Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кім алғыр?
[ Скачать с сервера (14.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
27.01.2013, 12:14
Ашық сабақ математика 5 сынып. " Ондық бөлщектерге амалдар қолдану"
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер, оларды қосу және азайту, көбейту және бөлу тақырыптары бойынша алынған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Осы талаптарды жүзеге асыру барысында ойын түрлерiн пайдалану
Типі: Пысықтау сабағы.
Түрі: Қайталау-ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі. Слайдтар, флипчаттар, лабиринт ойыны, перфокарталар, түрлі-түсті конверттер, сабақ жоспары, бақылау парағы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырукезеңі
1.Дайындық кезеңі: Көңіл-күйің қандай
Оқушылар өз көңіл-күйлерін тамаша, жақсы, жабырқау деп бақылау парақтарына белгілейді.
Бүгінгі күнді дәптерлерімізге жазып қоялық.
Құрметті оқушылар біз бүгін қарақшылармен бірнеше ондық айлақтарынан өтеміз .
2.Қайталау айлағы: ауызша
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз
1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз
2. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз
3. Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз
4. Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз
5. Ал енді өздерің сабақтың мақсатын айтып көріңдерші:
Слайд
3.Келесі көңіл-күйімізді көтеру үшін сабақ басында Қызықты айлақтың қызықты есептеріне жауап берейік, ал сыйлық ретінде мультфильм көреміз.
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)

4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

Автор материала: Журдикан Ардагул
Категория: Математика
Просмотров: 4542 | Загрузок: 587 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.2/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]