Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Семей полигоны
[ Скачать с сервера (46.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Басқа пән сабақтары]
16.05.2013, 15:23
Семей полигоны

Қазақстан-ядросыз мемлекет, бірақ бұрынғы кеңес үкіметінен үш сынақ полигоны қалды. Ең үлкені-Семей сынақ полигоны. 1949 жылдың жиырма тоғызыншы тамызында Семей полигонында бірінші бомба жарылды. 1963 жылға дейін жарылыстар көбінесе жер мен суда болды. Сол сынақтар зардабы арсыз адамдарға шейін састырды, кейін сынақтарды жер астында өткізетін болды. Барлығы 456 жарылыс, жалпы қуаты 17420 килотонна.
Ақырғы сынаудың күні-19 қазан 1989 жыл.
Көне дала, әдет-ғұрып, қарапайым адамдар, сансыз көп жануарлар мен өсімдіктер-барлығы соғыс күшінің аманаты болды.
Сексенінші жылдардың екінші жартысында басқа қоғамдық процесстермен қатар, бостандық қажеттілігі туындады. 1988 жылы бұл полигонды жабу үшін ұйымдасқан қозғалыс, белгілі ақын, қоғам-қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада-Семей» қозғалысына айналды: «Невада-Семей» қозғалысы халықтың атомға көзін ашты және халық оны қолдап, мақұлдап қарсы алды. Митінгілер, жиналыстар, хаттар, үкіметке үндеулер, мыңдаған қол қойылған қағаздар жиналды, полигонға пикет қойылады. Ақыры ескі жүйе шегінуге мәжбүр болды.
Полигон жабық, бірақ іздері қалды. Облыста рак ауыруы өте биік деңгейде, адамдар мен жануарлардың генетикалық құрылымдарындағы өзгерістер, адам өлімінің жиілігі, мыңдаған шақырым уланған жер. Бүгінгі күннің жағдайын шешетін әртүрлі пікірлер бар, бірақ біреуі анық: халықтың денсаулығына, табиғатқа келтірілген экология мен моральдық зияндарды бағалау керек. Қазақстан осы проблеманы жалғыз отырып шеше алмайды. Оның шешіміне тек Қазақстан ғана мүдделі емес. Бұл планета деңгейіндегі маңызды мәселе. 

