Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ә.Жангелдин қазақтың жиһанкезі, саяхатшысы
[ Скачать с сервера (350.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
14.03.2015, 13:17

Тақырыбы:       Ә.Жангелдин қазақтыңжиһанкезі,саяхатшысы!

Мақсаты:  оқушыларға үкімет қайраткері ,дара тұлға туралы мағұлмат беру;

                     өмірі мен шығармашылығы туралы айтып таныстыру;

                      мектепке есімі берілген адамның еңбегін ашып,халық 

мемлекетіне еткен еңбегінің маңызын көрсету.

Көрнекілігі: Ә.Жангелдиннің портреті,көрме,плакатқа жазылған сөздер 

Әдісі: әңгімелесу

Жоспары:

1.Алғы сөз

2. Қазақ ауылының романтигі

3. Жаңа есімі,революциға кіруі.

4.Тарихта қалдырған ізі

5.Қорытынды.

Өту барысы

Кіріспе «Еще в ранной молодости Алиби Жангильдина не покидала мысль о том,чтобы совершить кругосветное путешествие,увидеть весь мир  во всех его краснох и многообразии.Он был натурой деятельной,от природы фаренным размыными  талантами, многосторонным  человеком, с кипучей энергией и широко распохнутой в мир открытой душой».

Согдат Адильбеков доцент казахского национального педагогического университета имени Абая.

Біздің мектебіміздің көп жылдан бері алып жүрген есімі Әліби Жангелдин .

Ол кім?Қандай еңбегі бар Отаны мен халқының алдында?Неге біздің мектепке  есімі берілді?Осы сұрақтарға бүгінгі  кешіміз  барысында жауап аламыз.

1-оқушы: Әліби Жангелдин (1884-1953 ж.ж.) Әлекен қазақтың Торғай  қаласында Ұытаудың етегіндегі  Қайдаул  ауылында 1884 жылы дүниеге келген .Ауылда ондаған киіз үй  болғандықтан  Дансары өзенінің жағалауына дәл келмесең  көрінбейтін еді.Сондықтанда ауылға жеткенде  ғана

 «Қайда ауыл?) дейтұғын.

Ол алыс кездерде  он жасар қиялшыл Әлекең , кедей баласы бол тұра армандауын  бір сәтке қойған емес.Ұлытаудың  аржа ғы.Ол алыс кездерде он жасар қиялшыл  Әлекең ,кедей  баласы бола тұра  армандауын бір сәтке қойған емес.Ұлытаудың аржағында не бар?Осы қиялынан бірде-бір арылмады.

2-оқушы:Халықтың хәлі мүшкіл еді.Байлардың езгісіне тап болған қараңғы халық  патша үкіметінен  сан қилы  зорлық пен қорлықты басынан кешіріп отырғанда жақын жерде мектеп болмағанымен  өрімтал бала білімге құштар болды.Әкесіне айтпай Торғайға бара жатырған  керуенмен бала  қашып шығады .Өз еңбегімен 2 класстың орыс-қырғыз  кәсіптік училищесіне оқуға кіріп , сауатын  ашты сонымен қатар  ағаш темір мамандығын  игерді.Бірақ кешікпей әкесі оны тауып, қайта ауылға әкелді. Білімге деген құштарлығы бір суымаған жасөспірім 2 жылдан соң үйінен тағыда рұқсатсыз қашты.Бұл жолы ол Қостанайдағы  қалалық училищеге оқуға кірді.Әкесі тағыда тауып алып, ауылға әкетпекші болған Әлекенді училищенің инспекторы А.Х.Коиоров деген ұстазы ара түсіп , әкесінен алып қалады.Ұстазы жас қазақтың  бойындағы жігер мен қабілетті  бірден байқап, училищеде әрі қарай  дәріс алуға мүмкіндік жасайды.

3-оқушы:Қостанайдағы училищені бітіре салысымен  кейіпкеріміз Орынбордағы  діни училищеге келеді.Оған себеп бар еді.Қала училищесінде оқу үшін ,ол христиан  дінін қабылдаған болатын.Оған Николай  Степнов  деген орысша есім берілді.Бірақ кешікпей оқуын тастап,әлемді танудың өзге жолдарын іздейді.Енді ол Қазан қаласындағы  мұғалімдер  даярлайтын  семинарға түседі.

