

Қарлығаш пен дәуіт көзді  ашып - жұмғанша ұяға жетеді.Дәуіт ұяға  жетіп қалған жыланға тап береді.Жылан сылқ  етіп жерге құлап түседі.Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін  болған екен.

  - Балалар,  қарлығаш неге ренжіді?

- Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға  болмайды?

- Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?

/Берілген сұрақтар бойынша  балалардың жауаптары тыңдалып,  осының негізінде олар адамгершілік  құндылықтарының  мәнін  ұғына  түседі./ 

  IV.Дәйек сөз.

-Енді  балалар, бүгінгі  тақырыбымызға  сай  мына  дәйек  сөзді жаттап, дәптерімізге  жазып  алайық.«Жүз  теңгең  болғанша, Жүз  досың  болсын»

VI. Тыныштық  сәті.

-Балалар, орындарыңызға  емін-еркін  жайғаса  отырыңыздар. Енді көзімізді  жұмып, әркім өзінің досы, оның  жалпы  қасиеттері  туралы  ойлаймыз. /2-3 секунд/

-Балалар, достарымызды  ойлап  болсақ, көзімізді  ашайық. Параққа  аты-жөнімізді  жазып, ойлаған  досымыздың есімін  жазайық.

V.« Достық .Бірлік » үйін салу.

-Балалар,біздің  адал  достарымыз  әлде  де көп болу  үшін,  үлкен  үй  салуымыз  керек.Сол  үлкен үйді  бәріміз  бірге  салып  көрейік.

Мақал – мәтелдер.

 1. Досы  көпті  жау  алмайды,

  

 2. Досың көзіңде  болғанша,

      көңіліңде  болсын

 

3. Жүз  теңгең  болғанша,    

Жүз  досың  болсын.

 

4.Шын дос үшін қалайда,

Тік  қатерге  басыңды.

Айыра біл  алайда,

Досыңменен қасыңды.

 

5.Досы көппен  сырлас.

Досы жоқпен  сыйлас.

 

6.Досың  мың  болса да-аз,

Дұшпаның  біреу  болса  да-көп.

 

7.Досыңмен  дос  болғанға  шаттан

Дұшпаныңмен  дос  болғаннан  сақтан.

 

8.Ақылсыз  достан,  ақылды  дұшпан артық.

 

9.Дос  басқа  қарайды,

Дұшпан аяққа  қарайды.

 

10.Өрге  жүзген өнегелі  ісіңмен,

Адал дос тап, тең  құрбыңның  ішінен.

 

11. Күлме  досқа, келер  басқа

 

VIII. Социметрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты  анықтау,алынған  мәліметтерді  оқу-тәрбие  жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге  қазір  сұрақтар қойылады.Сол  сұраққа  осы өз  кластастарыңнан үш адам  есімдерін жазасыңдар.

1.Кіммен  дос болғың келеді?

2.Партада  кіммен  бірге  отырғың   келеді?

3.Мерекелерде  кімге сыйлық бергің   келеді?

 

Х.  Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның  ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет  жасау.Сол сияқты иығыңды  тіктеп , жарқын көңілмен іштей  табысқа  жетуге талаптанып, өміршеңдік  ережлерін  айтайық.

1. ЖІГЕР  ДЕГЕН-  МЕН

2.КҮШ  ДЕГЕН- МЕН

3. МАХАББАТ  ДЕГЕН –МЕН

4.КЕШІРІМ  ДЕГЕН – МЕН

5.ҚҰДІРЕТ  ДЕГЕН –МЕН

6.ЖАСӨСПІРІМ  ДЕГЕН – МЕН

7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН

8.ДЕНСАУЛЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

9.АДАЛДЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

11. БАР  ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.

ХОРМЕН: Бәрі  маған  байланысты,

        Бәрі менің  қолымда.

Х. Қорытынды.

Оқушылар  бүгінгі  сабақтан алған әсерлерін жазып күнге  жабыстырады. Балалар, бәріміз  бірігіп  жақсы  сөздерге  толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген  күн  құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол сияқты  достарымызға және өзімізге  тек қана жақсылық  сыйлайық.

IХ. Жүректен-жүрекке жылы  лебіз білдіру.

Қанатты  сөз.

Құс қанатымен мықты,

адам  достарымен  мықты.

Мұғалімдерге  жүрекке  жылы сөздер  жазып  тарату.

Категория: Басқа пән сабақтары | Добавил: venalgvm
Просмотров: 7401 | Загрузок: 124 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]