Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым! (сынып сағаты)
[ Скачать с сервера (117.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
23.07.2015, 09:51
Тақырыбы: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер.
Кіріспе сөз:
Мұғалім: Армысыздар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!
Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызға шығатын балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді бойлары да,ойлары да өсіп,бастауыш сыныптағы білімдерін аяқтап,ортаңғы буынға өткелі тұр.
Шәкірттерім ата-анасының ұлы ғана емес,халықтың ұлы болсын!-дегім келеді. «Талаптарыңа нұр жаусын» деп ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерді құрметті, - дегендей,бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Жүргізуші:Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырақта болғалы отырған
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:Қымбатты оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Себебі, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге бақыт пен қуаныш әкелсін!
«Мектеп – білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
(Құттықтау сөз мектеп басшыларына беріледі)
Жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2010 жылы 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар,ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік, назар аударайық. (слайд)
Ерік: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Аружан: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Арай:Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Мақпал: Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Ерік: Дұрыс айтасың Мақпал! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамын.
Аружан: Олай болса,Алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық (ән)
Ерік: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жансерік?
Жансерік: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Ерік: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Аружан: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Арай Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Мақпал: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Жансерік: Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
Ерік: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.
Аружан: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Ерік: Иә, сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Арай: Ендеше балалар, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?
Жансерік: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Ерік: Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.
Аружан: Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған.
Ерік: Ендеше, даналық сөздерге тоқтала кетейік.
Көрініс
«Қария мен бала»
Музыкалық сәлемдеме: 3-сынып оқушыларының орындауында ән «Мектеп полькасы»
Көрініс.«Таза бұлақ».
Жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын
Осы сырды үйреткен бастауышым ,
Түстей болып міне бүгін артта қалды
2-жүрг:Құрметті оқушылар, салтанатты сәт келді. Біз енді 5-сынып оқушыларының ант беру сәтіне куә болайық.
1-оқ: Біз Жаңасай орталау мектебінің 5-сынып оқушыларының қатарына ене отыра, достарымыздың, ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың алдында...
Ұстаздардың берген ақылын, білімін, тәрбиесін естен шығармауға...
Ұстаздардың жүйке-жүйесін тоздырмауға...
Бес пен төрттің құшағында қалықтауға,сүңгуге...
Мектеп ішінде жүгірмей,алыспай, жұлыспай, бірақ шапшаң қимылдауға.
Тақта алдына шыққанда ең үздік қақпашы сияқты бір де бір сұрақты жауапсыз қалдырмауға...
Ұстазымның атына кір келтірмеуге...
Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз.

1-жүргізуші: Олай болса, «Бастауыш білім кілтін»1-сынып оқушыларына табыс етейік.
2-жүрг: Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселерінің барлығына қол жеткізесіңдер.
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға...
Тәртіпті болуға, еңбек етуге, үлгілі болуға...
Хормен: Ант етеміз!
Оқушыларды марапаттау
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, Сіздерге төзімділіктеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және түсініктеріңіз үшін көптен көп рахмет.Сіздердің көмектеріңіз болмаса, осындай тамаша бүлдіршіндерімізді- біздің бастауыш мектеп түлектерін шығара алмас едік.Сондықтан да Сіздерге алғыс хаттарымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
/Ата-аналарға алғыс хат ұсыну/
Құттықтау сөз ата-аналар комитетіне жолданады.
Жүргізуші: Біздің халық ұл тілеген:
Шаңырағын ұстайды деп атаның,
Шығарар деп ер бабаның атағын.
Толықтырып әскерінің қатарын
Қорғайды деп Отанын.
Біздің халық ұл тілеген:
Оқымысты болады деп дарынды,
Күрескенін жеңетіндей қарулы.
Не нарқасқа, ер мінезді, сабырлы,
Нашар болса бағар деген малымды.
Музыкалық сәлемдеме: «Отаным-Қазақстан»
Ойын: «Адасқан әріптер»
Жүргізуші:: Бесіктегі баланың күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата - ана өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақыт та жеткен сияқты. Ендеше, мына қорапшаның ішіндегі өздеріңіз қалаған жүрекке, жүректен шыққан жылы лебіздеріңізді бір ауыз сөзбен жеткізулеріңізді өтінемін!
Жүргізуші:Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
Әр ұстаздың жадымызда үні бар.
(Құттықтау сөз пән мұғалімдеріне беріледі)
Жүргізуші:Болашақ бастауыштан басталады,
Осында шырқайсыңдар асқақ әнді.
Армандаудан талмаңдар озаттарым,
Қалықтаңдар таудағы қырандай боп,
Болады сонда алдағы өмір мәнді!
Хор: «Бастауышым балбұлағым»

Қорытындылау:
Қоштасар кезегіміз де таяп қалды,
Өнерпаз өрендер де аянбады.
Көріскенше күн жақсы, о халайық!
Осымен балдырғандар Сіздермен қоштасады.
Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, - дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.
Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 2604 | Загрузок: 45 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]