Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

14 санына бөлінгіштік белгісі
[ Скачать с сервера (104.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
02.03.2015, 19:10

Сыныбы: 5в
Уақыты: 24.01.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: «14 бөлінгіштік белгісі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды 2 және 7-ге бөлінгіштік белгілерін пайдалана отырып, 14 бөлінгіштік белгісін білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғанының ақыл –ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйретуге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың математика мәдениеттілігі мен матемтатикалық іс – әрекеттер арқылы ерлікке, төзімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, топпен сайыс есептерін, тапсырмалар орындату.
Пәнаралық байланыс: педагогика, психология, география, ағылшын.
Сабақтың көрнекілігі: слайд көрсетілімдері, activstudio, net control.
Сабақтың барысы: Оқушыларды сабаққа жан –жақты даярлау.Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп дұрыс отыруына назар аудару.
Сабағымызды сайыс түрінде жүргіземіз. Атом молекуласы тренингі бойынша 3 топқа бөлінеді.
Оқушылар енді біз осыған дейін өткен бөлінгіштік белгілерін қайталап өтсек.
ІІ. Жаңа материалды ашу
Егер берілген сан 2-ге және 7-ге бөлінсе, онда берілген сан да 14-ке бөлінеді.
Мысалы: 45612 саны 2-ге және 7-ге де бөлінеде, онда берілген сан да 14-ке бөлінеді.
Жаттығу есептері: 294; 686 сандарының 14-ке бөлінетінін дәлелде.
250; 432; 567; 3400; 6524; 342; 108; 364; 714; 3213; 5643; 540; 1416; 294; 686; 615; 1440 сандарының арасынан:
1) 2; 2) 12; 3) 14; 4) 3 және 9; 5) 5 және 10; 6) 4 және 8 сандарына бөлінетін сандарды теріп жазыңыз.
Интерактивті тақтада орындалады.
2 14 3 және 9



Енді оқушылар осы 14 санына байланысты ой қозғайық. Сізге мынадай сұрақ: Қазақстан Республикасында 14 облыс бар. Сол облыстарға саяхат жасайық. БҚО, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, СҚО.

БҚО – Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні 4-ке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? /Х=7/
Ақтөбе - мына сандардан 14-ке бөлінетін сандар құрастырыңыздар.
Атырау – 14 санына байланысты бізде қандай мейрам бар?
Маңғыстау – төмендегі сандарды үш тілде айтып беріңіз: 2, 7, 14, 5, 11.
Қызылорда – селодан қалаға дейін велосипедші 20км/сағ жылдамдықпен, ал қайтар жолда 10км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын табыңыз.
ОҚО – сурет беріледі. Сурет бойынша сұраққа жауап беріңіз.
Жамбыл – сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша?
Алматы - 14 бала кездесіп, бір-бірімен қол алысты. Олар бір-бірімен неше рет қол алысты?
ШҚО - Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
Қарағанды - Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
Қостанай - Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
Ақмола - Өзара кері сандардың көбейтіндісі? /1/
Павлодар - Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? /натурал сандар/
Сқ - Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңыз? /апта күндері/
Сергіту сәті.
Қағаз бетшесінде төмендегі жазбаны жазып
1000
30
1000
40
1000
20
1000
10
Барлық сандарды қағаз бен жауып ,жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отыра ,оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек,сонда оқушы жауабын айтады.Оқушы дұрыс есептей алдыма ?
(көбінесе оқушылар 5000 деп айтады,ал шындығында жауабы 4100)
Тест.
1. Мына сандардың ішінен 4-ке бөлінетін сандарды белгілеңіз.
А) 124; 103456; 7148
Ә) 629; 415; 29053
Б) 5643; 344561; 122
2. 12-ге бөлінгіштік белгісі дегеніміз ....
А) егер берілген сан 3-ке және 4-ке бөлінсе, онда берілген сан да 12-ге де бөлінеді.
Ә) егер берілген сан 2-ге және 3-ке бөлінсе, онда берілген сан да 12-ге де бөлінеді.
Б) егер берілген санның соңғы үш орынды саны 8-ге бөлінсе, ол сан 12-ге бөлінеді.
3. Берілген санның жұп орындағы цифрларының қосындысы мен тақ орындағы цифрларының қосындысының айырмасы не нөлге нмесе сол санға бөлінетін сан.
А) 11-ге бөлінгіштік белгісі
Ә) 12-ге бөлінгіштік белгісі.
Б) 13-ке бөлінгіштік белгісі.
4. 2-ге бөлінгіштік белгісі.
А) сан жұп 0,2,4,6,8 цифрларымен аяқталса ғана 2-ге бөлінеді.
ә) егер санның цифрларының қосындысы 2-ге бөлінсе, тек сонда ғана ол сан 2-ге бөлінеді.
Б) егер берілген санның соңғы үш орынды саны 2-ге бөлінсе, ол сан 2-ге бөлінеді.
5. Төмендегі сандардың ішінен 11-ге бөлінетін санды табыңыз.
А) 345796
Ә) 61671142
Б) 89737
6. 216 саны 6-ға бөліне ме?
А) иә, жауабында 36 саны шығады.
Ә) иә, жауабында 26 саны шығады.
Б) жоқ, бөлінбейді.
Үйге тапсырма. Бөлінгіштік белгілеріне сөзжұмбақ құрастыру.
Қорытынды. Смайликтер арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Категория: Математика | Добавил: aidoka
Просмотров: 2773 | Загрузок: 90 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]