Ядролық қару

Қазақстанда Кеңес Одағының қорғаныс өндірісінің 50-ге тақау кәсіпорны қалды. Тұрғыны аз, жері кең көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар Қазақстан зымырандық, ядролық, басқа да жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты сынау үшін «таптырмайтын» орын болды. Байқоңыр ғарыш айлағының құрамында зымыран сынау полигоны жұмыс істейді. Әуе шабуылынан, зымыран шабуылынан қорғанатын қаруларды сынайтын Сары Шағанды да атап өтуге болады. Қазақстан аумағында Кеңес Одағы кезінде 8 ірі сынақ полигоны болды. Бұл полигондар республика жерінің 7 пайызын алып жатты.
Семей ядролық полигонынан бөлек Кеңес Одағының ядролық инфрақұрылымына тікелей қатысы бар кәсіпорындарының саны да есепсіз. Олардың қатарына Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты. Целинный тау-химия комбинаты. «Южнолиметалл» орталық кен басқармасы, Маңғышлақ энергокомбинаты, Азғыр полигоны, тағысын тағылар болатын. Бірақ ядролық қару мен зымырандарды өндіру мәселесі шешіле қойған жоқ.
Оның аумағында бұрындары жабық қалашық аталынған Курчатов орын тепкен.
Бұл полигондағы тұңғыш сынақ 1947 жылдың 29-шы тамыз күні өткізілді. Оның қуаттылығы 22 килотоннаға дейін жетті. Жалпы есеп бойынша 1949 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта 456 жер асты және әуеде ядролық сынақ жүргізілді. Осы уақыт аралығында жүргізілген сынақтардың жалпы куаттылығы Хиросимаға тасталынған атом бомбасынан 2500 есе күшті.
Республика жұртшылығының 1989жылғы ақпандағы митингісі Невада-Семей халықаралық қозғалысына жол ашты. Оны ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс ең ықпалды қоғамдық қозғалысқа айналып, ядролық сынақты тоқтату үшін әскери өнеркәсіп кешенімен тегеурінді күрес жүргізді. «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы мен әлемдегі барлық ядролық қаруға қарсы қозғалыстардың атом қаруын сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатымен 1990 жылы мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 1991 жылғы 28-тамызда Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша,Семей полигоны Қазақстан Республика-Жергілікті халық бұзылған ғимараттармен түрлі қалдықтарды жинастырып, металл бөлшектерін теріп күнелтуді кәсіп етіп алған. Сондай-ақ өңірден әскери қарулар, жанармай толы бөшкелер жиі табылады. Осының өзі мұнда келушілерді қатты қызықтыруда.
Лазерлік қаруды сынайтын Терра-3 полигоны. Жоғары қуатты лазерлік қаруларды сынақтан өткізу мақсатында құрылған. Сары Шаған полигонынан онша қашық емес, Қарағанды және Жамбыл облыстарының шектесер тұсында орын тепкен.
Бұл полигонда қуаттылығы жоғары әскери лазер қарулары сынақтан өткізілген.
Возрождение полигоны. Арал теңізіндегі осы аттас аралда орналасқан бактерологиялық қаруларды сынақтан өткізу мақсатында пайдаланылып келді. Әскерилер бұл жерге 1948 жылы келді. Осы жылдан бастап аталмыш полигонның іргетасы қаланды. Биополигон өз жұмысын 1954 жылдан бастап күшейтті.
Аталмыш полигонда адам баласы естіп-білмеген сұмдық сынақтар жүзеге асырылды. Дәлірек айтсақ, ауаға түрлі аурулардың вирустарын жіберу арқылы жаппай қырып, жоятын қарулар сыналды. Мәселен, күйдіргі, оба, бруцеллез, шиқан, түйнеме, ботулизм, бортпе сүзегі, сарп, сал, маңқа, энцефалит т.б. аса қауіпті инфекциялар пайдаланылды.

Нұрсұлтан Назарбаев
Ядролық қарусыз болашаққа


Таяуда Алматыда өткен «ХХ1 ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның аясында тұсаукесері болған Нұрсұлтан Назарбаевтің «Бейбітшілік эпицентрі» кітабы газет оқырмандары тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Жұртшылықтың Елбасының тың ықыласына орай кітаптың шағын бір бөлімін жұртшылық назарына ұсынуды жөн көрдік.

