Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Көңілді тапқыштар
[ Скачать с сервера (2.93 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Химия]
29.03.2013, 13:16
Көңілді тапқыштар.
Жоспары:
1.Сәлемдесу.
2.Химияның тарихынан мәліметтер.
3.Химиялық жарыс «Кім тез» ойыны.
4.Викториналық сұрақтар.
5.Көрініс
6.Сөз жұмбақтар
7.Қорытындылау,музыкалық бөлім.

1.Сәлемдесу
Ұстаз: Құрметті шәкірттер,ардақты ұстаздар,қадірлі ата-аналар,сіздерді химия күнімен құттықтаймын.Сіздерге арналған химиялық кешті ашық деп жариялаймыз.Оқушылар өздерінің өнерін көрсетеді.
Табиғатың сәніне
Таңғалтып мол әніне
Жақсы лебіз білдірсін
Жаратылыс пәні де
Биология:
Сәлем жасқа,кәріге! Жан-жануар,құс,балық...
Ән қостыңдар әріме! Бәрінде бар құштарлық
Табиғаттың бөлшегі- Жаратылыс көркіне
Жамиғаттың бәрі де Жасалмасын дұшпандық.
Жарқырап күн нұрланып, Бақ көп,тоғай,омандар....
Жайнады тал бүр жарып, Бақ боп соған орнаңдар,
Байқалып тұр бар даму Таңғажайып көркейсін
Жайқалып гүл ырғалып Табиғатты қорғаңдар!

Ұстаз:
Элементі қыруар
Ерекше мол сыры бар
Химияға сөз берем:
Қисындарын ұғыңдар!
Химия:
Сәлем,білгіш ағайын! Өңірге у толмасын
Әлем сырын-табайын Өсімдіктер солмасын.
Оқып,біліп алыңдар, Коррозия жоқ болсын,
Ойларыңа салайын Оқты досқа атпаңдар!
Киімнің де ,астың да Отты босқа жақпаңдар!
Метелдың да,тастың да Тоздырмай бар әлемді,
Менмін – тегін үйретер Толығымен сақтаңдар!
Ғылымдағы бас тұлға.
2.Химия тарихынан мәліметтер.
Химия ғылымы бұл дүниедегі бір заттың екінші бір затқа айналуын зерттейтін ғылым.Соған байланысты біз бірнеше жаңа мәліметтерді көруімізге болады.
Мысалы:Галогендерді алатын болсақ,онла сыртқы энергетикалық деңгейінде жеті электрон бар.Олар барлық уақытта екі атомдық молекуладіз байланысты болады.Жай кезде олар газдар,олардың қайнау және балқу температурасы төмен.
3. «Кім тез» ойыны
Берілген суреттер бойынша «Кім тез» ойынын жүргізуге болады.Ол үшін мына суреттердің кім қатесін дұрыс тауып түсіндірсе,сол жеңіп шығады.


4.Викториналық сұрақтар.
1.Қай өсімдіктің гүлі Коста-Рика республикасының ұлтттық эмблемасы болып табылады. (Орхидея)
2.Сүмбілді неге «Жаңбыр гүлі» деп атайды (Себебі:ол жаңбырдан кейін өседі)
3.Қай құстың құйрығы орыстың музыкалық аспабына ұқсайды. (Лира құйрық)
4.Фотосинтез кезінде өсімдікте не пайда болады. ( Қант,крахмал)
5.Қандай химиялық элемент светтің құрамында болады.(Вольфрам)
6.Қандай химиялық қосылыс адам тұрмысында жиі қолданылады. (Ас тұзы)
7.Күннен табылған элемент (Гелий)
8.Ең жұмсақ металл (Натрий)
9.Тек совет өкіметінде емес,сонымен қатар шет елде әйгілі ұлы орыс химигі (Д.И.Менделеев)
10.Қандай сүтте сүт жоқ. (Ізбес сүтінде)
11.Қандай майды жеуге болмайды. (Купорос майы)
12.Қандай ұннан нан пісіруге болмайды. (Фосфор ұны)
13.Қандай қышқыл дезинфекциялаушы (Бор қышқылы)
5.Көрініс «Химия мен биология» сабағында.
6.Сөз жұмбақтарды шешу


Ақыл –алтын сандық
Темір тау.Күміс қоңырау.

Жұмбақ- сурет «15 құс»
Мұнда жұмбақталған 15 құстың атын табу.Оны табу үшін суреттер мен кішкентай дөңгелекшелерді дұрыс пайдалану.Ол қандай құстар?


Мына тор көздерге тігінен жеті химиялық элементті дұрыс орналастырып шықса,айрықша көрсетілген тор көзден атақты орыс химигінің аты-жөнін оқуға болады.Химиялық элементтер қалай аталады?Ал ғалымның аты-жөні кім?

Ұстаз:
Сәлем,әнші халайық»
Кәне,көпке лайық.
Әуезді де көңілді.
Әсем әнге салайқ.
Хор:
Отан- біздің анамыз,
Отан сүйген баламыз.
Шалқып білім күнінде
Шаттық әнге саламыз
Қайырмасы
Гүлден,Отан-анамыз
Біз-бағбаның боламыз!...
Әрбір ісі-жыр аңыз,
рекетшіл ұланбыз.
Өнер,білім шыңына
Өрлеп,биік шығамыз.
Қайырмасы
Гүлден,Отан-анамыз
Біз-бағбаның боламыз!...
Категория: Химия
Просмотров: 7404 | Загрузок: 480 | Рейтинг: 3.7/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]