4-оқушы:Ол кезде Қазанның  мұғалімдер семинариясында  марксистік үйірме құрылғанды.Ол үйірме Қазан  университетімен тығыз байланыста болды.Ал Қазан университеті  революция идеяларын  нағыз өсіруші бағбаны  іспеттес.1905 жылдан бастап-ақ  Әліби студенттердің ревалюциялық  қозғалысына белсене қатысты.Сол саяси өмірге шыңдап  кірісудің алғашқы сатысы еді...

Ол Қазаннан Москваға ауысты , діни Академияға тарих бөліміне. Бірақ  үкімет қудалауына ілініп, оқудан қуылады. Патшалық Ресейде  қалу қауіпті  болып, ол енді шет елге қашуға  мәжбүр болды.

5-оқушы:Сөйтіп дала кезіп,өзге елдерді танып, көруді  армандаған  бала кездегі  қиялы шындыққа айнала бастады.Ол енді жаяу жер бетін айналып шығамын  деген  арманын  іске асыра бастады.Бұл саяхаты сәтті аяқталады, әрине бірнеше жылға  созылғанымен , оның даңқы  арта түсті, ол шығамын деген арманын   іске асыра бастады. Бұл  саяхаты сәтті аяқталды, әрине бірнеше жылға созылғанымен , оның даңқы арта түсті, ол «Қазақтың Марко Полосы» атанды. Ол 1910-1912 жылдары Николай Степнов  деген атпен  Еуропа , Таяу Шығыс ,Африка  және Азия елдеріне жаяу саяхат жасап,білімі мен тәжірибесін ұштады.

6-оқушы:Николай Степнов  уақытын жібермей  газетке  хабарландыру  берді.Оның хабарына бірнеше адам  үн қосып , бірге саяхатқа шығуға  дайын екенін білдірді.Бұлар – Петербург  қаласының  инженері Полевой , жаратылыстану  пәні мұғалімі Коровин  (Москвадан) .9 май 1910 ж.Петербург  газеттері  басына  киіз қалпақ ,спорт  бәтеңке,арқасында  жол сөмкесі бар Әліби –саяхатшының  суретін басып, олар туралы қысқаша мәлімет берді .Оларды қолдаған  демеушілер 25 сомнан жолға ақша  берді және фотоапарат.Петербург шоссесіне  жеткенше  5 верста  жолға  топ болып  шығарып салды.

7-оқушы:Жолда жүру үшінӘлібиге арнайы  кітапша беріледі.Ол кітапшада  саяхатшының  қаржысыз екенін , ол ғылыми мақсатта саяхатқа  рұқсат алғанын  белгілеп береді.Суретке түсіру өнері.Әлібиге үлкен  көмек берді.Ол суретке түсіріп открытка жасап  көріністер  сатып күн  көреді.Саяхатшылардың алғашқы  қаласы  Польшаның  Варисавасы еді.Бұл жерден генерал –губернатор кітапшасына белгі соғып  берді.Әрі қарай Авотро-Венгрия .Бұл жерде  Әлекен  этникалық қыпышақтармен  танысты .Монғол-татар  шабуылынан кейін  қыпышақтар Венгрияны  қоныстанып қалған екен.Олар Әлекенді жылы қарсылап ,өздерімен  бірге тұруға шақырады. Қазір Торғай жерінде  мадвер-қыпышақтар орталығы бар.Ал Венгрияның Ұлттық мұражайында  Жангелдиннің үлкен  портреті  тұр.Портреттің астында  «Алиби Джангельдин, путешественник ,посетил Будапешт 30 сентября 1909 года».

