Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Үш тұғырлы тілдің-болашағы жарқын! (Н.Ә.Назарбаев)
[ Скачать с сервера (24.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Басқа пән сабақтары]
16.12.2018, 21:18

Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын
Қазіргі қазақстандақ үшін үш тілді меңгеру-бұл өз игілігінің кепілі.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі,қасиеті шексіз.Ол әрбір адамның бойына ана сүімен бірге еніп,дариды.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Атадан юалаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек,әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал.
Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баста көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - туған тілі. «Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойщыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өңірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналары сөзсіз. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз ¬туған тіліміздің мерейін үстем етті.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
Қазіргі жаһанданған, ақпаратық дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістермен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көп ұлтты мемлекетке айналды. Осы орайда Елбасымыз атап өткендей: «Біз-көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілімен мәдениетін және салт дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауда алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»,-деген болатын.
Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілді оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл – заман талабы. Осы орайда тәрбиеші мен мұғалімдер бәсекеге қаблетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі екендігін үндеуінде атап көрсетті.
Бұл үдерістен бізде тыс қалмауымыз керек. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да, берері де мол.
Осы оқу жылының басында «Тілдер мерекесі» апталығында жүргізілген барлық іс шаралар үштұғырлы тіл биігінде аталып өтті. Шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де орасан зор еңбектері көрініс тапты. Балабақшадан бастау алған осы саясаттың түрлі тақырыптарда лингвистикалық, экономикалық тарихи, танымдық сайыстар оқушылар арасында үштұғырлы тіл барысында белең алуда. Алдағы уақытта үштұғырлы тілді меңгеру - еркіндіктің, бостандықтың, тәуелсіз ел ұландарының бәсекеге қабілетті дара тұлға болатындықтарының кепілі.

Категория: Басқа пән сабақтары
Просмотров: 1320 | Загрузок: 35 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]