Главная » Файлы » Ашық Сабақтар - Открытый урок » Химия



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы
[ Скачать с сервера (24.6Kb) ] Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 18.03.2013, 21:06
Пәні:Химия
Сыныбы: 8 "Б”
Өткізілген күні: 06.03.2013, сағат 8:50-9:35
I.Сабақтың тақырыбы:§58. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы.
II.Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Дәріс,сұрақ-жауап,сұхбат.
III.Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту.
Дамытушылығы:Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру.
Тәрбиелігі: Химия білімдерін тереңдете отырып химиялық элементер жүйесін, оның құрылысын,заңдылықтарын білуге, пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.
IV.Көрнекілігі: Периодтық кесте,үлестірмелі қағаздар,слайд.
V.Пән аралық байланыс:физика.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер. 1.Н.Нұрахметов,К.Сарманова,К.Жексембина.
Химия 8 сынып Алматы-2008
2. С. Ж. Пірәлиев, Б. М. Бутин, Г. М. Байназарова, С. Ж. Жайлау
Жалпы химия Ітом Алматы-2003
3. Интернет ақпарат көздері
VII. Сабақ мазмұны мен өту барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі(2мин).
1 кезең: сәлемдесу
2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу
3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау
4 кезең : оқушылар көңілін аударту
2.Үй тапсырмасын сұрау(15мин). :§57. Атомдардағы электрондардың қозғалысы.
Өткен тақырыптарға пысықтау сұрақтары:
1.Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?
2.Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.
3.Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
4.Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
5.ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?
6.Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 4-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?
7.Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?
8.Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?
9.Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элементтерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?
10.Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
3.Жаңа сабақ түсіндіру(15мин). §57. Атомдардағы электрондардың қозғалысы.
Жоспары:

Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.
1.Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.
2.Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?
3.Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?
4.Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?
Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.
Категория: Химия
Просмотров: 6649 | Загрузок: 745 | Рейтинг: 5.0/1
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]