Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Күз-мереке, күз-береке" тәрбие сағаты
[ Скачать с сервера (28.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
29.09.2014, 20:48

Тақырыбы: « Күз – мереке, күз-береке»
Мақсаты:

Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жоспары:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Топ құру. «Көкөністер» , «Жемістер»
3. «Қас-қағым сәт».( сұрақтарға жауап беру)
4. «Пантомимо» (жеміс немесе көкөніс жеуді мимика арқылы көрсетеді)
5. «Күз сыйы». (Күзгі жапырақтардан аппликация жасау)
6. «Жаңылмай айт»
7. «Әңгімелей білесің бе?»
8. «Картоп теру»
9. «Кім бұрын?»
10. «Картоп аршу»

Барысы:
І.Ұйымдастыру.
-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2,3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Күз-мереке, күз- береке» атты сайысына қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ. Негізгі бөлім.
Алма мен Қызанақтың дауы. / Сырт жақтан алма мен қызанақ дауласып келеді/
- Мен алмамын, қызылмын, домалақпын тура сен сияқты. Бірақ мені жемістер қатарына қосады. Мен көкөністерге барғым келеді.
- Ал мен қызанақпын, қызылмын, домалақпын. Менің жемістерге барғым келеді.
- Балалар айтыңдаршы біздің айырмашылығымыз неде?
/ оқушылар айтады/
1. «Жемістер» мен «Көкөністер» тобын құру. Жұмбақтар шешкізу арқылы.
2. «Қас-қағым сәт».( сұрақтарға жауап беру)
1.Кубик жасау үшін неше шаршы керек?
2. Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр. ?
3. Тонна мақта ауыр ма? 1 тонна темір ауыр ма? (тең).
4. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?
5. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (жүз 100).
6. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

3. «Пантомимо» (жеміс немесе көкөніс жеуді мимика арқылы көрсетеді)
4. «Күз сыйы». (Күзгі жапырақтардан аппликация жасау)
5. «Жаңылмай айт» ( жемістер мен көкөністердің аттарын әр адым сайын жаңылмай айту керек)
6. «Әңгімелей білесің бе?» Күзгі орманға бару қандай жақсы...
7. «Картоп теру» ( әр топтан бір оқушыдан шығып, картоп тереді)
8. «Кім бұрын?» (Көздерін жұмып, себеттің суретін салады және оны жемістер мен көкөністерге толтырады.)
9. «Картоп аршу» (Ата-аналармен болады. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет)

ІІІ. Қорытындылау. Әр топтың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтау.Марапаттау.

«Алтын күз» ертеңгілігі

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 26845 | Загрузок: 587 | Рейтинг: 3.2/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]