8-оқушы:Саяхатшыларды Болгарияда Ұлттық мұражайдың төрағасы , орыс консулы , бүкіл қоғам жылы қабылдап , кездесулер  өткізеді.Бұл елдерде  қазақ жерін , қазақ халқын  танитын  зерттеген  ғалымдар болса тұғын.Жаяу жүрген жолы  12 мың  км болды,сонымен қатар теңізбен, темір жолмен   жүрген  жерлері де болды.Оның жолдастары әрі қарай жүруге жүрексініп  Воршавада-ақ қалып қойған болатын.Ол жалғыз өзі-ақ  жерді айналып  шыққанына бүгінде біз сенімдіміз; Сербия,Турция,Сирия,Палестина,Египет,Абиссиния,Аравия,Кувейт,Иран,

Үндістан Цейлон аралы,Сиам патшалығы,Тайвань,Жапониядан Сібірге шығып одан өз отаны-Торғайға жетті.

9-оқушы:Әкесінің әңгімесін ұлы Шыңғыс Әлекеннің мекка,мадиға барып қажы болғанын айтады.Бағдадта паша Махмудпен кездеседі.Махмуд әйгілі Шамилдің ұрпағы еді.Шамил  19 ғасырдың басында  Шешенстанда еркін  иманат  құрып,ширек ғасыр  патша  үкіметімен  күрес жүргізді.Бұл егемендік соғысына Таудағыстаны ,Солтүстік –Батыс Кавказ түгел  қатысты.Махмуд пашамен  кездескен әңгімелерінде Әлекен енді өзінің ісінің  тек саяхатшылық  мағнасынан кең екенін, ол енді үлкен бір халықтың  өкілі екенін сезініп , өз халқын мақтан  тұтты.Ол Европада болғанда өміріндегі  ең қымбат естелік  большевиктер көсемі Ленинмен кездеседі.1911 ж.Женеваның кафесінде  Ленинмен кездесіп, әңгімелеседі.Сол жерде көсем  Әлекеннің Қазақстаннан екенін  біліп, онымен ұзақ әңгімелеседі.Халық жәйі әңгіме болады,қазақ халқының екі жақты езгіде екеніне  көсем қынжыла әңгімелейді.Үйіне аман жетуіне  тілектестігін білдіреді.Сол кездесуден 1 жылдан  кейін көсеммен тағыда кездеседі, енді ревалюция Петроградында, көсем Әлекенді танып қана  қоймай,олардың кафедегі әңгімесінің мазмұнына дейін есіне түсіреді.

10-оқушы:Әлекеннің белсенді революциялық  қызметі оның үш жылдық  саяхатын жоққа шығарды.Бұл саяхат аңыз деген  әңгімелер тарады.Бұл дұрыс еместі. Дала комиссарының революциялық қызметі шыныменде жоғары еді.Бірақ жер айналып  шыққан саяхаты да аңыз емес,шындық.

2000 ж.2 қыркүйек күні басылған «Казахстанская правда» газетінде  ҚР-ның Орталық мемлекеттік Архивінің директоры Марат Хасанаевтың мақаласы басылды.Бұл мақалада Ә.Жангелдиннің  саяхат маршутын растаған құжаттар  Пенза облысының  мемлекеттік архивінен  табылғанын айтады. 1912 ж.Әлекен Россия қалаларында , Пензада  кездесулер өткізгені  айтылады.Сол 1912 ж. күз-қысында  өткізілген кезесулерден  біз әйгілі комиссардың  тағдырының оңай болмағанын, үш жылға созылған  саяхаттың оның өмірін толықтырып  жан-жақты зерттеулері бір төбе болған.Сол кезде европалықтарға беймәлім елдерді көріп, аралау  кез-келген жәй  қазақтың қолынан келер ме еді  деген заңды пікір туындайды.Демек Әлекен тегін адам болмаған .Қайсар,каһарманды  білуге құштарлығы  мол,білімді, білікті  болғанының  дәлелі болған бүкіл  саналы ғұмыры тек  Отаны мен  халқына  арнаған  патриот екенін  дәлелдейді.Славияндар оны мақтап,ардақтаса, австриялықтар  қорсынған, европалы түріктер  жек көрген , Судан, Абиссиния, Мадагаскар, Тигр мен Ефрат жағалады,Парсы елі, ертегі Үндістан, ескі  Сиам –санскриттің Отаны.Сайгон-Аннам  корольдігінің астанасы, Гонгонг, Кантон, Ханькоу, Жапония әсем түрлі  және таңғажайып еді.Соңында ең қымбат жол-үйге  оралу жолы қаншалықты ыстық та ұзақ күткен жол еді.Сөйтіп Николай Степнов тағы да қазақ Әліби Джангельдин осындай адам еді...

