Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбына есептер шығарту (ашық сабақ)
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
21.02.2012, 19:57
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбына есептер шығарту. Әміреева Г.С. Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбына есептер шығарту
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу алгоритмдеріне бай-ланысты ережелері мен қасиеттерін меңгеріп, есептер шығаруды қолдана білу.
2. Тәрбиелілік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын да-мыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Оқыту әдістері: Сұрақ-жауап, есептер шығару, тест алуда дидактикалық материалдарын ізгілендіру, деңгейлеп оқыту техникасын қолдану.
Көрнекілік: Сұрақтар, формулалар, тест жұмыстары (интерактивті тақта)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (2 мин) оқушылардың сабаққа дайынды-ғын, қатысуын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (№270, 271)
3. «Бәйге» ойыны (сұрақ, жауап арқылы өткенді қайталап қорытындылау) (7 мин)
4. «Жауабыңды сәйкестендір» (№273 есеп бойынша)
5. «Өзіңді тексер» (Деңгейлік тапсырмалар)
6. «Жұмбақтар» сайысы
7. Тест тапсырмалары
8. Қорытындылау, үйге тапсырма беру, оқушыларды бағалау.
Сабақтың мақсатын айту, сабақты өту ережесімен таныстыру, сабақты ойын түрінде өткізу.
Бүгінгі сабағымыз 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Бәйге» ойыны.
Бәйге ойыны – ат жарысы. Оған жүйрік бапталған атпен шабандоздар қатыс-қан. Ал біздің мақсатымыз: өткен материалға байланысты қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз
Категория: Математика | Добавил: Admin | Теги: бөлу, Рационал, көбейту, және, есептер, сабақ), (ашық, бөлшектерді, шығарту, тақырыбына
Просмотров: 6221 | Загрузок: 1151 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.4/18
Всего комментариев: 1
1 Дина  
сабақ мазмұны ұнады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]