Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жедел жәрдем
[ Скачать с сервера (58.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
05.11.2015, 16:10

Күні/Дата/Date:
Тақырыбы/ Тема/ Theme: Жедел жәрдем.
Көрнекіліктер және құралдар/Оборудование/Eguipment: Интерактивті тақта, плакаттар, үлестірме қағаздар, жгут, шина, дәрі - дәрмек түрлері. қуыршақ, маркер т.б
Мақсаты/ Цель/Aim:
1.Оқушыларды жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
2. Оқушыларда алғашқы медециналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру.
3.Достыққа, адамгершілікке, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.
Машықкер:
- Құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар оқушылар «Жедел – жәрдем» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Бірінші байлық денсаулық» - демекші , жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып дені сау, рухы жоғары болуы қазіргі қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі» Денсаулық – байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі, онсыз өмірді елестету мүмкін емес.
Ал ойын қызыққа берілген жас балғын балаларымыз денсаулық сақтауда жедел жәрдемнің маңыздылығын біле бермейді. Сондықтан да Жедел жәрдемнің адам өміріндегі маңыздылығын осы тәрбие сағатымен көрсетуге тырысамын.
Жедел жәрдем - алдам жарақат алған кезде, адам өміріне , денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше көрсетілетін көмек түрі.
Жарақат түрлері:

Қан кету. Сыну. Естен тану Улану Күю Электр жарақаты.

Ширатпа салу.
Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданған кезде міндетті түрде қан тоқтататын жгут немесе сол қызметті атқара алатын заттарды қолдану керек. Мысалы: Орамал, белдік, сүлгі, киімнен жыртылып алынған мата, шиыршықталған жіп, т.б.
Жгутты салғанда 1,5 сағаттан артық қоюға болмайды . Себебі аяқ-қол сал болып қалуы мүмкін тіпті ұлпалар өліп кетуі мүмкін.
Демонстрация: жгут салу. Оқушылар жгут салуды көрсетеді.
Сынық.
Тұтас сүйектің түгелдей немесе шамалап бұзылуы. Сынықтар екі түрлі болады ашық және жабық.
Сынғанда көрсетілетін көмек.
Заақымданған сүйекті қозғалмас үшін имобилизация / имобилизация – латын тілінен қозғалмайтын / жолымен аяқты шинамен бекіту немесе кез-келген соған жарайтын заттармен : тааяқты, ағашты пайдалану. Егер ашық сынық кезінде жара болса, онда оған антисептикалық ширатпа қойылады.
Демонстрация: шина салу. Оқушыларға жұптасып шина қою жұмысын жасату.

Естен тану /талу/. Аяқ астынан аз мерзімге есін жоғалту, жүрек қағысы мен тыныс алуы қалыпты, мидың қанының аздығы байқалады. Қатты ашуланудан, қорқудан, шаршағаннан, күн өткенде, ашыққанда, ыстық бөлмеде ұзақ отырғанда естен танады.
Алғашқы көмек:
1Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қоып, аяғын жоғары қою керек. 2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу.
3.Терезені ашу.
4.Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку.
5.Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс алдыру және жабық жүрек массажын жасау.
6. Ауру өз-өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшыларын беру.
Электрожарақат.
Электрожарақат кезінде адамды тірі алып қалу үшін алғашқы көмектің көрсетілуі аса маңызды роль атқарады. Не үшін резина қолғап кию керек? Естен тану кезінде қолдан тыныс алу әдісі қолданылады.
Қолдан тыныс алдыру – күшпен өкпені желдету, өкпеге ауа жіберіп, өкпеден ауаны шығару. Ең көп тарағаны «ауыздан-ауызға» әдісі.
Демонстрация: Қолдан тыныс алу әдісін қуыршақты пайдаланып жасалып көрсетіледі Үш терең тыныс жіберіледі де 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан басаады. Бірнеше рет қайталанады.
Күю – терінің және оның астындағы ұлпалардың жарақаттануы.
Алғашқы көмек.
-Әсер ететін факторларрды жою. Күйген адамда үрей болады от киімге тисе айғайлайды, жүгіреді – бұл жалынның өршуіне көмектеседі, Сондықтан да жалын бар болса, оны қалың нәрсемен жауып, ауаның келуіне кедергі жасау. Күйген адамды жерге аунатып, жалынды жою қажет.
-Күйген киімді тартып жыртып шешуге болмайды, оны кесіп, мүмкіндігінше босату қажет, сонан соң үстіне стерилді таңғыш салып, дәрігерге жеткізу керек.
-Күйген адамға көп су беру қажет.
Улану. Тұрмыстағы зианды заттар әсерінен улану.
Алғашқы көмек.
-Түтінен уланғанда атаза ауаға шығару керек.
-Қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасау керек
-Дәрігер шақырту керек.

