Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ашық сабақ сөз таптары (қазақ тілі 4 сынып)
[ Скачать с сервера (37.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
15.09.2014, 12:52

Қазақ тілі
Санатория түріндегі Шалдай мектеп-интернаты,
Щарбақты ауданы, Павлодар облысы
Бастауыш сынып мұғалімі Жакенова Жанат Темирбулатқызы
4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың 3-сыныпта өткенді қайталау жұмыстарына байланысты сөз таптары бөлімінде алған білімдерін тексеру;
2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту;
3. Тиянақты болуға, жинақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы, аралас
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, көрнекілік, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану
Жаңа технологиялар: интерактив тақтасы
Көрнекілігі: слаид, карточкалар
Сабақтың уақыты:
1. Ұйымдастыру кезеңі – 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 7-8 мин.
Әдістері: сұрақ-жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу, талдау, тест.
3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
4. Жаңа сабаққа кіріспе – 1-2 мин.
5. Жаңа сабақ – 15-20 мин.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т.б.
6. Жаңа сабақты пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
7. Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 1/3 бөлік, түсіндіру, жас, жеке ерекшелікті ескеру.
8. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру (оқулық, дәптер, т.б. оқу құрал-жабдықтарының болуы)
- көңілді щеңбер ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
- Сөз неден құралады;
- Әріп дегеніміз не? Дыбыс ше?
ІІІ. Негізгі бөлім

А) психологиялық дайындық
- кез келген бір зат алайық.Ол зат қалам болсын. Оған сипаттама берейік
- не?
- қалам
- оның түсі
- қара
- қалам нешеу?
- қалам біреу
- біз қандай әрекет жасадық.
- заттың атын білдіретін сөзді жіктедік
Жақсы, бүгінгі біздік өтетін тақырыбымыз сөз таптары.
Б) оқушыларға дерек беру
Бірінші оқушыларға сұрақ қою арқылы сөз таптары не білетінін тексереміз
Сызба арқылы оқушылардың жауаптарын бір жүйеге келтіреміз



Мұнда сөз табының сұрағын, мысалын қосуға болады.
В) Жазба жұмысы
Жаттығу орындау
Қосымша тапсырма: ребустың шешуін тап. Слаидтар кезек кезек көрсетіледі.
Тапсырма: ребустың шешуіндегі сөздерді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелде
YІ. Сергіту сәті
Слаид бойынша (егер видеоролик болса, тіптен жақсы) оқушылармен денені сергітетін жаттығу жасау.
Y. Қорытынды бөлім.
Сабақты бекіту. Оқушыларға карточкалар тарату
Үйге тапсырма беру
Бағалау

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 7170 | Загрузок: 175 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]