Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Физика әлеміне саяхат. Ашық сабақ


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
22.02.2012, 20:44
Қоғамдық білім байқау сабағында оқушыларды оқу материалында кездестірілетін оқиғалар мен құбылыстарды дұрыс бағалауға, талдауға және қорытындылауға, дүние танымдық адамгершілік эстетикалық көзқарастарымен қалыптастыруға бағыт- бағдар беремін.
Сабақта оқушыларды бір-бірімен салыстыру, топтау-жинақтау логикалық талдау мәселесіне жағдай туғызу, әдіс тәсілдерді қиыстыра қолданамын. Мұндай тәсілдерді қолдану оқушылардың оқу іс-әрекетіне сергек қарауға, жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Төменде осы сабақтың үлгі жоспарын ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу.
2.Оқушыларды формулаға, есеп шығаруға, құрал жабдықтармен жұмыс істеуге белсенділігін арттыру.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабағы
Сабақтың барысы: 1.Физика әлеміне саяхат білім сайыс сабағын ашу.
2. Топ аттары жарияланады.
3.Әрбір топқа физика әлеміне саяхат картасы мен қоса төс белгілері тапсырылады.
4.Эврика тобының мүшелеріне бес қалада тұратын карта тапсырылды.
5.Әр топтың аттарына сәйкес шығарылған үн-қағаздарын зертхана қаласында қорғайды.
6.Әр топтың бес белгісі де, осы қалада қорғалады.
Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі 8-сынып оқушылары «Физика әлеміне саяхат» -атты білім сайыс сабағын өткізеді. Оқушылар төрт топқа бөлінген, әр топ құрамында сегіз оқушы бар. Топ аттары: Энергия тобы, Атом тобы, Эврика тобы, Диффузия тобы. Бүгінгі сайыс сабағына қатысатын қонақтар кез келген, өзі қалаған топты таңдап, сол топқа мүше болып кіріп, топпен бірге сайыс сабағына ат салысады.Топқа кірген мүшеге төс белгісі тағылады. Эврика клубының мүшелері әділ-қазылар алқасына сайланады. Сайланған әділ қазылар алқасы, бес қалаға бөлінеді. Әрбір топ, топ жетекшісінің қлоындағы физика әлеміне саяхат картасымен бес қаланы аралап білімдеріне сәйкес ұпайларын алады.
1. Зертхана қаласы.
Бұл қаланың ішіне физикалық құрал -жабдықтар зертханалық тәжірибелер қойылады.
Әр командаға тілек, табыс тілейміз деген жазулармен жабдықталған. Топ мүшелеріне сұрақтар жазылып қойылған.
1. Мензурка қандай құрал?
2.Сұйық құятын ыдыстың атын ата?
3. Термометр, градусниктердің қызметі?
4. Дүниенің массасын анықтайтын құрал?
5. Күшті өлшейтін құралды көрсет?
6.Деңгейлік не үшін керек?
7. Қатынас ыдыстар туралы түсінік?
8.Диффузия құбылысы туралы түсінік?(тәжірибе)
9.Заттың үш күйі туралы не білесің? ( ережесі, тәжірибе)
10. Амперметр қандай құрал? (ережесін тұжырымдау)
2. Заңдар қаласы.
Бұл қалада физика заңдары тұжырымдалып, тәжірибе жүзінде көрсетіледі. Оқушылардың білім шапшаңдығына байланысты жиырма ғалымның өмірі айтылады. Әрбір топ міндетті түрде Инерция заңын тұжырымдайды. Дененің басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.
Үйкеліс күші. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда пайда болатын, және қозғалысқа қарама-қарсы бағытталатын күш.
Паскаль заңын сызбаны көрсетіп ережесін айтады.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.
Архимед күші (тәжірибе жасап көрсетеді).
1. Егер ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда дене сұйықтың түбіне түседі, батады, яғни егер Ғ>ҒА болса, онда дене батып кетеді.
2. Егер ауырлық күші Архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалыпта тұра алады: яғни егер Ғ=ҒА болса, онда дене сұйықтың ішінде жүзіп жүреді:
Егер ауырлық күші Архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі, қалқып шығады, яғни егер Ғ<ҒА болса, онда дене сұйықтың бетінде жүзіп жүреді.
Торричели тәжірибесін сызбаға қарап отырып түсіндіреді.
3.Есептер қаласы.
Бұл қалада жоспарға сәйкес қыйындықтары әртүрлі есептер шығарылуы тиіс.
Бұл қалада көмек ретінде әртүрлі формулалар ілінеді. Қатты денелердің тығыздықтарының жазылған кестелері, заттардың меншікті жылу сыйымдылығының сан мәні, кестелер қойылады. Оқушы өз мүмкіндігінше бірнеше есеп шығаруына болады.
4.Формула қаласы.
7-8 сыныптарға барлық өтілген формулалар жазылып, толық ережесімен айтылады. Бұл қалада формулаға сәйкес әріптер, магнит әріптері теріледі. Бұл қалада формула жазылған кубиктер қойылады. Сол кубиктерді лақтыру арқылы оқушы өзіне формула таңдап алады. Сол формула туралы түсінік береді.
5.Ән-күй қаласы.
Ән-күй қаласы топ мүшелері өз өнерлерін еркін тақырыпта көрсетеді. Ән шырқалады және оқушылардың физика пәніне арнап шығарған өлеңдері оқылады.
Атом тобы: Сұйығы да қатты да
Затсызы да затты да
Галелей мен Паскальдар
Ғылымның нәрін таптыда.
Эврика тобы: Алма түсіп қасына
Қасына емес басына
Тартылыс заңын таптым деп,
Кетті ғалым асыға.
Диффузия тобы: Айтпа қиын таң қылып,
Тербелейік ән қылып.
Он жеті мың ғаламда
Мұнда көп қой заңдылық.
Энергия тобы: Тіршілікті қорғауға біз жарасақ
Қорық жасап егін егіп, қала сап
О, адамзат космостың дәуірін
Талап етер сенен биік парасат.
Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың
Абыройлы міндеті, әрі парасатты парызы.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол-анаң ғана, ал сен- кенже ұлысың.
Жоғарыда аталған топтар бесқаланы аралап өз білімдерін көрсеткеннен кейін бастапқы шыққан қаласына жиналып өз орындарына тұрады. Осы қалада ілінген Эврика, Энергия, Диффузия , Атом атты үн қағаздарын қорғайды. әрбір топ жетекшісі өз эмблемаларын қорғайды.
Озып шыққан топ марапаттталады. Жалпы төрт топтағы жақсы көрсеткішке жеткен оқушы марапатталады. Сабақ барысында әрбір оқушы қадағаланып, тиісті бағасын алады.
Категория: Физика | Добавил: Admin | Теги: сабақ, әлеміне, саяхат., физика, ашық
Просмотров: 11905 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]