1-оқушы:
«Жанын алар
Адамның ,
Дерт –
Жендеті ажалдың,-
Дейді үнемі дәрігер:
Ауырудың ал алдын! – балаларға жедел жәрдемді дәрігерлер көрсетеді.
2-оқушы :
Сан сырқатпен айқасар,
Тістенер ,
Жақ қарысар,
Өңі түсі белгісіз,
Ажалменен алысар. – мен дәрігер болғым келеді. себебі, барша балаларға жәрдем көрсеткім келеді.
3-оқушы:
Жедел жәрдем дегенің –
Өмірдегі керегің,
Досым құлап қалса егер,
Берем жедел жәрдемін.
4-оқушы:
Ауыра қалса басымыз,
Қанай қалса мұрнымыз,
Жүгіреді көмекке
Мейірбике апамыз.
Жүргізуші: Кезекті «Жедел жәрдем жаршылары» атты сайысқа береміз.Енді оқушыларды екі топқа бөліп, сайысымызды бастаймыз.
Топтар: 1-топ. «Салауат» .Ұраны: Салауатты өмір салтын қолдаймыз.
Жанымызды жамандықтан қорғаймыз.
2-топ. «Денсаулық». Ұраны: Денісаулығы ғаламның – денсаулығы адамның.
Жүргізуші: - Армысыздар, жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар.
Ал, оқушы, ұстаздар!
Ортаға назар салайық
Сайыскерлер шығып келеді
Қол соғып қарсы алайық!
Өмірге талаптанған
Өршіл ой-армандастар
Қияға қанағаттанып
Алысқа самғандар – дей отырып . Сайысымызды бастайық!
Сайыс бөлімдері:
1. «Жедел жәрдем машинасы» кезеңі.
2. «Көмекке кел – жас ұлан» кезеңі.
3. «Машиналар жарысы.» кезеңі.
1-кезең. «Жедел жәрдем машинасы» Тақтадағы жедел жардем машинасын алып, сонымен тапсырманы орындайды. Ол үшін жедел жәрдем машинасының артындағы тапсырманы орындайды .

Жедел жәрдем машинасындағы тапсырмалар:
1.Жедел жәрдем машинасындағы тапсырма:
1.Күн көзінде көп ойнаған Дәулеттің басынан күн өтіп, мұрны қанадыда құлап түсті. Сендер қандай көмек берер едіңдер?
2. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
2. Жедел жәрдем машинасындағы тапсырма:
1.Асан иттен қашамын деп шарбақтан секіріп, аяғын сындырып алды сендер қандай көмек көрсетесіңдер ?
2. Иммобилизация дегеніміз не?
3. Жедел жәрдем машинасындағы тапсырма:
1. Ыстық күнде далаға шығып көп ойнап жүріп қалған Гүлжан есінен талып қалды. қандай көмек берер едіңдер.
2. Денсаулық туралы мақал-мәтел айтып бер.
3. Жедел жәрдем машинасындағы тапсырма:
1.Қолдан тыныс алдыру тәсілін қалай орындайды?
2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?
2-кезең. «Көмекке кел – жас ұлан».
Екі топтың назары презентацияға аудартылады . Ондағы көрсетілген суреттерге қарап, оның астындағы сұрақтарға жауап іздеп, қандай көмек көрсетуге болатынын айтулары керек.
3-кезең «Машиналар жарысы.»Тақтаға екі плакат ілінеді де оқушыларға маркер беріледі.
Тапсырма: Ойын ережесін бұзбай Жедел жәрдем қызметкерінің суретін салып шығу. Ойын ережесі: Екі топ бірдей белгі берілген соң бірінші оқушы шығып қасықпен суды төкпей апарып кесеге құйып сурет салуды бастайды. Келесі шыққан балада суды төкпей апарып кесеге құйып суретті салуды жалғастырады. Сурет салынып болған соң оқушылар суреттерінің қайсысы әдемі салынғаны қаралып бағаланады.
Соңында ойынмен қорытындыланып екі командаға «Жеде жәрдем жаршылары» атағы беріледі. Оқушылар марапатталып сыйлық беріледі.

5-оқушы: Балақай !
Болсаң да әлі қаршадай
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте.
Құру үшін сен сауық –
Керек жақсы денсаулық.
6-оқушы:
«Басты байлық – денсаулық»
Бабаң айтқан даналық,
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан, балақай!
7-оқушы:
Болар байлық мүшең сау,
Жүрсе жылдар бойында
Баяндаған осынау.
Ережелер ойыңа.
Сынып ұраны :
Біз балауса жас ұлан - үлгі аламыз жақсыдан.

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 4622 | Загрузок: 63 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]