11-оқушы: Әліби Жангелдиннің немересі Таугелді Мерғалиұлы атасы жәйлі барлық құжаттарды жинап, қастерлеуші еді.Ол бір әңгімесінде атасы тамақ табу үшін Нил жағалауында  жер қазса, ауыр мөшектегі  қант пен мақта тасығанын , теңізге тарқанда қасындағы қалған тыртықтарды, жанып тұрған тұрбалар ізі қасын  күйдіргенін, Иранның  Деиет-и-Кефир даласында керуенмен жүргенін , Кальнутта  фабрикасында  жұмыс істегенде шаң  мен тозаңкөзіне , денсаулығынада зиян келтіргенін біледі.Революционер, қоғам қайраткері , саясаткер Әліби сонымен қатар қазақтың алғашқы  кинодонериенталисі еді, қазақтың кино өнерінің  негізін қалаушы болғаны да рас.Ол саяхаттан алғашқы қозғалатын  кинопроектор әкелді.Бала кездегі досы Амангелді Имановпен бірге түнгі кезде даладағы ауылдарды аралап, өзі болған елдердің өмірі туралы түсірілген киноленталарды көрсетті.Киноленталар көрсетумен бірге Әліби бұл елдердің өмірі туралы  әңгімені де өте әсерлі және қызық етіп айтып  бере алатын.Европа, Солтүстік Африка, Оңтүстік , Оңтүстік –Шығыс Азия.

12-оқушы: Міне қазақтың «Марко  Полосының» тағдыры осындай көп қырлы қиын да қызықты болған.Қазіргі кезде  жол қиындығын  елестете білу де қиын.Себебі қажыға баратындардың өзі ыңғайлы ұшақтармен  қиындықсыз ұшып барып,келіп жатады емеспе? Саяхатшының жаны да ақынның жаны сияқты нәзікте сезімтал болады ғой  деймін.Бұл адамда көрген білгенін  өзінің ой елегінен өткізіп, артындағы ұрпаққа  өз көз қарасы  арқылы жеткізе білген.Оның жалынды жаны, романтикасы мол өмірі , өмірге құштарлығы  ғасырлар өткенде  де жас ұрпақтың ойын мазалап, жанын  тебірентіп тұрғаны соның куәсі .

Ол жалынды жастың өмірін – ақ  гвардияшылдар мен күрес жолына арнап, қазақ халқының бостандығымен  еркіндігі үшін әділ күрестің жолына  арнауы, өзінің елін, болашақта тәуелсіз, дамыған мемлекет ретінде сол кезде-ақ армандауы, өмірін босқа жібермегенін , оның күреске толы өмірі қайраткерлікке жетелеген жігері , сүйіспеншілігі елім, жерім, халқым деп соққан адал жүрегі өмірдегі мақсатына жеткізгеніне куәміз.

Қорытынды: 1917 жылы ноябрьде СРФСР халық комиссериятының Торғай облысы бойынша төтенше соғыс комиссары етіп тағайындалды.Қазақстанда кеңес  үкіметі нығайтудағы еңбегі еленіп  Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі соғыс-революциялық комитет председателінің орынбасары (1919 жылы шілде 1920 жылы қазан) ҚАССР ОАК президиумы председателінің орынбасары және ҚАССР қамсыздандыру халхозы, 1938 жылы Қазақ ССР жоғары Кеңесінің Президиум мүшесі.1951 жылы оның председателінің орынбасары және ҚАССР ОАК-ның мүшесі, 1938 жылы Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің  депутаты.РКП 13 съезінің  делегаты (1924 ж).

Ленин  орденімен, Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазір Торғай  облысының бір ауданы, ауылы Ә.Жангелдин есімімен аталады.

Сонымен қатар біздің де  мектептің есімі осы адамның атымен аталады.Қазақтың «Марко Полосы» аталған адам осындай тұлға.

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 3644 | Загрузок: 60 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]