Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Дүниетану оқу бағдарламасы (1 - 4 сыныпатар )
[ Скачать с сервера (158.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
06.12.2013, 23:04
І. ТҮСІНІК ХАТ

«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың
біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;
- білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–
- құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;
- білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың
- келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:
1. Адам.
2. Табиғат.
3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.
«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.
«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады.
«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:
1 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Білім мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық сипатын қамтамасыз ете отырып, балалар мен ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз етеді. «Дүниетану» оқу пәні бойынша келесідей қосымша оқу бағдарламаларын жасау ұсынылады. Мысалы, «Өзіңді тани біл», «Табиғат және адамдар», «Әлем және адам», «Табиғатта қонақта», «Жасыл дәріхана», «Туған ел», «Туған өлкенің табиғи байлықтары» және т.б.
Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 16817 | Загрузок: 2032 | Рейтинг: 2.6/18
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]