Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

60. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.
[ Скачать с сервера (68.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология]
16.07.2012, 14:13
Биханова Нұржауған Ғаділбекқызы
Ақтөбе обылысы Қобда ауданы
Бегалы орта мектебінің
Биология пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: 60. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары. 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың білім, білік дағдысын
қалыптастыру. Оқушыларға жылқы шаруашылығының сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру. 

2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. 

3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және жануарларға деген қамқорлығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар,«Маңмаңгер» журналы, презентация. 

Пән аралық байланыс: география,ауылшаруашылығы
Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу, ояту, ойын, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
I Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.
Сұрақтар:

1. Қандай үй хайуанаттарын білесің? (жылқы, сиыр, қой)
2. Ер қанаты ат дегенді қалай түсінесің?
3. Жылқыдан қандай өнім алынады? (еті, сүті, терісі)
4. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)
5. Жылқылардың қандай түрлерін білесің? (зебра, тарпан)
6. Елімізде өсірлетін жылқыны қалай аталады? (Жабы жылқылары)
7.Қазақтың дастан жырларында кездесетін жылқы атаулары. (Қобыландының Тайбауырылы, Ер Тарғанның –Бозтарланы, Қамбар батырдың – Қарақасқасы, Төлгеннің –Бозжорғасы)
8.Қазақстанның батыс аймағында өсіріліп келе жатқан жылқысқалай аталады? (Адай жылқысы)

ІІ . САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық – орындаушылық кезең.

Жылқының түрлері Жылқыдан алынатын өнімдер



Биологиялық диктант.

1. Қолға үйретілген жылқының арғы ата тегі жабайы жылқылар .... мен .... (тарпан, түзат);
2. Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының ....... жуық қол тұқымы өсірледі (20-ға);
3. Жылқы ....... отрядына жатады (сүтқоректілер класының тұяқтылар отрядына);
4. Қазақстанның батыс өңіріндегі жылқының ...... қолтұқымы (мұғалжар);
5. Жылқының қадір - қасиетіне байланысты ...... және ...... деп екі топқа бөледі (арғымақтар, жабылар)

ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Рефлекциялық - бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1.Дүние жүзінде жылқының қанша қолтұқымы кездеседі.
а) 150
ә) 250
б) 100
в) 25 (250)
2.Қымыздың қанша жылға жуық тарихы бар.
а) 10 жыл
ә) мың жыл
б) 3 мың жыл
в) 30 жыл (3 мың жыл)
3.Қостанай жылқысы қай жылы қолтұқым ретінде бекітілді.
а) 1950ж
ә) 1951ж
б) 1953ж
в) 1955ж
4.Африкада кездесетін жылқы тұқымдасы
а) құлан
ә)жолат (зебр)
б) домбай
в) барлағы дұрыс (в)
5.Тарпан қай ғасырдың басында жойылған
а) XX
ә) XIX
б) XXI
в) XIX 30 жыл

Кестені толтыр

Қымыздың түрлері Жылқы етінен өндірлетін өнімдер



Уыз қымыз
Бал қымыз
Бесті қымыз
Дөнен қымыз
Жуас қымыз
Қысырақ қымыз
Шырғанақ қымыз

Үйге тапсырма
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.
Қазақстандағы жергілікті жылқының қолтұқымдары жайлы мазмұндама жазыңыздар.Жылқы туралы аңыз әңгіме негізінде хабарлама дайындаңдар.
Категория: Биология
Просмотров: 7735 | Загрузок: 863 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]