Главная » Файлы » Ашық cабақ |
[ Скачать с сервера (26.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып] |
16.05.2015, 09:44 |
Тақырыбы: «Тастөбеге тағзым» Түрі: Тарихи - танымдық конференция Мақсаты: Бүгінгі ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу, аталған шайқасты тәрбие құралына айналдыру болып табылады. Көрнекілігі: Интеративтік тақта, кітап көрмесі. Ұйымдастыру бөлімі:
Барысы: 1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің мектебімізде өткелі тұрған Тастөбе шайқасының 176 жылдығына орай «Тастөбеге тағзым» атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер! Тастөбе шайқасының 175 жылдығына орай аудан орталығында ескерткіш мемориалдық кешен орнатқан болатын. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісінде маңызды орын алатын Тастөбе шайқасы болып табылады.Тастөбе тарландары туралы небір тарихи кітаптар мен ғылыми еңбектер жазылды. Тастөбеге алғаш тағзым жасаушылар қарапайым халық болды.Оның ішінде ақын-жазушылар Тастөбенің ұмыт қалмауын барынша қадағалап,көпшілік отырыстарда,түрлі жиындарды асқақтата жырлап бақты. Тарих ол әр халықтың өткені,кешегісі мен бүгінгісі десек те болады.Ендеше келесі кезекте Ә.Жангелдин негізгі орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Әлмұқанова И. Қ. «Тастөбе тарихы» атты баяндамасымен таныстырып өтсін. 1 – жүргізуші:Жалпы Тастөбе тарландары туралы ел іші әңгімелері өте көп.Оны жариялау болашақтың ісі. Бүгіндері талай ұрпақты ауыстырған Тастөбе тарихы бірте –бірте қара бауырланып бара жатыр.Алайда батыр мен батылды қашанда ажырата алған халқымыз ұлтының ұлағаты үшін күрескен ерлерін ұрпақтан ұрпаққа жырлап,батыр бабаларын ұрандаумен болды. Келесі кезекте «Тастөбе тарландары» атты компьютерлік көрсетілімді тамашалаңыздар. 1 – жүргізуші: Қазақ жерінде не көп жер атауы мен төбе атауы көп.Алайда Тастөбе жері ,Тастөбе атауы өзгелерден қасиетті болып табылады. Ендеше қазір сіздер «Тастөбе - бабалар рухы»атты кітап көрмесімен танысып өтейік... 1 – жүргізуші: Тастөбе кешегі Исатай Махамбет бастағанхалық жасағының патша әскері Геккенің екі мың солдатына қарсы тұрған және халқының тілегін орындамаған Жәңгірге қарсы , сол кездегі патшалық озбырлыққа қарсы болған халық соғысы өткен жер. Жалпы алдыңғы буын ағаларымыз қайсыбірі батыр дегенде соғыста өлген немесе кешегі неміс танктеріне қарсы шыққандарды көздеріне елестетеді. Олар үшін ең бірінші жекпе жекте жеңіп шығу немесе батыр дегені бойы екі метр болуы \шарт.Ал кішкене адам батырлыққа лайық емес тағы сол сияқты. Сонымен кімді батыр дейміз?Әрине батыр дегенде халық қорғаған , елі үшін жанынаямаған ерлерді айтқан. Исатай – Махамбет көтерілісінің Тастөбедегі соғысы көптеген әдеби болмаса, тарихи шығармаларда аты аталғанымен, көбіне жалаң да, ат үсті жазылып тарихы сараланбады. Ендігі кезекте оқушылар сіздермен пікір алмасайық.
1 – жүргізуші: Бүгінгі «Тастөбеге тағзым» атты тарихи танымдық конференциямыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі танымдық конференциямыздан Тастөбе шайқасы туралы көптеген деректер алдық деп ойлаймыз. Тастөбе біреулер ойлағандай бөс төбе емес ол Исатай мен Махамбет өмір сүрген туған өлке жері.Ол азаттық пен еркіндіктің куәсі болған қасиетті жер. Бүгінгі «Тастөбеге тағзым» атты тарихи танымдық конференциямызға қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар! | |
Просмотров: 1944 | Загрузок: 31 | |
Всего комментариев: 0 | |