Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Апатты табиғат құбылыстары
[ Скачать с сервера (75.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
14.05.2013, 11:42
Күні: 3. 05. 2013 жыл.
Сыныбы: 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: «Апатты табиғат құбылыстары және олармен
күресу шаралары»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғи апаттар және апаттардың түрлері мен қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға өздерінің ондағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып , сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан жақты дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Пән аралық байланыс: биология, әдебиет, экология

Сабақтың көрнекілігі: табиғи және техногенді апаттардың түрлері, презентация, флипчарт, видео, атлас, кескін карта, оқушының жұмыс дәптері

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта оқушылардың қатысуын қадағалау;
Сынып оқушыларын топқа бөліп отырғызу.
Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;

ІІ. Өткен сабаққа шолу
Ойланайық!

Бұл ойында интерактивті тақтада әр тақырыпқа қатысты сұрақ берілген . Тақырып таңдау арқылы астында жасырылған сұраққа жауап беру керек.
Экологиялық апаттар: Тұран ойпатында орналасқан экологиялық аймаққа айналған теңіз.(Арал теңізі)
Адам – қоғам перзенті: Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған- туыстарын жинайды, қонақ етеді. Олар жас отауға тілек тілеп, әрқайсысы көмек көрсетеді. Керек жағдайда туыстары, жолдастары жаңа отбасына қажетті жағдай жасауға құлшына кіріседі. Бүкіл ағайындарының жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектесу дәстүрі қалай аталады? (Асар)
Табиғат: Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы құрылысы және көл жағасындағы мыс балқыту комбинаты осы көлдің тартылуына және ластануына алып келді. Бұл қай көл ? (Балқаш көлі)
Жер- ғарыш денесі: Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық, латынша « теңейткіш» деген сөз. Бұл сызық қалай аталады? (Экватор).
Геогафиялық нысан: Осы жазыққа көптеген ақындар өз шығармаларын арнаған, ертеде мал жайылымы ретінде қолданылған. Құрманғазы өз күйін осы жазықтың атымен атаған. Жазықтың атын жаз.(Сарыарқа)
Категория: География
Просмотров: 7162 | Загрузок: 544 | Рейтинг: 4.2/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]