Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Күз ханзадасымен ханшайымы. Сайыс сабақ.
[ Скачать с сервера (50.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
05.09.2016, 14:44

Күз ханзадасымен ханшайымы. Сайыс, 7 сынып. (сценарий)

Мерей:

Көк аспаным мөлдіреп,

Шуақты көзім елжіреп

Асыр салып жүретін

Сары көйлегім желбіреп,

Айтшы Ерәділ

Бұл қай мезгілдің келгені.

Ерәділ:

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз

Мерей ,бұл Алтын күздің келгені.

Мерей: - Армысыздар Қымбатты мырзалар мен ханымдар!

Ерәділ: - Қайырлы күн, Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Мерей: - Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көші де егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

Ерәділ:  Олай болса, бүгінгі «Күз ханзадасымен ханшайымы» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырамыз.

Мерей: Қарсы алыңыздар! Бүгінгі сайысымыздың ханзадалары мен ханшайымдарын

1-жұп : Зұлқарнай  мен Гүлсезім

2-жұп : Бекарыс пен Аружан

3 – жұп: Диас пен Әсемай

2- жүргізуші: «Күз ханзадасымен ханшайымы»  байқауының үміткерлеріне ақ жол тілеп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.

Мерей:

 Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші

«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші

Әділқазы алқасынан әділдікті

Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық

 

 

Ерәділ: Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар

Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Кел танысайық» (жұптар өздерін таныстырады)

2-кезең : Ситуациялық сұрақтар

3- кезең: «Өнерлі бала – елдің көркі» (әртүрлі жанырда өнер көрсетеді)

4-кезең: «Сұлулық сыры» (қолдан тігілген жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады)

5- кезең: Ханзадамен ханшайым әзірлемесі (жұптар бірігіп салат жасайды)

6- кезең: Қорытынды (Марапаттау)

Мерей:

Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.

Ерәділ: Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» жұптарымыз  өздерін таныстырады.

Мерей: Әділ қазылар алқасы әр сайыс сайын ұпай сандарынызды көрсетіп отырсаңыздар.

Ерәділ:  Олай болса, «Кел танысайық» бөлімі бойынша ұпай сандарыңыз

1-жұп : Зұлқарнай мен Гүлсезім_______________________________

Мерей: 2-жұп : Бекарыс пен Аружан________________________

Ерәділ:  3 – жұп: Диас пен Әсемай__________________________

Мерей:

Күз келді, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды

Барша жұртты шақырды

Би де билеп ән айтты.

Қуаныштан шалқыды.

Ханзадаралымыз бен ханшайымымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөлімі «Ситуациялық сұрақтарға» кезек берейік.

Ерәділ:  Жұптарымыздың осы кезең бойынша бағасы

Мерей: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би - билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп «Өнерлі бала – елдің көркі» сайысына кезек береміз.

Ерәділ:  Бұл кезеңде жұптар әр түрлі жанырда өнер көрсетеді, ендеше көп созбай жұптарымызға кезек берейік

Мерей: Ой шіркін,біздің жігіттеріміз бен қыздарымыз өнерлі екен,өнерлеріңіз өрге жүзсін достарым!

Ерәділ: Ал, ендеше қазылар алқасының ұпай санын көрсек

1-жұп : _______________________________

Мерей: 2-жұп : ________________________

Ерәділ:  3 – жұп: __________________________

Мерей: Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезегімізге өтейік.

Ерәділ:  Сынбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сай келіп, дайын тұрған

Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын

Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

 «Сұлулық сыры»  кезеңі бойынша,сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!

Мерей: Ерәділ байқайсын ба? Біздің достарымыз өздерінің сан қырлы өнерлері бар екенін әр сайыс сайын дәлелдеуде

Ерәділ: Ия, Мерей  сенімен келісемін.Міне «Сұлулық сыры» кезеңі бойыншада өздерінің тіккен ерекше сәнді киімдерін көрсетіп жатыр,оның өзі біз үшін мақтаныш емес пе?!

Мерей: Ия...ия жарайсындар достар!Ендеше осы кезең бойынша қазылар алқасы не дейді екен, ұпай сандарыңызды берсеңіздер!

Ерәділ: 1-жұп : ___________________________

2-жұп : ________________________

3 – жұп: __________________________

Мерей: Ерәділ, міне бесінші кезеңге де келіп жеттік.

Ерәділ: Ия Мерей...Бұл кезеңнің ерекшелігін айтайын ба?!

Мерей: Әрине айта ғой...

Ерәділ:Бұл кезеңде жұптарымыз өздерінің қандай аспаз екендерін дәлелдейді.Жұптарымыз бірігіп сәнді де,дәмді салат жасайды

Мерей: Ммм...солай де,ендеше әңгімемізді көп созбай жұптарымызға кезек берейік те.

Ерәділ: Ия оларда күтіп қалған шығар, өздеріңіздің салаттарыңызды бастай беріңіздер олай болса

Мерей: Салат жасауға 7минут уақыт береміз

Ерәділ: Достар сіздерге берген уақытымызда аяқталды, салаттарыңызды қазылар алқасының алдына апарсаңыздар.

Мерей: Ол кісілер сіздердің салаттарыңыздың дәмдерін және қайсысы тиянақты жасалған соған баға береді

Ерәділ:Ендеше қазылар алқасына сөз берсек, ұпай сандарын айтып кетіңіздер

Мерей: Сонымен Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайықты жігіттерімізбен

Ерәділ: Сыпайы да мейірбанды , ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.

Мерей: Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін

Қатысу да бар жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Ерәділ: Келешекте әрі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар

Өнерлілер көбейсін күннен –күнге

Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Күз ханзадасымен ханшайымы» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

Ерәділ: Қымбатты көрермендер!

Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз?

Мерей: Жеңісті күндерде кездескенше достар!

Категория: Мерекелік іс шаралар | Добавил: Admin
Просмотров: 2882 | Загрузок: 59 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]