Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Оптика бөлімі. Жарық толқындарын қайталау. Ашық сабақ
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
22.02.2012, 21:14
Қалдыбаева Түймегүл
Шымкент қаласы, №31орта мектебінің
Физика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Оптика бөлімі. Жарық толқындарын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жарық жылдамдығын, Гюйгенс принципін, толқындардың шағылу және сыну заңын, жарықтың дисперциясын, механикалық толқындардың интерференциясын, жарықтың дифракциясын қайталап есте сақтау, оқушылардың білімдерін тексеру.
б) тәрбиелік: Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын электрлік қондыр-ғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзіндік көзқарасын танытып, пікір айтуға жаттығу, оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік техниканың ережелерін сақтауға дағдыландыру.
в) дамытушылық: Оқушының алдына күрделі сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетіл-діру. Танымдық дағдысын дамытып, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірімділік кестелер, плакаттағы суреттер, қаттамалар, Ньютон мен Гюйген суреттері.
Сабақтың құрал-жабдығы: суы бар стакан, таяқша, лампа, призма, линзалар, экран, суы бар ыдыс, штангенциркуль, дифракциялық тор және решетка.
Пайдаланған әдебиеттер: 11 сынып оқулығы, физика және астрономия ғылы-ми әдістемелік журнал, Д.Қазақбаева есептер шығару және күрделі есептер жина-ғы кітабы.
Пән аралық байланыс: астрономия, математика, алгебра, химия, тарих, гео-метрия, медициан.
Сабақтың түрі: танымдық дәстүрлі сабақ. Жүйелі оқу.
Сабақтың типі: өткен сабақты қайталау, білімді жинақтау, жүйелеу.
Сабақтың әдісі: а) жаңаша оқу әдісі.
ә) сұрақ-жауап әдісі.
б) топ, жеке, жұп, қатармен жұмыс.
в) тест.
г) оқушыларжауаптарына талдау жасау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
б) оқушылардыңпсихологиялық көңіл-күйін байқау.
в) оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

Үй жұмысын сұрау: қатармен жұмыс
1-ші қатар: Ньютонның корпускулалық теориясы мен Гюйгенстің толқындық теориясының айырмашылығы неде?
2-ші қатар: Жарық жылдамдығын өлшеудің астрономиялық тәсіліне түсінік беру.
3-ші қатар: Жарық жылдамдығын өлшеудің әдісіне түсінік бер.
Үй жұмысына талдау жасау.

Жаңа сабақ өту:
1. Сызба нұсқамен түсіндіру.
2. Толқындардың шағылу және сыну заңы.
3. Жарықтың дисперциясы.
4. Механикалық толқындардың интерфенциясы.
5. Механикалық толқындардың дифракциясы.


Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз
Категория: Физика | Добавил: Admin | Теги: сабақ, Жарық, оптика, толқындарын, физика, қайталау., бөлімі., ашық
Просмотров: 7751 | Загрузок: 1272 | Рейтинг: 2.6/21
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]