Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ашық сабақ логикалық сайыстар + слайд шоу
[ Скачать с сервера (308.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
21.02.2012, 18:51
Тақырыбы: Логикалық есептер сайысы

Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: асық, пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке,

Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Логикалық есептер» сайысын
Бастаймыз!
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
/Дауыс/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы Елтай орта мектебі аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/
1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
Блиц-турнир
1-топ:
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

2-топ:
1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
2 - аялдама: Тапқырлар патшалығы
Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жаубын парақтардан табасыңдар. Есептердің мәндерін суретті жинау керек - 1 ұпай. Суретте кім бейнеленгенін шешсеңдер тағы – 1 ұпай саны қосылады.


Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз
Категория: Математика | Добавил: Admin | Теги: сабақ, шоу, сайыстар, слайд, логикалық, математика, ашық
Просмотров: 77851 | Загрузок: 4028 | Комментарии: 12 | Рейтинг: 3.3/356
Всего комментариев: 121 2 »
12 жанар  
маған сабағыныз ұнады рахмет

11 Сауле  
бала бакшага арналган логикалык математикага слайд-шоумен баяндамаларыныз болса жибериниздерши улкен отиниш

10 зарина  
қалай жүктеуге болады

9 маржан  
жақсы құрылған сабақ

8 МОЛДИР  
УФ

7 МОЛДИР  
КЕШІРІНІЗ ЖАУАП ЖОҚ ҚОЙ

6 МОЛДИР  
МАТЕМАТИКАДАН ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ:

5 Карлыга  
Айару

4 Admin  
мы восстановили работу! happy

3 жайнагул  
сіздің сабағыңыз ұнады

1-10 11-12
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]