Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
[ Скачать с сервера (224.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
16.01.2013, 22:23
Ахмер орта мектебі, 2007 жыл. 
Сабақ тақырыбы: Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау. 
Сабақ мақсаты:  1. Құрмалас сөйлемді қайталау, бекіту; 
                             2. Өз өлкесінің табиғи әсемдігімен таныстыру; 
                             3. Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Сабақ көрнектілігі: ТҚ (ТСО) плакат жазуымен, кітап көрмесі, суреттер.

Сабақ барысы:

        

І. Ұйымдастыру кезеңі

                   1. Кім жоқ екенін анықтау

          2. Күннің аты, ауа райы, жыл мезгілі

 

ІІ. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

Эпиграфты оқып таныстыру: «Жері байдың елі бай»

 

ІІІ. Туған жер дегеніміз не?

 

       – Туған жер – өз үйің ғана тұрған жер емес, өз халқыңның кіндік қаны тамған , ата – бабаңның достар, салты қалыптасқан , тірлік қарекетін бастаған жер. Ал оның  кешесі, бүгіні, ертеңі туралы біз білуіміз керек. Сондықтан алтын бесік Алтай туралы, оның табиғаты, байлығы туралы сыр шертелік. Айтпақшы, Алтай деген сөздің мағынасын кімбіледі, кім айтады?

«Алтай» монғол тілінен қазақшаға аударғанда «алтын» деген мағына береді. Былайша айтқанда, «алтын тау». Халық жердің атауын оның негізгі қасиетіне қарай қойып отырған ғой. Алтай өзінің атына лайық байлыққа ежелден ие. Оның қойнауынан Менделеев кестесіндегі барлық металдар табылады (300 ден аса өзендер, 75 көлдер бар)

 

ІV. Алдын ала берілген тапсырма:

          1. Жұлдыз (қорықтар туралы)

          2. Алтынай (Шығыс Қазақстан экологиялық жағдайы)

 

V. Сөйлемдерді талдау (тақтада жазылған)

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай        бай ғой. Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе!

 

 

VI. «Жұбыңды тап» ойыны.

           Құмалас сөйлемдерді табу.

                  

Жаңбыр

көп жауса,

   

Егін мол

болады

           Карточка бойынша (мысалы)

 

 

 

 

 

 

 VII. Сөздік диктант (бірін – бірі тексеру)

           Табиғат, тіршілік, көктем, хабаршы, қамқорлық, қыс, жаз, күз, қар тоқтату, саябақ, жеміс ағаштары, емдік шөптер.

         VIII. Дебаты Дабыл.

1 топ: (Шығыс Қазақстанның табиғаты тамаша, ол қорғауды қажет етпейді. Экологиялық жағдайы жақсы.)

– Менің ойымша, табиғат өзін – өзі қорғайды, өзін – өзі толықтырады. Біздің қорғауымызды керек етпейді деп ойлаймын.

Тек айналамызды таза ұстау керек, көшеттер отырғызу керек. Мысалы, біз көктем сайын әр сынып көшеттер отырғызып, мектеп маңайын тазалап отырамыз.

2 топ  : (Шығыс Қазақстанның табиғаты тамаша, бірақ табиғатты қорғау керек, экологиялық жағдайы нашар.)

– Менің туған өлкем Шығыс Қазақстан. Шығыс қазақстанның табиғаты өте тамаша. Мұнда көк аспанмен таласқан әсем таулар,  тап– таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер бар.

Бұл ғажап өлкенің аң  – құстары мен қоса жер қойнауындағы қазба байлықтарын айтсаңызшы. Табиғат қазынасы қаншама мол болғанымен, ол шектеусіз емес. Оған аялы қамқорлық ауадай қажет.

Табиғатымызды қорғап, экологиялық жағдайын жақсартуымыз керек.

 ІХ. Кенді Алтайда, немесе Қазақстанның Швейцариясы деп        аталған жерде көптеген демалыс орындары бар. Қане

     атап жіберіңдер.

 – Емдік қасиеті бар, суы шипалы Рахман қайнары, Уба, Лениногор, Барлық – Арасан сияқты санаторий – курорттары, демалыс үйлері бар. Әртүрлі қорықтарымыз және бар.

Енді осы әсем өлкемізді басқа адамдармен қалай таныстырамыз, немесе қонаққа шақырамыз? Бір сөзбен айтқанда, «жарнама» дайындап жіберейік.

Х. Ән үйрену «Өр Алтай»

ХІ. Қорытындылау, теледидардан ШҚО табиғатын тамашалау.

Эпиграфқа қайта оралу, қорытындылау:

Жері байдың елі бай»

ХІІ. Үйге тапсырма

1.    Әнді жаттау

2.    Шығыс Қазақстанның табиғаты туралы айтып келу

ХІІІ. Баға қою.

Категория: География | Добавил: Admin | Теги: ашық сабақ, скачать бесплатно, Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қ, Реферат
Просмотров: 3824 | Загрузок: 312 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]