Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсін!
[ Скачать с сервера (624.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
22.07.2015, 19:17
Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!
Мақсаты:
1. Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру.
2. Білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
3. Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, шар, слайдтар

Өтілу барысы:
Жүргізуші: Кіріспе сөз:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген 4-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсің!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй - тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.
Мұғалім:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, «Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Жүргізуші:

1. Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
ЕРАСЫЛ біздің әрқашан,
Күлімсіреп жүреді.

2. Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын.
ҚУАНЫШ біздің қашанда
Жалқаулыққа бармайтын.

9. Біліміменен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан сынып та.
ДАМИР біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.


Хормен:
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
Үшеуміз,
Биікке самғар қыранбыз.

Қуаныш:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма,
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма,
Бастауышта алған білім,жырларым,
Азық болар мәңгі талай жылдарға

Ерасыл:Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Дамир: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Қуаныш:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: «Мектеп полькасы»
\Ерасыл: Иә осыдан төрт жыл бұрын,біз алты жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Қуаныш: Енді міне сауатымызды ашып,білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып,орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Дамир: Иә міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,тәрбиелі,өнегелі азамат етіп шығарды.
Бізді бастауышта оқытқан Жанар апай,Назерке апайларға алғысымыз шексіз.
Қуаныш:Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Дамир: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік кеп.


Ерасыл: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпінен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Көрініс:
Жүргізуші:
«Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің ктпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып ,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,4 әріпті танытып,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз –ұстаз екені бәрімізге мәлім.
Ендеше балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын тыңдайық.

Қуаныш:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей ,оқуға,жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.»Мұғалім –мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Ерасыл: Дұрыс айтасың Қуаныш,ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Дамир: Иә,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да,данасын да ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ,кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.

Жүргізізуші:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып,мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән: «Алғашқы ұстаз»
Көрініс:

«Мектеп-білім» кемесі
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана,ұстаз ,балаға
Ақ жарқын сәлем бересіз
Шақырып едік келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
(Мектеп басшыларына сөз беру)
Сөз мектеп директоры Е.А.Маткаримовқа беріледі.

Слайд: «4 жыл бірге...»

Қортынды сөз 4-сынып жетекшісіне беріледі.
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік-шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Хор: «Бастауышым-бал бұлағым» әні

Осымен 4-сынып оқушыларының «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!» атты бастауышпен қоштасу кеші аяқталды. Сіздерге рахмет!
Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 2135 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]