Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы ашық сабақ + слайд шоу
[ Скачать с сервера (4.64 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
26.04.2012, 08:20
Білімділік:

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық
жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,
көлік кешендері туралы қосымша деректерді, картаны, оқулық текстін
пайдалана отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Дамыту:

Оқулықтағы сурет, сызба-схема, атласты, кестелерді пайдаланып қосымша деректермен
сарамандық жұмыс, тест орындау арқылы өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып,
оқушы ойын, қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен
шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақтың түрі:

Білім, іскерлік пен дағдыны қолдану,
дамыту мен бекіту
сабағы.

Сабақтың әдісі:

танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру иллюстративті (бейнелі), репродуктивті-жартылай ізденушілік, сұрақ-жауап, баяндау, пікір айту, шығармашылықпен жұмыс жасау.

І. "Миға шабуыл” стратегиясы Тест сұрақтары

1.Орталық Қазақстан неше облыспен шектеседі?
а) 9
ә)10
б) 4
2.Орталық Қазақстанда халықтың сирек қоныстанған ауданы?
а)Солтүстігі
ә) Батысы
б) Шығысы
3.О.Қ. қандай пайдалы қазбаға бай?
а)мұнай-газ,көмір
ә) көмір,мыс,маргенец
б) хром-никель
4.Қорғасын-мырыш өндіретін кәсіпорын қандай өндіріс бірлестігіне топтасқан?
а)Сарыарқа-полиметал
ә)Атасу-Аят
б) Теміртау-Қарағанды
5.О.Қ. экономикалық ауданының солтүстігі қандай мал шаруашылығын дамытуға қолайлы?
а)етті-сүтті ірі қара мен жылқы
ә) қой шаруашылығы
б)түйе шаруашылығы

І топ.●.Салыстырыңыз.Оқулық мәтінін және картаны (62және 123-сурет)пайдаланып,Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп топтарында қандай металл түрлерін балқытады (негізгісінің астын сызыңдар).Олар түсті металдың қандай тобына жатады?Комбинаттары қандай шикізат базасының негізінде жұмыс істеуде? Негізгі салалардың дамуына қандай салалар көмектесуде?Жұмыстың қорытындысын кестеге жазыңыздар. ІІ.топ.●. "Жүйрік ой”. Орталық Қазақстанның өнеркәсіп өнімдерінің жеке түрлерін шығаруы бойынша үлесі қандай?2004 жылғы дерек бойынша (қосымшаны пайдаланыңыз).Жауаптарыңызды өздеріңіздің есептеріңіз бойынша дұрыстығын пайызбен тексеріңіз.Қандай өндірістерді Орталық Қазақстанның мамандану аласына жатқызамыз.Ол үшін мамандану коэффицентінің формасын пайдаланып есептеңіздер.Нәтижесін төмендегі кестеге жазыңыздар. (кесте оқулық ІІ бөлім 141-бет). ІІІ топ.●.Дәлелдеңіз.Картаны қолданып (122-сурет)Орталық Қазақстанның ауа бассейні қандай өндіріс орындарының әсерінен ластануда?
Категория: География | Добавил: Admin
Просмотров: 15905 | Загрузок: 1295 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.4/43
Всего комментариев: 4
4 ruslan  
отличный материал

3 ruslan  
очень хорошый материал

2 Бибігүл  
материалды көшіре алмай жатырым

1 Admin  
Материал қалпына келтірілді енді жүктеп алуыныщға болады!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]