Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жай бөлшектерді көбейту ашық сабақ
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
21.02.2012, 19:11
Қарабалаева Салтанат Алтайқызы,
Шымкент қаласы, Циолковский
атындағы №84 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану.

1) ережесін жатқа білу, қолдана алу.
2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шыға-рудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденіс-терін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне доста-рына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-конспект жазылған плакаттар, тест, логикалық есептер және сөзжұмбақтар жазылған кесте карточкалар, бағалау кестелері, төс белгілері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: І. Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
ІІ. Ой толғау: Нені білгіміз келеді?
ІІІ. Ой қорытыу: Нені білдік?
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру.
ІІІ. Бүгінгі сабақ топтық сайыс ойын сабағы екенін хабарлау. Оқушы-ларды үш топқа бөлу.
І-топ: Дұрыс бөлшек. Топ басшысы Әлімбеков Тайырбек.
ІІ-топ: Бұрыс бөлшек. Топ басшысы Сындар Данияр.
ІІІ-топ: Аралас сан. Топ басшысы: Ыдырысов Қуаныш.
Әр топ бөлшектерге анықтама беріп, өз аттарын қорғайды.
IV. Өткен сабақты пысықтау үшін қайталауға тест беріледі. Әр топтағы оқушылар өздерінің нөмірі бойынша тесттегі есептерді шығарады. Мұғалім ауыз-ша жауаптарын тексереді. Дұрыс жауаптар бойынша ұпай жинайды.
Тест (қайталау)
Категория: Математика | Добавил: Admin | Теги: сабақ, Жай, көбейту, бөлшектерді, математика, ашық
Просмотров: 6221 | Загрузок: 1087 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.1/9
Всего комментариев: 1
1 Лайла  
толық нұсқасы бола ма

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]