Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Менің педагогикалық ұстанымым» (эссе)
[ Скачать с сервера (15.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
02.02.2017, 13:40

«Менің педагогикалық ұстанымым» (эссе)

Менің бастауышта оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым:

«Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын» (Конфуций.)

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Оқу әдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті.

       Мен ұстазбын ақылдымын абзал жанмын

    Арманның қиялынан таңдағанмын

     “Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,

   Өміріме діңгек қып таңдап алдым - деген  жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.

Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің өміріме бағыт берген, кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, анамды «Нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!

«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап Қарағанды қаласына Е.А.Бөкетов атындағы университетке түсіп, ол оқу орнын бітіргенен кейін,   мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым. Мұғалімдік 11 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықты маман болады деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек.

Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек.    Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың,

 Уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың,

 Досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың,

 Өзіңді жоғалтсаң - бәрін жоғалтасың» - деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 5896 | Загрузок: 127 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]