Батыс адамындағы қарапайым сана мифологиясының КСРО мен коммунистік блоктың ыдырауы жаппай бейбітшілікке қауіпсіздік пен қолайлылыққа жеткізеді деген алдамшы қиялы ащы түңілушілікке ұласты.
Дүние бір орында тұрмайды: ондағы тепе-теңдікті - оның бұзылуы, интеграцияны – дифференциация, конвергенцияны дивергенция алмастырып жатады және осы эволюция өзгермешілігі 20 ғасырдың 70-80-ші жылдары қалыптасқан біршама күш теңдігінен кейін оның бұзылу кезеңі келетіндігін байқатқан еді. Субъективтік кепілдер мен тұрақтылық агенттіктері де абсолюттік бола алмады: КСРО Президенті М.С. Горбачевтің биліктен мезгілсіз бас тарту жәйті, ең алдымен, КСРО-ның негізгі мұрагері ретіндегі Ресейде, ал одан соң кеңестен кейінгі өзге де республикаларда оның жолың қуушылар саяси тағдырының «жазмыштық» болжап болмаушылығын айқындап бергендей еді. Әлем кеңестен кейінгі кеңістіктегі оқиғалар өрбуінің мүмкін болатын барлық нұсқасын есептей алмады. Осынау неғайбылдық жағдайда жаңа мемлекеттердің бұдан былайғы тағдыры туралы толып жатқан әрқилы болжамдар қаптап кетті.
Әлемдік қауымдастыққа дамудың оңтайлы нұсқаларының іске асуына көне Достастық елдерінде барлық қажетті мемлекеттік құрылыс институттары түпкілікті қалыптасқанға дейінгі біршама орнықты кезеңге үміт арту ғана қалды.
Бұдан былай біздің аумағымызда, қандай да болсын қажеттілікпен және мүддемен түсіндірілуіне қарамастан, ешқашан атом және сутегі бомбалары жарылмайтын болады. Өйткені келесі ондаған ұрпақтың бойынан бас бермес реакция тізбегінің радиоактивті салдарлары тажал жаңғырығы болып естілуінің қасында ешқандай да, оның үстіне әскери сипаттағы қажеттіліктер түкке де тұрмайды.
Семей полигонының жабылуы атом тарихында мемлекет ерікті және біржақты түрде өз аумағында ядролық және термоядролық зарядтардың сынақ жарылысы жөніндегі бүкіл жұмыс кешенін тоқтатқан бірінші және бірегей оқиға болды.
Ядролық немесе сутегі жарылысы-бәрі бір. Маңыздысы-Қазақстан аумағында ешқандай, еш жерде және ешқашан атом жарылысына жол берілмейді. Семей полигонының жабылуы осыны білдіреді. Былайша айтқанда, бұл ақтық үкім және шағымдануға жатпайды.
Алайда шаруаның жартысы ғана істелген еді. Келесі жарылыстарды болдырмау ғана емес, сонымен бірге бұрынғыларының салдарын түзету қажеттігі түсінікті болатын.Өйткені сол сынақтардың салдарын, сайып келгенде біз ғана көрдік, басқаша болудың реті де жоқ.Ядролық қару бұдан былай кімге тиесілі болуы тұрғысында талас жетіп жатты,бірақ, қаншалықты менің есімде қалғанындай,өткізілген ядролық сынақтар мен олардың сандаған салдарының кімге тиесілігі туралы бірде-бір талас болған жоқ.
Ядролық қаруды ғана емес,сонымен бірге оған байланыстың бәрін де алғысы келетін ешкім табылмады.Атап айтсақ,Қарқаралы ауданы,соның ішінде Қарағайлы кенті,Семей ядролық полигонымен шектесетін экологиялық апат аудандарының тізіміне кіргізілмегенін қатты ашу-ызаның үстінде барып ашылған ащы шындық.Қарағайлы кентіндегі 1000 баланың 88-і дүниеге кінәратпен келеді,олардың басы былқылдап ісініп,көбісі жырық ерін болып,жыныстық тиесілігі белгісіз болып туады.
Содан бері 42 жыл өтті.Дегенмен зерттеулерде осы аймақтағы радиация деңгейі 1985 жылдан үш жыл бойы үш-төрт есе көбейіп тұрған.Оған полигон емес,Чернобыльдегі атом электростанциясының апаты әсер еткен.Атом электростанциясының радиоактивті қалдықтары желмен ұшып,Алтай өңірі,Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймағы келіп қонып жатты. « Сондықтан 1985 жылдан бері аралықтағы Семей аймағындағы ауаның ластануына Чернобыль апаты кінәлі» деп дәйек келтірген ғалымдар.Ал генетикалық мутацияға келсек,осы мәселеге қатысты профессор Атшабаров мынандай мысалды алға тартады: « негізінен,генетикалық мутация радиация сәулесіне ұрынған алғашқы буында кездесуі керек.Алайда Семейде ,әсіресе,полигон ошағы Абай ауданында мұндай жағдай кездеспеген» дейді сол кездегі зерттеулерге жүгінсек.
Қорыта келсек, осыдан 20 жыл бұрын Алматы қаласында митингте Олжас Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық,шығармашылық,діни ұйымдарына,советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне,халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне,Невада штатында( АҚШ ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып,Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.Бүгінде полигон жабық, бірақ іздері қалды.Әлі де адамдар зардап шегуде.
Категория: Басқа пән сабақтары
Просмотров: 9167 | Загрузок: 550 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]