Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Әдебиеттік оқу 2 сынып
[ Скачать с сервера (92.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
13.11.2013, 20:37
2 сынып Әдебиеттік оқу 03.09.2013 ж
№1Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық »
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту.
3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алаыңдар.Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?
ІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады?
2.Білім не үшін керек?
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны)
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың?
б/ Дәптермен жұмыс
Ыбрай Алтынсариннің өсиетін дәптерге түсір.
сөздік жұмыс жүргізу.
Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:
Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?
Тауып оқу
Ү. Қорыту: Ыбрай Алтынсарин тіралы мәлімет жинаү
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.


2 сынып Әдебиеттік оқу 03.09.2013 ж
№3 Сабақтың тықырыбы: Өтебай Тұрманжанова «Мектеп біздің анамыз»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыра отырып,оның шығармашылығы туралы айту.Өлеңнің негізгі идеясы-білім,білім көзі мектеп,кітап екендігін ұғындыру,білім алуға ынталандыру.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды білімді болуға, мектеп ережелірен және мектепті өз үйіндей таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психалогиялық кезең:
ІІІ. Үй тапсырмасын сқрау:
Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
Қандай өсиет қалдырды?
Өлеңді жатқа сұрау.
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ
а/ Ө.Тұрманжанова туралы түсінік.
Ө.Тұрманжанова 15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылына дүниеге келген.Оның шығармалары өте көп.Балаларға арнап ертегі,әңгімелер жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы? Сурет пен өлеңді салыстырып көр.
2.Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген??
3.Балалардың көңіл-күйі қандай?
4.оқудың алғашқы күні екенін неден аңғардың?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1.Өлеңді оқып ақын қолданылған сөздерді пайдаланып,сурет бойынша әңгіме құрастыр.
б/ Дәптермен жұмыс
сөздік жұмыс жүргізу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:
1.Ө.Тұрманжанов туралы не білдік?
2.Күз мезгіліндеігі алғашқы күн қандай мереке?

Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып кел.Бағалау.

2 сынып Әдебиеттік оқу 22.10.2013 ж
№29 Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Түйе туралы жырды мәнерлеп түсініп оқуға үйрету.
2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту.
3. Оқушыларды білімді болуға, төрт түлікті баптап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Сиыр туралы не білеміз? Оның сүтінен қандай тағамдар әзірлейді? Оның етінен не әзірленеді? Терісінен ше?
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақты шеш.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шюптер- тамағы,
Шөлге шыдап бағады. Түйе
Түйе туралы не білеміз? Оның төлі қалай аталады?
Оқулықпен жұмыс
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы?
2. Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?
3.Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
2. Түйенің пайдасы қандай?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
б/ Дәптермен жұмыс
1.сызбаны толтыр
Түйе жүніне істелетін бұйымдар Түйе сүтінен істелетін тағамдар Түйе терісінен істелетін бұйымдар





ІҮ.жаңа білімді бекіту::
Түйе қандай жануар?
Мақал-мәтелді түсініп оқы.Талда.
Нар жолында жүк қалмас.
Ү. Қорыту: Сабақта не туралы білдік?
ҮІ. Үйге тапсырмасы. Жырды мәнерлеп оқу.Бағалау.


2 сынып Әдебиеттік оқу 24.10.2013 ж
№29 Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Төрт түліктің кеңесі туралы мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқуға үйрету. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
Дамытушылық: Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың типі: жүйелеу,пысықтау
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Түйе туралы не білеміз? Оның сүтінен қандай тағамдар әзірлейді? Оның етінен не әзірленеді? Терісінен ше?
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе
Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.

қ
а
й
т
а
л
а
у

1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(қозы)
2. Ер қанаты не?
3. Төрт аяғын тең басқан. ( түйе)
4. Жабағыдан кейінгі не ? (тай)
5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).
6. Ешкінің төлі. ( лақ)
7. Сүттің түсі қандай? (ақ)
8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп
аталады? (уыз)
-Сонымен бірінші қатардағы ,торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?
-Қайталау.
-Қандай ауыз әдебиетінің саласымен таныс едік?
Төрт түлік туралы жырлар.
Оқулықпен жұмыс
ә/ Жырды мәнерлеп рөлге бөліп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: Дәптермен жұмыс
Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптеріңе теріп жаз

Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні
Тұрмыс жағдайы төмен адам Қоры үзілген қу
Еңбекқор адам Шаруа қуған
Батыл, өжет адам Найза ұстаған ер
Шаруасы жақсы, бай адам Ел ішіндегі зор

Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
59 беттегі суреттерге зер сал.Қай түлік қай жерді қалайтынын айт.Мәтіндегі сөз тіркесін пайдалан.
Қой 1 сурет: күнгейлі қара тас
Сиыр 2 сурет. Қалың қорыс ну
Жылқы 3 сурет: бетегелі бел
Түйе 4 сурет: жалмаң құлақты сор
ІҮ.жаңа білімді бекіту:
Сонымен,төрт түлік қандай жерді, қандай кісіні қаладй екен?
Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін ата.
Ү. Қорыту: Сабақта не туралы білдік?
ҮІ. Үйге тапсырмасы. ІҮ деңгей топ бойынша мәтінді сахыналауды ұйыдастыр..Бағалау.
Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 31840 | Загрузок: 3101 | Рейтинг: 3.4/38
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]